А. А. Амангелді 1



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#497443
1   2   3   4   5   6
Опыт использования платформы zoom в дистанционном образовании

A. A. Amangeldi
1
 
1
C. Seifullin Kazakh agrotechnical University 
Kazakhstan, Nur-Sultan 
e-mail: ainur.amangeldy@mail.ru 
Experience in using the zoom platform in distance education 
 
In the world practice, the e-learning system is one of the integral parts of education. The United States, Finland, 
Singapore, South Korea, Canada, Australia, and New Zealand are the leaders in terms of the spread of e-learning. 
The e-learning system includes distance learning opportunities organized with the active use of a local network 
and an extensive Internet network, network technologies. 
Currently, there are about 2000 types of distance learning, such as traditional distance learning, electronic distance 
learning, the use of various electronic means for classroom training. Including in higher educational institutions of the 


Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 1 (49), 2021 
68 
country with the help of information and communication technologies, such as case, Network and television, distance 
learning is chosen. 
In connection with the global pandemic, our country has also switched to distance education. Online education has 
become a challenge of the times. In the article, the author focused on the advantages of the ZOOM platform. 
Key words: distance education, information and communication technologies, reproductive learning, constructive 
learning, interactive methods, ZOOM platform. 
Кіріспе.
ХХІ 
ғасыр 
жаңа 
технологиялар 
ғасыры болып отыр. Сонымен қоса, ХХІ 
ғасыр ақпараттар ғасыры, ақпараттық 
технологиялар ғасыры деуге де болады. 
Заманауи технологияларды меңгермей
бәсекеге қабілетті маман болу, өз ісін 
шебер меңгеру мүмкін болмай қалды. 
Еліміз өркендеп, өрлеп келеді, ғылым мен 
білімге де баса назар аударыла бастады. 
Ендігі мақсат жай ғана қатардан қалмау 
емес, заманына сай маман болу. Ол үшін, 
әрине, ақпараттар ағынына төтеп беру
ұтқырлық, 
коммуникабельділік, 
көптілділік, т.б. құзіреттіліктермен қоса, 
заманауи 
технологияларды 
меңгеру, 
оларды тиімді қолдана білу де өзекті 
мәселе айналғаны ақиқат шындық. Демек, 
өз ісінің майталманы болып, ұлағатты 
ұстаз 
мәртебесін 
биіктетемін 
деген 
оқытушы немесе мұғалім қоғамда болып 
жатқан жаңалықтардан шет қалмауы тиіс. 
Кеңес дәуіріндегі «өмір бақилық білім 
береміз» деген мақсат өзгеріп, бүгінгі 
күнде алған білімімізді үзбей шыңдауға 
бет бұрдық. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ 
тәрбиесімен 
айналысатын, 
болашақ 
мамандарды білім нәрімен сусындататын 
ұстаздар қауымы, ең әуелі, «дүниені 
өзгертем десең, өзіңнен баста» деп әл-
Фараби бабамыз айтқандай, өзіміз заман 
ағымына 
бейімделуіміз, 
нық 
қадам 
басуымыз керек. 
Бүгінде ақпарат әрбір 4 жылда 25 
пайызға ескіріп отырады. Демек, ақпарат 
әр салада әрбір 4 жылда екі есе ұлғайып 
отырады. Ақпарат дамуының мұндай 
қарқыны 
сақталатын 
болса, 
онда 
болашақта әрбір 76 күнде еселенетін 
болады! [1; 12]. 
Осыншалық ақпараттар тасқынын 
игеру үшін, әр маман АКТ-ны еркін 
меңгеріп, жетік біліп қана қоймай, 
белсенді пайдалануы қажет. Оның үстіне 
қазір «кәсіптер үйреншікті қасиеттерінен 
айырылып, 
басқа 
кәсіптердің 
ерекшеліктерін иемденуде. Кәсіптер әр 4 
жылда 25 пайызға өзгеріп отырады. 
Экономикадағы үдемелі өзгерістер өз 
кезегінде дәстүрлі кәсіптердің көптеп 
пайда болуына әкелуде: әрбір он жылда 
кәсіптердің жалпы саны 25 пайызға 
жаңарып отырады екен. Сонымен бірге 
кәсіптер 
ықпалдасуға, 
кірігуге 
(интеграцияға) қарай ойысуда, ортақ 
қасиеттер 
иемденуде: 
олардың 
ерекшеліктерінен ұқсастықтары басым 
болуда» [1; 13]. 
Демек, заманның мұндай талаптарына 
жауап беру үшін әмбебап мамандарды 
даярлауымыз 
керек, 
«формальды 
нәтижелер алуға емес, тұлғаны дамытуға» 
ұмтылуымыз 
қажет. 
Репродуктивтік 
оқытудан конструктивтік оқуға көшуіміз 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет