А. А. Демесинова



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата19.12.2023
өлшемі490.63 Kb.
#486988
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Demessinova

Қорытынды. Фэнтезиге бет бұру – 
қазіргі қазақ әдебиетінде кең тарала басталған 
құбылыс десек, реалистік дәстүрдегі қазақ 
қаламгері М.Мағауиннің өзі «Қыпшақ 
аруы» хикаятында осы жанрдың қағидат- 
ережелерін шығармашылық тұрғыда сіңіре 
отырып, постмодернистік сипаттағы ерекше 
мистикалық, мифологиялық кеңістікке еркін 
кірген туынды туғызады.
«Кеңестік кезеңге қазақ социализмінің 
идеологиялық жүйесі күйреуге ұшырай 
бастаған кезде ұлттық фэнтезидің алғашқы 
нышаны М.Дүйсеновтің, Б.Соқпақбаевтың, 
Р.Тоқтаровтың, Т.Рымжановтың, т.б. белгілі 
қаламгерлердің туындыларында ұшыраса 
бастады» [6].
Қазақ фэнтезиінде айрықша танымал 
тұлға Таупық Рымжанов болып отыр. 
Жазушы туындыларында тылсым (магия) мен 
тылсым емес антагонистік күштер бір-бірімен 
аяусыз күресіп жатады.
«Фэнтези туындылары көбіне тарихи- 
шытырман оқиғалы туындыны еске түсіріп,
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
 
№ 2(143)/2023
169


Көркем әдебиеттегі фэнтези жанрының шығу төркіні мен түрлері
 
 
ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы 
баба дәуіріндегі, орта ғасырлардағы тыныс- 
тіршілігін танытанын ойдан шығарылған 
әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерекше қылып 
жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен 
аяусыз күреске түседі.
Кейбірде фэнтези архетиптік сюжеттер 
негізінде құрылады. Ғылыми фантастикаға 
қарағанда фэнтези іс-әрекет орын алып 
отырған әлемді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге 
тырыспайды. 
Батыс 
фэнтезиінде 
оқиға 
өтетін әлем не параллельді әлемде, не басқа 
ғаламшарда орын алады. Ондай әлемде 
құдайлар, құшнаштар, мифтік мақұлықтар 
(айдаһар, гном, тролли) немесе басқа
фантастикалық мақұлықтар шынайы өмір 
сүреді. Олардың әдеби ертегіден өзгешелігі 
суреттелетін әлемнің дағдылы қалыбы 
деп 
танылып, 
«табиғаттың 
бұлжымас 
заңдылығы деп қабылданады» - деп 
жазады әдебиеттанушы ғалым Әбіл-Серік 
Әліәкбар [4].
Сайып келгенде барша әлем әдебиетіне 
ортақ нышан белгісі – біздің әлемде болмайтын 
дүниені сөз етулері болып табылады. 
Қазақ әдебиетінде бұл жанр енді өркендеп 
келеді. Алдағы таңда әдебиет зерттеушілері
сыншылар бұл жанрға ерекше көңіл бөліп, 
талдап, саралау нысанына айналдырса деген 
мақсат қоямыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет