217
Жұлынның сұр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке
талшықтары және
нейроглиялық құрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын бөліктерге
бөлінеді. Сұр заттың дорсальды мүйізінде: кеуекті қабат,
желатин тәрізді зат,
дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы және кеуде ядросы бөліктері ажыратылады.
Жұлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың
аралықтарындағы тіректік қызмет атқаратын нейроглиядан құралған. Миелинді
жүйке талшықтары жұлын сегменттерін жалғастыратын қысқа өткізгіш
жолдарды және жұлын сегменттерін ми бөлімдерімен байланыстыратын ұзын
өткізгіш жолдарды жасайды. Жүйке толқынын өткізу бағыттарына қарай, олар
орталыққа тепкіш (афферентті) және орталықтан тепкіш (эфферентті) өткізгіш
жолдар болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: