220
жұлынның дорсальды мүйізінің
нейроциттері ядроларына ұқсас, яғни бұл
ядролардың нейроциттерінде жұлынның ақ затының дорсальды сезімтал
арқаншаларының құрамында ми діңгегіне келген жұлын ганглийлері
рецепторлы нейроциттерінің аксондары
және бас аумағындағы ми
жүйкелерінің бойында орналасқан сезімтал ганглийлердегі (айшықты,
тобықтық, тастық) рецепторлы нейроциттердің аксондары синапс арқылы
аяқталады.
Эффекторлы ядроларының нейроциттеріжұлынның вентральды
мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттеріне ұқсас.
Олардың аксондары
эффекторлы
жүйкенейроциттердің ассоциагивті ядролары(көру төмпегі, тісті
ядро, олива т.б.) орналасады. Бұл байланыстырғыш ядролар жұлыннан және ми
діңгегінен келген жүйке толқындарын үлкен ми қыртысына, ал ми қыртысынан
кері төмен қайтқан орталықтан тепкіш жүйке импульстерін, керісінше, ми
діңгегіне, одан әрі жұлынға өткізеді.
Ми (головной мозг) — encephalon — тірі жануарлар организмдері
мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлесімді реттеп, барлықжүйкелік
процестердің іс жүзіне асуын үздіксіз бақылап отыратын жүйке жүйесінің
орталық мүшесі. Ол бассүйектің ми сауыты бөлімінде
орналасқан жұлынның
бас аумағындағы жалғасы. Ми көлденең саңылау арқылы
үлкен ми(cerebrum)
және
ромб тәрізді ми(rhombencephalon) болып екіге бөлінеді. Үлкен ми өз
кезегінде
ортаңғы ми, аралық ми және
соңғы ми, ал ромб тәрізді ми
сопақша
және
артқы ми бөлімдеріне бөлінеді. Артқы ми
мишықтан және
ми көпірінен
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: