А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Негізгі лимфа тамырлары мен топографиясын атап кетіңіз 
2 Оң лимфа бағаны 
 
20 Қан жасау мүшелері
 
Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінде қан торшаларының 
түзілу процесі жүреді. Сонымен қатар, бұлардағы макрофагтар мен 
иммундыхабардар (иммунокомпонентті) торшалар организмге түскен бөгде 
заттар мен бөлшектерді, микроорганизмдерді, тіршілігі тоқтаған торшалар 
қалдықтарын жою арқылы қорғаныс қызметін де атқарады.
 
20.1 Көкбауыр, айырша без бен сүйектің қызыл кемігі майы 
Сабақтың мақсаты: Көкбауыр, айырша без бен сүйектің қызыл кемігі майын 
игеру 


214 
Көкбауыр —lien —жануарлардың құрсақ қуысында, бірбөлімді қарынның 
үлкен иінінде, көпбөлімді қарынның мес қарынына жанаса орналасқан, пішіні 
ұзынша доғалдау келген, көкшіл қызыл-қоңыр түсті шеткі қан жасау және 
қорғаныс мүшесі. Көкбауырда организмге сырттан түскен әр түрлі антигендер, 
ескіріп қызметінен айырылған эритроциттер мен қан табақшалары жойылады. 
Ыдырап жойылған эритроциттер құрамындағы гемоглобиннен биллирубин мен 
құрамында темір бар трансферрин түзіледі. Биллирубин бауырға өтіп, өт 
пигменттеріне айналады. Ал темірлі трансферринді макрофагтар өздеріне 
сіңіріп алып, қайтадан жаңа эритроциттерді түзу процесін темірмен қамтамасыз 
ету үшін, сүйектің қызыл кемігі майына тасымалдайды. Бұнымен қатар, 
организмдегі торшалықжәне сұйықтық иммунитеттердің қалыптасуына 
қатысып, сүйек майларындағы эритроциттердің түзілу процесі деңгейін 
төмендететін биологиялық белсенді зат бөледі. Көкбауырдың лимфа 
түйіншелеріндегі Т — және В — аймақтарда тиісті антигендерге қарсы дамып 
жетілген эффекторлы Т — және В — лимфоциттер мен иммунды-глобулиндер 
түзетін плазмоциттер дамиды. Қалыпты жағдайда организмдегі қанның 10% -ы 
көкбауырда қорланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет