А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет18/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Төменгі жақсүйегі - os mandibulare ,сиырларда самай сүйегінің бет өсіндісімен 
жалғасады(сурет 10). Онда тіс ұялары орналасқан денені - corpus mandibulare 
және жақты - rami mandibulare ажыратады. Денеде тұмсық бөлімі pars incisive 
мен ұрт бөлімін - pars molaris ажыратады. Тұмсық бөлімінде екі бет орналасқан: 
сыртқы иек тесігі -facies mentalis мен ішкі ойыс тілдік беті - fades lingualis. 
Альвеоларлық шеті - margo alveolaris тіссіз шетке -margo interalveolaris өтеді. 
Сүйектің латеральды бетінде үлкен шайнау бұлшықетінің ойысы - fossa 
masseterica, ал медиальды бетінде қанатша бұлшық ет ойысы - fossa pretygoiea 
орналасады. Төменгі жақ сүйегі екі өсіндімен аяқталады: бұлшық ет өсіндімен - 
processus muscularis,буынды өсінді алға шығады - processus articularis.Қанатша 
тәріздес шұңқырда төменгі жақ тесігі -foramen mandibulares төменгі жақ 
сүйегінің каналына canalis mandibularis өткізеді. Осы канал иек асты тесігімен 
foramen mentalis аяқталады. Жақсүйек бұтағының төменгі бөлімінде 
дөңгеленген жақсүйек бұрышы angulus mandibularae деп аталады. 
Ерекшеліктері: жылқыларда төменгі жақ сүйектері өте ерте жасында бір 
сүйекке тұтасып өседі. Буынды ойығы терең. Бұлшық ет өсіндісі үлкен, жақ 
сүйек бұрышы жуандалған және дөңгеленген. Шошқаларда бұлшық ет өсіндісі 
биіктігі буынды өсіндісімен бірдей, буынды өсінді ұш бұрышты, пішіні 
дөңестенген, сүйектің денесінде бірнеше иекті тесіктер бар. Иттерде шайнау 
бұлшық ет шұңқыры терең, бұлшық ет өсіндісі ұзын, жақ сүйегінің бұрышында 
бұрышты өсінді шығып тұрады.
Жоғары жақсүйегі- os maxillare – жұп, мұрын, көз жасы, бет, мойын 
сүйектерімен шектеседі. Сүйекте көзше асты тесігі орналасқан беткі бетті - 
facies facialis айырады. Денеде альвеолярлы шетті - margo alveolaris және тіссіз 
шетті -margo interalveolaris айрады. Альвеолярлы шеті бұдырлы жоғарғы жақ 
сүйегінің төмпегіне - tuber maxillare өтеді. Оның қасында беткі төмпек tuber 
faciale орналасады. Жоғарғы жақ сүйегінің дорсальды бетінде мұрынды өсінді 
processus nasalis шығып тұрады.


29 
Ерекшеліктері: жылқыларда жоғарғы жақ сүйегінде бет жотасы, жақ төмпешегі 
үлкен, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы үлкен болып келеді. Шошқаларда жоғарғы 
жақ сүйегінің беткі беті майысқан, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы кішкентай. 
Иттерде мұрынды өсіндісі маңдай сүйегіне дейін жетеді, жоғарғы жақ 
сүйегінің қуысы жоқ. Көз жасы – мұрын каналы жақсы дамыған.
Тұмсық сүйегі- os incisivum- жұп, сиырларда жоғарғы жақ сүйегі мұрын 
сүйегімен және соқаша сүйегімен шектеседі. Тұмсық сүйек денесі - corpus 
incisivum жуандалған пластина түріне ие. Алдыңғы шеті тіссіз, сондықтан оны 
тіссіз - margo interalveolaris деп атайды. Тұмсық сүйектің денесінен екі өсінді 
кетеді: мұрын - processus nasalis және таңдай өсінділері -processus palatinum. 
Мұрын өсінділері мұрын қуысының екі шеткі қабырғасының құрамына кіреді, 
ал таңдай өсіндісі мұрын қуысының алдыңғы бөліміне кіреді. 
Мұрын сүйегі-os nasale - жұп, сиырда маңдай, көз жасы, жоғарғы жақ және 
тұмсық сүйегімен жанасады. Мұрын сүйектері сыртынан тігіспен қосылған, ал 
ішінде дорсальды мұрын кеңсірігі және мұрын пердесімен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет