Көркем әдебиеттегі фэнтези жанрының шығу төркіні мен түрлері
әлемді
ғылыми
тұрғыдан
түсіндіруге
тырыспайды. Көркем шығармадағы әлем
гипотетикалық (болжаммен) тұрғыда
өмір сүріп,
біздің шындық өмірмен
сәйкесе бермейді. Ондағы шындық ретінде
параллельді әлем, басқа ғаламшар алынып,
ондағы физикалық заңдар жердегіден
өзгеше
болып келеді. Бұл әлемде құдайлар, магиялар,
айдаһар, алып дәулер, фейлер, жын перілер,
періштелер,
шайтандар оқиғаларға қатысып,
өмір сүре береді. Фэнтезидің ертегілерден
басты ерекшелігі мұндағы таңғажайыптар
суреттелетін әлемде
қалыпты жағдай ретінде
бейнеленіп, ақиқат шындықтағы табиғат
заңдылығы сияқты жүйелі көрініс табады.
Фэнтези жанрындағы шығармалардың
көлемі де әрқилы болып келеді.
Бірқатар
әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан қазіргі
таңда фэнтези жанрындағы шығармалардың
көлеміне қатысты да даулы пікірлер туындап
отыр [1,336].
Достарыңызбен бөлісу: