23
9- сурет. Ірі қара малдың бас сүйегі.
А – ұзынан тілінген; Б – вентральды жағы. 1 – маңдай сүйегінің артқы қуысы; 2
– мүйізді өсінді; 3 – маңдай сүйегі; 4 – ми қуысы; 5 – көру қиылысының өзегі, 6
– торлы сүйектің лабиринті, 7 – дорсальды кеңсірігі, 8 – мұрын сүйегі, 9 –
вентральды кеңсірігі, 10 – тұмсық сүйегі, 11 самай қаналы, 12 – айдаршықты
канал, 13 – тіласты тесігі, 14 - үлкен шүйде тесігі, 15 – мойындырықты өсінді,
16 – ішкі есту жолы, 17 – сопақша тесік, 18 – көз шарасы тесігі, 19 – тас
сүйегінің бұлшықет өсіндісі, 20 – сынаша сүйектің куысы, 21 – кеңсірек
желбезегіне
қарама-қарсы бөлімі, 22 – таңдай сүйегі, 23 – таңдай сүйегі, 24 –
таңдай үсті тесігі, 25 – таңдай қуысы, 26 – алдыңғы жақ сүйегінің таңдай
өсіндісі, 27 – кеңсірік желбезегі, 28 – таңдай тесігі, 29 – таңдай каналының
үлкен тесігі, 30 – таңдай ойындысы, 31 – самай сүйегі, 32 –дабыл жарғағының
сүйегі.
24
. Қанатша тәріздес өсіндінің орбиталы немесе назальды шеттері қанатша
жотасын
-crista pterygoidea құрайды, ол сынаша-таңдай шұңқырын -fossa
sphenopalatina каудальды қоршап тұрады. Торлы және маңдай сүйектерімен
қосу үшін дененің ішкі жағынан тұмсық ауызға қарай (оральды) -rostrum
sphenoidale орналасады. Көз жүйкесі үшін тұмсықтан
ауызға қарама-қарсы
(аборальды) көру қиылысының көлденең емізікшесі - silcus chiasmatis
орналасқан. Жүйке мен тамырлар үшін одан орбитаға көзше тесігі -foramen
opticum өтеді. Көру қиылысына ауызға қарама-қарсы (аборальды) түрік ершігі -
sella turcica мен ершіктің арқасыdorcum sellae орналасқан, әрі-қарай оның орта
тұсында гипофиз шұңқыры - fossa hypophysiali орналасады. Екі шетінде үлкен
емізікше орналасқан, ол үлкен көздік тесігіне - foramen rotundo orbitale апарады.
Самай қанатының негізінде тамырлар мен жүйкелер үшін
сопақша тесік -
foramen ovale - бар.
Ерекшеліктері: Иттерде самай қанатшалары көздіктен қарағанда мықтырақ.
Түрік ершігінің арқасы жақсы дамыған, бүйрлік өсінділері бар. Қөздік
арасындағы емізікше мүлдем жоқ. Сынаша-таңдай
шұңқырына көздік тесігі
ашылады. Шошқаларда қанатша тәріздес өсінділер айқын көрінеді, олардың
жалпақ каудальды бетінде қанатша ойыстарын көруге болады. Қанатша жотасы
өте айқын көрінеді. Ірі қара малдың самай қанатының негізінде сопақша тесік
орналасқан. Жылқылардың қанатша тәріздес
өсіндінің негізінде қанатша
каналы - canalis alaris орналасқан. Ол каудальды тесікпен басталып, дөңгелек
тесікке назальды болып ашылады. Қанатша канал арқылы ішкі жақ артериясы
өтеді. Дорсальды бағытта қанатша канал кішкентай қанатша тесігім аяқталады.
Сынаша сүйектің денесі жуан, түрік ершігінің арқасы нашар көрінеді, гипофиз
шұңқыры кішкентай.
Достарыңызбен бөлісу: