А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет67/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

39 - суретҚарынның безді аймағының сұлбасы 
 
Ерекшеліктері: Жылқы қарны бір бөлімді өңеш-ішек типтес немесе аралас 
қарын түріне жатады. Оның сыйымдылығы орта есеппен 15 литр. Қарынның 
сол жақ ұшында, оның үлкен иінінен жоғары бағытта көтеріліп шығып тұратын 
тұйық қапшығы (saccus cecus) болады. Бұл қапшықтың қарындағы осылай 
орналасуы өңештің қарынға бұрыш жасай қиғаштанып енуіне әсерін тигізеді. 
Нәтижесінде жылқы қарнының кіші иіні кішірейіп, терең үңгіленіп, бұрыштық 
ойық (incisura angularis) жасайды. Қарын қақпақшасының қысқыш етті 
аумағындағы қақпақша сайдың (sulcus pyloricus) алдында, негізі етті сақинадан 
түзілген, қақпақшаалдылық сай (sulcus praepyloricus) болады. Бұл сайлар 
аралығында қақпақша кіреберісі (antrum pyloricum) орналасады. Қарынның 
кілегейлі қабығының ішкі бетін қатпарлы жиек (margo plicatus) екіге бөледі. 
Қарын толығымен қүрсақ қуысының сол қабырғаастылық аумағында 
орналасады. 


113 
Шошқаныңқарны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады. Кіреберіс 
маңындағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы(дивертикул) - болады. 
Кілегейлі қабығының безсіз бөлігі онша көлемді емес. Ол тек қарын 
кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана аралықта жатады. Кілегейлі қабықтың 
қалғаны безді бөлік. Ол кардиальды, фундальды және пилорикалық аймақтарға 
бөлінеді. Бұлардың ішінде көлемдісі кардиальды безді аймақ. Қарын 
қақпашасын (пилорусты) үлкен иін жағынан жарты ай тәрізді қорғанша жастық
кіші иін жағынам түймеше жастықтүзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері 
аралығында жатады. Қарын құрсақ қуысының сол жақ қабырғаастылық және 
семсерше аумақтарында, 11-12 қабырға тұсында орналасады. Кейде қарын 
азыққа толған кезде, ол оң қабырғаастылық аумаққа сәл ғана ығысуы мүмкін. 
 Иттің қарны бір бөлімді безді қарындар түріне жатады. Үлкен шарбы 
құрсақ қабырғасының вентральды бетіне жанасып, оны ішек ілмектерінен бөліп 
тұрады. Үлкен шарбының осылай орналасуы ішек ілмектеріне суық тиюден 
сақтайды. Иттер сызды суык жерлерге бауырын төсеп жата береді. Қарын 
құрсақ куысының сол қабырғаастылық және семсерше өсінді аумақтарында, 9-
12-інші қабырғааралық тұстарда орналасады. Оң қабырғаастылық аумақта 
қарынның тек пилорустық бөлігі ғана жатуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет