33
Бақылау сұрақтары:
1 Қаңдай сүйектерден бас қаңқаның беткі беті тұрады?
2 Беткі беттің барлық сүйектерін атап шығыңыз?
3 Бас қаңқада орыс және латын тілінде мұрын сүйегінің элементтерін көрсетіп
атаңыз. Сонымен қатар оның түрлік ерекшеліктерін?
4 Таңдай, қанат тәріздес, соқаша және тіл асты сүйектеріне қысқаша сипаттама
беріңіз?
3 Алдыңғы аяқ қаңқасы
3.1 Шеткі қаңқа, жауырын, тоқпан жілік
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасында иық белдеуі мен жауырынның
құрылысын оқып-зерттеу.
Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасына иық белдеуі (жауырын),
тоқпан
жілік, білек қаңқасы (кәрі жілік пен шынтақ сүйегі), алдыңғы аяқ басының
қаңқасы (тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері)
кіреді.
Жауырын -scapula, жалпақ келген үшбұрышты сүйек(сурет 12).
Жауырында мойын бұрышы - angulus cervicales,
арқа бұрышы - angulus
dorsalis боп ажыратылады және жауырынның негізі қосымша жауырын үсті
шеміршекпен - cartilago scapulae толықтырылады. Жауырынның тарылған
жерін жауырын мойыны -collum scapulae, төмпешігі
- tuber scapulae деп
ажыратылады. Буынды ойыс - cavitas glenoidalis, латеральды бетінде
жауырынның қырын
- spinae scapulae көрсетеді, ол акромионмен - acromion
аяқталады. Мойынға қарай жауырынның білік алды шұңқыры -fossa
supraspinata, арқаға қарай жауырынның біліктен
кейінгі шұңқыры - fossa
infraspinata, ал медиальды бетінде жауырынның біліктен асты шұңқыры - fossa
subscapularis орналасқан.
Ерекшеліктері: жылқыларда жауырын қыры орта бөлігінде төмпешікті,
акромионы жоқ, жауырын шеміршегі мықты.
Шошқаларда жауырын қысқа,
жалпақ, қырда маңызды төмпешік орналасқан, қыры артқа қарай қайырылған,
жауырынның қырдан кейінгі шұңқыры терең.
Иттерде акромион жақсы
дамыған. Жауырынның білік алды шұңқыры жауырынның біліктен кейінгі
шұңқырымен тең, жауырын шеміршегі үлкен емес, буынды ойысы сопақша
келген.