А.А.Демесинова
арқылы
түрлі
қырынан
ұсынады.
Бұл
фэнтезидің
тасасында мені танып ал деп
қылтиған біздің бүгінгі өміріміздің көлеңкелі
жағы жасырынып та жатады. Оның автор
тарапынан тереңге жасырынғаны сондай,
кез келген оқырман аңғара білмейді. Және
батыстық фэнтезиден қазақ фэнтезиінің бір
айырмашылығы фольклорға тән сөз саптау
мәнерінен қол үзбейді», – деп жазады [4].
Бұған өз тарапымыздан қосар ойымыз бар.
Таупық Рымжановтың «Гүл Ағашы» ертегі-
хикаятындағы (1999 жылы жарық көрген)
басты кейіпкер Қарабектің басынан өткен
шытырман
оқиғалары адамзат арасында,
перілер мен шайтандар еліндегі сюжеттермен
өрнектеліп, ең соңында өзінің туып-өскен
отаны, адамзат мекені Зарлыхан патшалығына
жеңіспен оралып, халқына Гүл Ағашының
нұр бейнесін көрсетіп, жұмақ қақпасының
күзетшісі Темір адамның жұмақтың кілтін
көрсетуімен аяқталады. Сол адамзат патшасы
Зарлыханның ішкі шайтанын алып тастау
арқылы Қарабек оның зарлап жүрген, көңілсіз
қалпынан жадырап жүретін, қолы ашық,
жомарт патшаға айналуына жол ашады. Жүз
мың жылқысын
қол астындағы халқының
игілігіне
жұмсауға
шешім
қабылдаған
Зарлыхан бейнесі арқылы автордың елдің
билігіне жасырын, астарлы белгілер жіберу
талпынысын байқауға болады.
Фэнтези жанрында адамның ақылы
жетпейтін қиялдағы әлем сюжеттегі оқиға
желісіне, суреттеудің негізгі өзегіне тірек
болады. Сайып келгенде әлем әдебиетіндегі
фэнтези жанрына тән,
нышан-белгі, сипат -
осы әлемде, яғни реалды әлемде кездеспейтін
шындықты, бөлек әлемді сөз етіп, оқиға
желісіне айналдыруы. Қазақ әдебиетінде
өзінің ұлттық болмысын, ерекшелігін, рухани-
мәдени құндылықтар сипатын жоғалтпай
өзінің жеке бұзып-жарылмас көркемдік
әдемін сомдаған қаламгерлер қатарында
– ең алдымен Таупық Рымжановты, одан
кейінгі
Тауфих Шеғиров-Сәукетаевты,
Тимур Ермашевты,
Адам Қапановты
және Ильмаз Нургалиевты атауға болады.
Фэнтези жанрында жазатын қаламгерлердің
басты көркемдік мақсат-мұраты - өскелең
ұрпақ тәрбиесін ескере отырып, шынайы
өмірде, реалды дүниеде болуы мүмкін емес
құбылыстар, тылсым күштерді суреттеу
арқылы өзінің дидактикалық мақсатына
жарата білуі.
Фэнтези жанры әу баста әдеби ертегінің
шекпенінен өрбиді. Ертегіден ерекшелігі
автор шыңдық өмірден аулақтап (эскапизм)
миф пен аңыздарды қайтадан бір ой сарабына
салуға бағыт ұстанады.
Ұлт басындағы сын
сағатты ертегілік образдар мен мотивтер
арқылы негіздеген Джон Рональд Руэл Толкин
болды. Ол «фэнтезидің атасы» аталды.
«Кеңестік кезеңде қазақ соцреализмінің
идеологиялық жүйесі күйреуге ұшырай
бастаған кезде ұлттық фэнтезидін алғашқы
нышаны
балалар
әдебиетінде
Таупық
Рымжановтың туындыларында көрініс тапты.
Ғылыми фантастика кеңестік режимге қызмет
етсе, фэнтези бұған көнбеді. Өйткені, ол сана
мен қисынға емес, сезім мен арманға арқа
сүйегендіктен бейсанасыз болып келіп, ешбір
идеологияның ырқына көнбейді. Сондықтан
мұндай жанрға ескіні көздеушілік деген таңба
басылып, аяқ
басқан қаламгерлер билеуші
топтың қарсылығына да ілікті. Қазір бұл
жанрға қалам тартушылар ұлттық нақыштар
төнірегінде ой толғайды.
Фэнтезидің барша әлем әдебиетіне ортақ
нышан-белгісі – біздің әлемде болмайтын
дүниені
сөз
етулері
болып
табылады.
Жазушының
ұлттық
құндылықтарға
суарылған ертегі-повестері - қазақ халқының
рухани
қажеттілігін
қанағаттандыратын,
халықтың сұранысы мен қажеттілігіне жауап
бере алатын өміршең туынды» [2,314-325].
Ғалым Әбіл-Серік Әліакбардың «Бір ділді
фэнтези ешқашан тілге бөлініп алаланбайды»
деген мақаласында Таупық Рымжановты
«қазақ фэнтези жанрының негізін салушы,
әрі осы жанрдың атасы» дей отырып, оның
шығармаларын
зерттеу мен зерделеудің
қажеттілігін айтқан болатын [4].
Шет ел әдебиетінде Дж. Р.Р.Толкин, Мэри
Стюарт, Урсула Ле Гуин, Роджер Желязны,
Майкл Муркок, Андрэ Нортон сияқты
қаламгерлер фэнтези классиктері саналады.
«Өткен ғасырдың 80-ші жылдары кеңестік
әдебиетте фэнтезидің алғашқы үлгілері:
Н. Ютановтың «Оборотень», Е. Хаяцкийдің
«Мечь и радуга», С.Логиновтың алғашқы
әңгімелері мен Орталық Азияда Таупық
Рымжанов туындыларында бой көрсетті»
[2,314-325].
Қазіргі фэнтези жанрының әкелерінің
бірі – Роберт Говард 1936 жылы «Айдаһарлар
ғасыры» шығармасын жазды. Жаңа жанрдың
бас қаһарманы
Киммерлік Конан өмірге
келді.
Бұл жаңа жанр «қылыш пен сиқыр»
жанры аталды. Осы кезде Дж.Р.Толкиен
«Хоббит немесе Анда және сері» шығармасын
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
№ 2(143)/2023
167
Көркем әдебиеттегі фэнтези жанрының шығу төркіні мен түрлері
жариялады. Д.Р.Толкиен 1954 жылы
«Сақиналар әміршісі» романынан кейін ғана
шынайы атақ-даңққа жетті [5,43].
Фэнтези
жанрының
арғы
тарихына
үңілсек, Еуропада XIX ғасыр шегінің өзінде-ақ
Вальтер Скотт, Генри Хаггард, Луи Жаколио
сияқты қаламгерлер фэнтези жанырында
алғашқы тәжірбиелерін жасап көрген. Сонан
кейінде қаншама қаламгерлер осы жанрда
шығармалар жазды. Солай бола тұрса да,
солардың ешқайсысы да анау айтарлық биікке,
үлкен жетістікке жете алмады. Тіпті қазір біз
«фэнтези атасы» деп жүрген
Джон Толкин
де үлкен атақ-даңққа бірден жете қоймаған.
Оның әйгілі «Сақиналар әміршісі» ешбір
баспа шығармай, бес жыл жатып қалған екен.
Ақырында 1954 пен 1955 жылдары ғана бір
баспа көңіл бөліп, кітапты үш бөлімге бөліп,
аздаған таралыммен шығарған. Америкалық
«Балантайн Букс» баспасы ғана 1960 жылы
кітапты көп тиражбен басып, шығарма қысқа
ғана уақытта нағыз бестселлерге айналып
шыға келген.
Достарыңызбен бөлісу: