А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет66/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бір бөлімді қарын – құрсақ қуысында, көкеттен кейін көлденеңінен 
орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Жүрекке (kardia) 
жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік — деп 
атайды. Қарынның оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада, қарын 
жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus) болады. 
Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпақшалық (пилорустык) бөлікдейді. 
Қарынның кардиальды және пилорикалық бөліктері аралықтарындағы негізгі 
бөлігін қарын түбі (fundus)немесе қарынның фундальды бөлігі— деп атайды. 
Қарынның алдыңғы қабырғалық беті(facies parietalis) бауыр және көктпен, 
артқы висцеральды беті(facies visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның 
жоғарғы алдыңғы жағында қарынның кіші иіні(curvatura ventriculi minor), ал 
төменгі артқы жағында қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi major) болады. 
Осы аталған иіндерден кіші және үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі 
қабат сірлі қабықтанқұралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дәнекер 
ұлпасымен қоректендіруші қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. 
Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды көкбауыржәне 
ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түтікше мүше ретінде үш: ішкі 
кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы сірлі қабықтардантұрады. Бір бөлімді безді 
қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен 
астарланған. Бездіқарынныңкілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін 
кардиальды безді аймақ (glandulae cardiaci), фундальды безді аймақ (glandulae 
gastricae (propriae)) және пилорустық безді аймақ (glandulae pyloricae) болады. 
Бір бөлімді аралас қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағын көпқабатты 


112 
жалпақ эпителий, ал безді аймағын бірқабатты призма тәрізді эпителий 
астарлайды. Кілегейлі безді аймақтың өзі бездерінің құрылысына сәйкес 
кардиальды, фундальды және пилорустық бөліктерге бөлінеді. Итте бір бөлімді 
безді қарын, жылқы мен шошқада бір бөлімді аралас қарын.
Қарын түбі кілегейлі қабығының ішкі бетінде фундальды без өзектері 
ашылатын ұсақ қарын шұнқырлары көрінеді. Аш қарынның кілегейлі 
қабығының ішкі беті қатпарланып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет