А.А.Демесинова
үрдіске дер кезінде ілесе алмай, басқалар
100 жыл бұрын айтып кеткен нәрсені ғана
жазатын шығармыз?! Әйтпесе осы күнге
дейін қазақ тіліндегі таза фэнтези жанрында
жазылған қомақты туындылардың санының
аз болуының сыры неде? Құдайға шүкір ешбір
халықтан кем есем мифологиялық базамыз
бар, аңыз-әңгіме,
қиял-ғажайып ертегілерден
кенде емеспіз. Тіпті керек десеңіз Серікбол
Қондыбайдың
мифологияны
бастан-аяқ
зерттеп, жүйелеп берген ғылыми еңбектерінің
өзі неге тұрады? Дайын кейіпкерлерді ал
да, шым-шытырық сюжеттеріңді құрап, өз
фэнтезиіңді бұрқырата бер. Иә рас, жоғарыда
фэнтезиге деген оқырманның сұранысы
азайды, фэнтезидің күні өтіп барады деген
пікірлерді келтірдік. Сонда фэнтези жазудың
қандай қажеті бар деуіңіз мүмкін ғой?! Ол
да жөн сөз. Бірақ фэнтези кез-келген сәтте
адам баласы күтпеген жерден жарқ етіп
шыға келуге әбден бейімделген құбылыс.
Есіңізде ме, сөзімнің басында айтып едім
ғой, «Сақиналар әміршісінің» өзі шаң басқан
сөрелерде қаншама жыл жатты деп. Оған
дейін де қаншама мықты фэнтезилер болған.
Бірақ адамдарды тарта алмады. Оларды
көп тиражбен шығарған баспалар шығынға
белшелерінен батып жатты. Ал Толкиеннің
туындысы өзіне ғана тән, оқырманын ғажайып
фэнтезиәлемінетартыпкететінтұнықтығымен
ғана бес батпан
шаңның астынан жарқ етіп
шықты. Одан кейін оқырман тағы да сүлесоқ
бола қалды. Қаншама мықты туындылар
жарық
көрді.
Бірақ
олар
«Сақиналар
әміршісінің» көлеңкесінде қалып қоя берді.
Сол кезде «Болды! Бітті! Фэнтези өлді!»
деген пікірлер болған. Алайда күндердің
бір күнінде қарапайым ғана жалғыз басты
даяшы әйелдің нәресте баласын көтере жүріп
«Салфеткаларға жазған» Гарри Поттері жарқ
етті! Яғни, фэнтезидің өлмегенін, ешқашан
өлмейтінін, тек оны оқырманға ұсына білуі
керек екенін ұғындырды [5,43].
Ал қазақәдебиетіндегі фэнтези жанрының
жан-күйі қандай екен? Соған аздап тоқтала
кетсек. Біздің жас әдебиеттанушыларымыз
фэнтези жанрына назар аударып, өз ой-
пікірлерін айта бастады. Зерттеуші Әбіл-
Серік Әлиакбар балалар жазушысы
Таупық Рымжановтың «Гүл ағашы», «Ерден
батыр», «Күн перзенттері»
атты ертегі-
хикаяттарын фэнтези жанрына жатқызып
отыр.
Әдебиеттанушы-ғалым
Еркінгүл
Солтанаева Зира Наурызбаева мен Лиля
Калаустың «Алтын тостағанды іздеу: «Бату
және оның достарының басынан кешкендері»,
А.Түлембаеваның
«Дамака
және
оның
достары» секілді шығармаларын фэнтези
жанрының туындылары ретінде қарастырады.
Қазақстандық фэнтези қазақ тілінде ғана
емес, орыс тілінде де жарық көре бастады.
Солардың бірі Ержан Есімхановтың «Соғыс»
(«Война») атты фэнтези романы. Ал екінші бір
орыс тіліндегі «Дастан мен Арман» фэнтезилік
саласының авторы Ильмаз Нургалиев: «Мен
әлемге
ұлттық
фольклорымыздың
бай
қатпарын айқын танытқым келеді» дейді.
Бұлардан басқа Адам Қанаевтың «Әуедегі
қоныс»
(«Воздушное
кочевье»)
роман
фэнтезиінде Аңсар деген аңшы жігіт пен
оның сүйген жары, айдай сұлу Нұрияның
асыл махаббаты арқау болады. Шығармадағы
оқиға, уақыт пен кеңістік мифтік әлем
кеңістігінде, аспан көшпелілері елінде өтіп
жатады. Ал қаламгер Тимур Ермашевтың
«Әпсаналарды тірілтуші» («Воскрешающий
легенды») фэнтезилік шығармасында екі дос
тылсым жағдайда болған апаттан кейін қазақ
тарихындағы атақты «Орбұлақ шайқасының»
жауынгерлеріне айналып кетеді. Қазақ ханы
Салқам Жәңгір мен бірге оның сарбаздарының
қатарында, Батур қоңтайшының 50
мыңдық
жоңғар қолын талқандауға қатысқан екі
жігіттің қызықты да шытырман тағдыры
шығарманың сюжеттік желісіне айналып
оқырмандарын қызықтыра тартып, бей-жай
самарқау қалдырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: