А. А. Какимова Әлемдік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер



бет4/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.92 Mb.
#18204
1   2   3   4   5   6   7   8

6 дәріс


Тақырып: Орыс тарихи ойындағы рационалистік идея мен ағартушылық ағым.

Дәріс мазмұны:

  1. Дворян тарихнамасындағы рационалистік идеялар.

  2. Орыс тарихи ойындағы ревалюциялық ағымның қалыптасуы.

Дәріс мақсаты: Ресей қоғамында қалыптасқан жаңа тарихи ағым туралы нақты мағлұмат беру.

Негізгі түсініктер:

Ағартушылық дәуірге тән сипаттар.

ХV-ХVІІ ғғ. Батыс Европа тарихында Қайта өркендеу дәуірі деп аталады. Міне, осы дәуір қойнауында жаңа дәуірдің қоғамдық қатынастар және мәдениет жүйесінің негізі қаланды, буржуазиялық қоғамдық қатынастардың алғышарттары пайда болды, шіркеу мен мемлекет арасындағы қатынас өзгеріп, жаңа секулярлық сана – гуманистік көзқарас қалыптасты.

ХVІІІ ғ. бұл үрдіс әрі жалғасып, Батыс Европада буржуазиялық қатынастардың орнығуымен аяқталды. Бұл, әрине, дәуірдің маңызды әлеуметтік-экономикалық мазмұны, бірақ бұнымен қатар өркениеттің тұтас құрылымын өзгерткен іргелі құбылыстар болды: ол Европалық өркениеттің дәстүрлік негіздерін қиратқан және жаңа дәуірді бастап берген модернизациялық (жаңғыру) өзгерістер болатын.

Модернизация – көп жақты үрдіс. Өндіріс саласында – индустрилазия, машиналарды қолдану. Әлеуметтік салада – урбанизация, яғни қалалардың гүлденіп, маңызының артуы. Саяси салада – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің негіздері қаланып, саяси құрылымдардың демократизациялануы.

Рухани салада діни институттар ықпалы әлсіреп, сауаттылықтың, білімнің, ғылымның дамуы.

Тұтастай алғанда жаңа дәуір жаңа адамды қалыптастырды.

Жаңа дәуірдегі қоғамдық өмірді модернизациялаудың идеялық негізі Ағартушылық идеологиясы болды. Ағартушылық дәуірдің қайраткерлері философияда, ғылымда, искусствада, әдебиетте, саясатта терең із қалдырып, жаңа көзқарасты қалыптастырып, адамзат ойын ортағасырлық провиденциалистік шеңберден шығарды.

Ағартушылық дәуірдің философиялық негізі рационализм болды. Қалыптасып келе жатқан буржуазия мүдделерін қорғаған ААғартушылық идеологтары – адам қабылеті мен, ақыл ойын бірінші орынға қояды, қабылеті мен қасиетін еркін қолдана алатын адам ғана қоғамда қайта құра алады.

Ф. Энгельс Ағартушылық дәуір идеологтары туралы былай дейді:

«Дін, табиғатты тану, мемлекеттік құрылыс - барлығы адам ақыл-ойы алдында тізе бүгіп, ақыл-ой бүкіл болмыстың бірден-бір өлшеміне айналды». (Маркс К, Энгельс Ф, Соч., т.20.с16). Ағартушылық идеологиясы – классикалық үлгіде ХVІІІ ғ. Францияда орнықты. Француз әдебиеті, тілі бүкіл Европаға тарап, Франция Европалық интелектуалдық тұрмыстың орталығына айналды.

Француз Ағартушылық ойының ірі өкілдері: Вольтер (Франсуа Мари Аруэ), Ж..Ж. Руссо, Ш. Монтескье, П.А. Гольбах, К.А. Гельвеций, Д.Дидро.

Саяси биліктің қанаттары – атқарушы, заңшығарушы, сот туралы идеяның негізін салушы Ш.Монтескье. Қоғамда заңдылықты берік орнықтыру «билік тармақтарын бөлу» арқылы жүзеге асады.

Вольтер творчествасында тарихи еңбектер өте көп: «Карл ХІІ тарихы», (1731), «Людовик ХІV ғасыры» (1751), «Ұлы Петр кезеңіндегі Россия» (1759). «Халықтардың парасаты мен рухы тәжірибесі» деген еңбегінде Вольтер «Әрбір адам өз ғасырымен қалыптасады, алайда өз заманының рухынан озған адамдар болады»деді.

Жан-Жак Руссо (1712-1778) «Қоғамдық келісім...» (1762) деген трактатында халықтың абсолютизмді құлату құқығы туралы айтады. Ол: «Халық бекітпеген заң - заңсыздық».

Ағартушылық қозғалыс Англида да дамыды. Ағылшын Ағартушылығының саяси бағдарламасының негізгі белгілерін философ материалист Джон Локк (1632-1704) анықтап либералдық ілімнің идеялық – саяси негізін салды.

Европалық Ағартушылық тарихында экономист Адам Смит (1723-1790) үлкен орын алады. Қоғам орасан зор манфактура, «қоғам байлығы» қоғам мүшелері арасындағы еңбек бөлінісі жолымен жасалады.

Германиядағы Ағартушылық елдің саяси бытыраңқылығына байланысты өте күрделі қарама-қайшы құбылысқа айналды.

Неміс Ағартушылығының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804), Кенигсберг университетінің профессоры, (1794) Петербург ғылым Академиясының құрметті мүшесі. Кант құқықтық мемлекет туралы концепция қорына мол үлес қосты. Мемлекет қоғам мүшелері арасындағы сыйластықты қамтамасыз ету керек. Адамдардың, ұлттардың, халықтардың, әртүрлі қоғамдық жүйелердің бірін-бірі сыйлап, бірінің бірі құқықтарын мойындап, өзара бейбіт өмір сүруі керек деген Кант идеясы тек ХХ ғасырдың ортасында санамызға сіңе бастады. Көптеген ойшылдар сияқты Кант – утопист, бірақ ол бізге сол утопиясымен қымбат, жақын.

(Кант И. Трактаты и письма. М. 1980, С. 355).

Германияның саяси-тарихи даму ерекшелігі неміс Ағартушылық идеясына өзіндік өң берді. Бостандық, жеке бас қадірі, деспотизмді сынау идеялары жалпылама ғана сипат алды. Тек қана Лессинг еңбектерінде және Шиллер драмаларында олар нақтылана түсті.

Сонымен Ағартушылық заманы адамзат ойының ерекше бір лабораториясы болды, ХІХ – ХХ ғғ әлемдік дамуға әсер еткен либерализм, социолизм және коммунизм идеяларының жасыл өзектері, тамырлары осы заманда жатыр.

ХVІІІ ғ. тарихқа Ағартушылық абсолютизмі ғасыры болып енді. Инквизицияны жою, шіркеу жерлерін секуляризациялау, дворяндардың сословьелік артықшылықтарын жою осы саясат мазмұнына айналды. Алайда ағартушылық абсолютизм саясатының ең басты белгісі «барлығына бірдей құқық»принципін жариялап, азаматтық құқық негізін салу болды.

Ағартушылық абсолютизм саясаты Австрия, Пруссия, Португалия және Ресейде кең арнада жүзеге асты, басқа елдерде тек кейбір белгілері байқалады. Бұл саясаттың жүргізілуі қоғамдағы саяси қайшылықты жоймайды. Абсолютизм - өлі форма. Абсолютизмді жетілдіруге, жаңғыртуға болмайды. Олай бола қалған жағдайда бұл саясат өмір сүруін тоқтатады.
2. Екатерина ІІ – дәуірі – «ағартушылық абсолютизм» кезеңі.

Петр І-ден кейін Ресейдегі реформалау саясатын одан әрі жалғастырған Екатерина ІІ-ші болды. Екатерина ІІ – Ресейді (1762-1796 жж.) 34 жыл басқарған, тарихқа ұлы императрица деген атпен енген тұлға. Н.М. Карамзин Екатерина ІІ реформаларына былайша баға береді: «Петр дәуірінің ұлылығын жалғастырған жаңа Ресейді екінші рет түлеткен тұлға Екатерина ІІ».

Екатерина ІІ анасы жағынан Голштейн княз тұқымынан, әкесі жағынан солт. Германиядағы Ангальтцербст кедейленген княз тұқымынан шыққан. Сарайлық некелесу тәртібі және есебі бойынша Петр ІІІ-ге күйеуге шыққан. Өзінің жазбаларында «Болашақ күйеуімнен де, орыстығы маған қатты ұнап еді», -дейді. 4 мыңдай көйлегі бар Елизаветта басқарған сарайға 2-3 көйлекпен келгенін Екатерина ІІ кейіннен ол сәтті салқын қандылықпен еске алады.

Екатерина ІІ Ресейдегі ағартушылық абсолютизм тарихын бастап берді. Бұл саясаттың хронологиялық шеңбері туралы тарихнамада әртүрлі пікірлер бар.

Біз И.А. Федосовтың көзқарасына тоқталып оны 1762 – 1815 жылдар дейміз.

Европалық дәрежеде білім алған Екатерина ІІ ағартушылар – Ш. Монтескье, Вольтер, Д. Дидро т.б. еңбектерін зерттей келе, Ресей қоғамын өзгерту қажеттігін түсінді. Патшалық құрған кезеңде Ресейдің «Жаңа адамдарын» қалыптастыра отырып, дибералдық реформаларды жүргізуге, елдің білім, мәдениет саласын жетілдіруді мақсат тұтты.

Елдіңэкономикалық құрылымының күрделілігі, саяси тұрақсыздықты ескере келе жеке билікті бекіту қажеттілігін түсінді.

1649 жылғы жинағының орнына Екатерина ІІ жаңа заңдар жинағын шығаруды қажет деп есептеп, арнаулы комиссия құрды. Комиссия жұмысына басшылық ретінде тарихта «нұсқаулар» деген ат алған арнаулы құжат әзірленді. «Наказдар» 546 мақалаға бөлінген 20 тараудан тұрды, соның 245 мақаласы Ш.Монтескье, 106-белгілі юрист Ч. Бекарии, неміс ғалымдары Бильфелд пен Юст еңбектері қағидаларынан алынған.

«Наказ» идеясының негізі – мемлекетті нығайту, самодержавиялық билікті нығайту. Монархтың шексіз билігін бекіте, кеңейте отырып, азаматтық құқық белгілерін орнықтыру.

1767 жылы шыққан «Наказ» бірнеше Европа тілдеріне аударылды.

Консервативтік Ресей дворяндарына заңмен реттелген қоғам қауіпті, сондықтан да елде заң ережелерінің енуі олардың ықпал, билігін әлсіретер еді. Комиссия жұмысы орыс қоғамындағы сословье аралық және қарама-қайшылықтардың бар екендігін айшықтап берді.

Ағартушылық абсолютизм саясатының құрамдас бөлігі – шіркеу иеліктерін секуляризациялау болды.

Дворян стсловьесінің өз арасындағы алауыздықтар сақталып қоғам тұрмысы күрделене берді. Сословьелердің әралуан өкілдері қатыстыра отырып, Ресей заңдарын реттеу ісі сәтсіз аяқталды. Сондықтан да 1768 ж. орыс-түрік соғысы басталуымен, Екатерина ІІ комиссия жұмысын тоқтатты.Дегенмен де 1785 жылы екі үкімет актісі шықты.


  1. Ақсүйек Ресей дворяндарының құқығы, еркіндігі және артықшылықтары.

  2. Ресей империясы қалалары туралы

Бұл екі заң орыс қоғамының сословьелік негізде бекіп, үкімет пен ел арасындағы қарым-қатынастың юридикалық негізін салды.

Дворяндар туралы заң оларды Ресей империясының үстем сословьесіне айналдырды.



  1. Дворяндар міндетті қызметтен босатылды.

  2. Меншік құқығы, мұралық құқығы қорғалды.

  3. Дворян корпорациялары – дворян қоғамдары құрылды. Губерния дворяндарының жиналыстары көптеген жергілікті мәселелерді шешіп отырды.

Қалалар туралы Грамотада қалаларды басқару органдарының құрылымы анықталып, қала тұрғындары 3 гильдияға бөлінді.

  1. Көпестер гильдиясы

  2. Қолөнершілер гильдиясы

  3. Қара халық тобы.

Қала думасы құрылып, қала басшылыры сайланды.

Екатерина ІІ – кезеңінде Ресей империясының басқару аппаратын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болды. Солардың бірі – ХVІІІ ғ. 75-80 жж. жергілікті әкімшілік жүйесін реформалау болды.

1775 жылы «Жалпы Ресей империясы губернияларын басқару мекемелері» деп аталатын заң актісі шықты. Бұл заң бойынша губерния территориялары көлемі қысқартылып, бұрынғы 23 губернияның орнына 50 губерния құрылды. Губерниялар уездерге бөлінді де, провинциялар деген жойылды. Әрбір губернияда 300-400 мыңдай халық тұрды. Губернияларды барлық әкімшілік билікті өз қолдарына жинақтаған наместник (генерал-губернатор) басқарды. Сонымен қатар арнаулы коллегиялық орган-губерния басқармасы құрылды. 1775 жылы ауруханалар, жетім-жесір үйлерін, мектептерді басқаратын приказ құрылды.

1775 ж. реформа барысында сот жүйесіне өзгерістер енгізілді. Губерниялардағы ең жоғарғы сот палатасы – қылмыстық, азаматтық сот, сословьялық сот, губерния магистраты, және жергілікті сот, деген сияқты жүйе қалыптасты.

Міне осы өзгерістер билік жүйесін күшейтіп, белгілі бір жүйеге келтірді.

Әкімшіліктің ағымдағы жұмысын Сенат басқарды. 1703 ж. реформа бойынша Сенат 6 департаменттен тұрып, әрқайсысы өзіне жүктелген салаларды басқарды.

Тұтас 34 жылды алғанда, абсолютизм бекіп, монарх билігі күшейе берді. Сонымен қатар коррупция, фаворитизм сиқты келеңсіз құбылыстар да етек алып, крепостниктік жүйе ең дөрекі форма деңгейіне көтерілді.

Н.М. Карамзин Екатерина ІІ дәуірінде екі «өркениет» тәртібі орнады: жоғарғылар «өркениеті» және төменгілер «өркениеті» деген анықтама береді.

Екатерина ІІ 1796 ж. 6-ноябрьде қайтыс болды. Қоғамның ішкі – сыртқы шешілмеген мәселелері сақталды, ол келесі ұрпақтың үлесіне тиді.

- 1725 ж. ашылған Ғылым Ак-да неміс тарихшылары Готлиб 3. Байер, Герард Фридрих Миллер, Август Людвиг Шлецер жұмыс жасады. Норман теориясының негізін салды. (Идея завоевания как основопологающего момента в возн-ии гос-д ва).

Мих В. Ломоносов (1711-1765). Русь мем-нің қалыптасу тарихымен айналысты. (Ломоносов М.В. П.Собр. Сич. М.Л., 1950-1956. Т6, 8).

1776 ж. «Ресейдіңежелгі тарихы» «Краткий Росс. летописец» еңбектерінде орыс халқының тарихы Рюриктерге дейін-ақ көне тарихы бар. Словян және скандинав халықтарының этникалық айырмашылықтары туралы айта келе, әлемдік тарихтағы славян халықтарының орнын анықтайды. Лом. пікірінше: халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде славян және чуд тайпаларының араласуы барысында жаңа этникалық топ-орыс халқы қалыптасты. Сөйтіп Рюриктер славян тайпаларынан шыққандар деген тезисті ұсынады.

Келесі орыс тарихшысы-белгілі аристократ М.М. Щербатов (1733-1790). 7-томдық «Ресей тарихын»жазды. Тарих – 1610 жылға дейін әкелінді.

Щербатов – мемлекеттің қуаты мен тұрақтылығы – адамзат ақыл-ойы, ағартушылықпен анықталады. Сондықтан тарих төрінде, бастауында – жеке тұлға тұрады, яғни патша. Патшаның ақыл-ойы, парасаты мемлекеттің тағдырына елеулі әсерін тигізеді. Тарихи тұлғаға идеялар, ой ықпал жасады. (ағартушылық тезис-мнения правят миром).

Щербатов самодержавия, және дворяндар тарихын, олардың өз-ара қатынасын зерттейді. Дворян сословиесі ықпалымен шектелген патша билігі – монархия –мемлекеттің ең жетілген саяси формасы. Сонымен қатар креп. Право мәселесіне де осы монархиялық идея тұрғысынан қарайды.

Крепост. Праваны жою Россияны бүлік жолына салады. «Бостандық» деген тәтті сөз, бірақ ол тек дворян сословьесімен қатар айтылатын сөз. Қандай болмасын бүлік, революциялар – қасырет. Оған мысал Ағ. бур. револ-сы.

Жалпы ағартушылық ағым ХVІІІ ғ. 60 ж. қалыптасты. Сөз жоқ Батысев идеялар ықпалы болды. ХVІІІ ғ. ағартушылық идеяның қалыптасуының 2 кезеңі бар.

1) 60-70 жж. «Просвещенный монарх» қолымен заңдарды, тәртіпті, өзгертуге болады.

2) 80-90 жж. Радищев шығармашылығымен байланысы крепост. Құрылыс пен самодержавияны халық революциясы арқылы жоюға болады.

Н.И. Новиков. (1744-1818). Сатир. Журналдар «Трутень», «Живописец», «Кошелек» - деспотизм мен тираниялық тәртіп сыналады.

Нидерлания революциясы тарихын, зерттей келе, халықтың қозғалысты – буржуазия басқару керек.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Орыс тарихнамасында ағартушылық идея қай кезеңнен тарай бастады

  2. Татищев тарихты неше кезеңге бөліп қарастырады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Историография Истории нового времени стран Европы и Америки.А.В. Адо, И.С. Галкин,И.В. Григорьева. (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 1990ж.)

  2. Историография Истории нового и новейшего времени стран Европы и Америки (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 2000ж.)

7 дәріс



Тақырып: ХІХ ғ. І жартысындағы Тарихнама. Романтизм.

Дәріс мазмұны:

  1. ХІХ ғ. І жартысындағы тарихи ой мен тарих ғылымы дамуының тарихи жағдайлары.

  2. Романтикалық тарихнаманың белгілері.

Дәріс мақсаты:

Негізгі түсініктер:

ХІХ ғ. І-жартысындағы тарихи ой Ағартушылық ғасырынан ерекше, жаңа жағдайда қалыптасты.



  1. Ұлы Фр. револ-сы ескі қатынастарды өзгертіп, Европаның барлық елдеріне әсерін тигізді.

  2. ХVІІІ ғ. аяғында Англияда басталған өнеркәсіп революциясы Европа мен солт. Американың елдерінде де қанат жайды.

  3. Европа және Америка елдерінде ескі феодалдық қатынастар сақталып, абсолюттік, жартылай абсолюттік режимдер өмір сүре берді. Буржуазиялық револ-дың толық аяқталмауы бур-қ қайта құруларды одан әрі негізгі міндет етіп қойғандықтан –елде жаңа қоғамдық – саяси және мәдени – идеялық қозғалысты туғызды.

Буржуазиялық цивил-ның қоғамдық дамудағы саяси әлеуметтік, өндірістік ғылыми прогресімен бірге қоғамдық өмірде туғызған шешілмес қайшылықтары мен зардаптары, жеке адамның рухани өмірін дағдарысқа ұшырататын күйзелтуі т.с.с. қоғам, заман әлеуметтік және идеологиялық негіз болды.

Жаңадан қалыптасқан буржуазиялық қатынастың тұрпайы және дөрекі белгілеріне, рухани азғындық пен қара бастың қамын ойлау, бәсекелестік пен көре алмаушылықтың етек алуына қарсы наразылықты Р-зм идеологиясы басты мәселе етіп қояды.

Әдебиетте: Ром-қ сарындар мен тенденциялар Ғ. Мүсірепов, Р. Гамзатов, Ш. Айтматов, О. Сүлейменов, Ә. Әлімжанов, М. Шаханов тәрізді суреткерлердің туындыларында кездеседі.

Музыкада: Ром-м бағыты 1820 ж. қалыптасты. Оның нофомантизм деп аталған соңғы кезеңі – ХІХ ғ. соңғы 10 жылын қамтиды. Р. Алғаш Австрияда (Ф. Шуберт), Германияда (Э.А. Гофман, К.М. Вебер, Ф. Мендельсон, Р.Шуман, Р. Вагнер т.б.), Италияда (Н. Паганини, В. Белинин, Дж. Верди т.б.) кейін Фр-да (Г.Берлиоз), Польшада (Ф. Шопен), Венгрияда (Ф. Лист).

Россияда (Н.А. Римский, Корсаков т.б.) «Құдіретті топ» композиторлары. П.И. Чайковский, А.Н. Скулбин, А. Дворжак (Чехия) Австралия, Германия. (И. Брамс, Р. Штраус) жоғары сатыда өркендеді.

Музыкадағы Р. Антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан-дүниесіне үңілу сияқты жалпы Р. ағымына тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды. Әуен рельефті, көңіл-күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды.

Сол кездегі саяси теория мен тәжірибенің мазмұны әртүрлі сипат, бояудағы буржуазиялық либерализм болды.

Бұл тарихи жағдайда – ағартушылық идеясы өзін-өзі сарықты. Ғасыр басында – Европа мәдениетінде жаңа идеялық ағым – романтизм қалыптасты.

Тарихнамада ром. ХІХ ғ. ортасына дейін жалғасты.

Фр. рев-сы жаңа уақиғалар мысалын берді. Бір ұрпақтың көз алдында монархиялық форма күйреп, тарих сахнасында жаңа саяси күштер көріне бастады.

Тарих тәжірибесі Ағ. Дәуірге тән әдістер мен формалардың орнына –тарихи үрдіс сырларын түсіндіретін жаңа ойды іздей бастады. Ағартушылық идеяның негізі болып есептелінген – ақыл-ой, бостандық, бақыт идеясы жаңа ситуацияға сай келмеді.

Сонымен романтизм белгілері:



  1. Романтикалық тарихнаманың басты позитивті белгісі – тарихилық – яғни тарихи процесс жеке адамдар еркіне, талап-тілегіне бағынбайды.

  2. Тарихилық (историзм) қоғамдық құбылыстардың генетикасын зерттеуді маңызды деп есептейді.

  3. Романтикалық тарихнама – жалпы адамзат тарихын зерттеуден – жеке елдер, халықтар тарихына көңіл бөлді.

Егер ағартушылық тарихнама – жалпы, универсалды мәселелерді зерттесе, ром-қ тар-а әрбір ұлттық тарихтың ерекшелігіне көңіл аударды. Әрбір ұлттың рухын (Volks-geist) табуға ұмтылды.

2. ХІХ ғ. І-жартысындағы тарихилық идеяның салтанат құруы – тарихи ғылымның дамуына әсерін берді.

«Именно история – с гордостью писал в 1823 г. О. Тьерри – наложит свой отпечаток на ХІХ век... она даст ему имя, как философия дала свое имя ХVІІІ веку».

Европада тарихи қоғамдар, журналдар, музейлер ашылып, архив деректері жариялана бастады. Мыс: Гер-да 1826 ж. «Герм. Тарихының ескерткіші» (Monumenta lyermanial historyca) – Фр-да 1835 ж. «Фр-я тарихының құжаттары» (400 том). Италияда 1836 ж. «Отандық тарих ескерткіштері», АҚШ-та 38 томдық «Америка мемлекеттік құжаттары» т.б. тарихи еңбектер жарық көрді.

Тарихи еңбектер газет, журнал беттеріне жарияланып, оқырмандарға таратылды. Тарихи романдар шықты. Вальтер Скотт, В. Гюго, О. Бальзак, А.С. Пушкин, Д.Ф. Купер т.б.

Романтизм Отаны – Германия. Ром-қ көзқарастың негізі салынды. (К.Ф. Савиньи, К.Ф. Эйхгорн).

Англия * Э.Берк * 1790 ж. «Фр. рев-я жөніндегі толғаулар» т.б.

Фр-я Ж. де Местр, Л. Де Бональд т.б.

Россия *Н.М. Карамзин 1804-1826 ж. «Ист. Г-ва Российского»

М.П. Погодин. Славянофилдер (И.В. Киреевский, К.С. Аксаков, А.С. Хомяков).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


    1. Романтизмнің ағартушылық ағымнан ерекшелігі

2Романтикалық тарихнаманың басты белгілері.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Историография Истории нового времени стран Европы и Америки.А.В. Адо, И.С. Галкин,И.В. Григорьева. (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 1990ж.)

  2. Историография Истории нового и новейшего времени стран Европы и Америки (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 2000ж.)

8 дәріс



Тақырып: Француз романтикалық тарихнамасы.

Дәріс мазмұны: ХІХ ғ. І-жарт-дағы Францияның тарихи ғылымының дамуының негізгі белгілерін ашып көрсету

1. Француз романтикалық тарихнамасының қалыптасуы.

2. Консервативтік мектеп.

3. Реставрация дәуіріндегі тарихшылардың либералдық мектебі.

4. Сын-утопиялық социализімнің тарихи идеялары.

5. ХІХ ғ. 30-40 жылдарындағы Батыс Европалық тарихнама.



Дәріс мақсаты:

Негізгі түсініктер:

ХІХ ғ. І-жарт-дағы Францияның тарихи дамуының негізгі мазмұны – буржуазиялық қоғамның орнығуы болды. Өнеркәсіп төңкерілісі және онымен байланысқан әлеуметтік өзгерістер.

Бұл кезеңдегі әлеуметтік – саяси процестердің дамуында 2 сатыны бөліп айтуға болады.


  1. 1815-1830 жылдардағы Бурбондар монархиясының қайта орнауы (реставрация) кезеңде дворяндық және клерикальдық реакцияға қарсы либералдық қоғамдық-саяси қозғалыс өрістеді. 1830 ж. кейін идеялық-саяси күрес буржуазиялық июль монархиясы режимі шеңберінде «жаңа» - «нотабл» буржуазия саясатына қарсы наразылық ретінде бой көрсетті. (цензитарлық режимге қарсы). Яғни, буржуазия үстемдігін толық орнатып, мем-ң саяси жүйесін елдің өнеркәсіп – капиталистік дамуына бейімдеді.

  2. ХІХ ғ. І-жарт. Фр. әлеум-саяси күресінде екінші тенденция да байқалады. Ол бурж. қоғамның ішкі қарама-қайшылықтарына наразылық. Елде демократиялық қозғалыс жанданып, ж. табы да саяси күшке айнала бастады.

Міне, осы Францияның тарихи дамуының ерекшеліктері ХІХ ғ. І-жарт-дағы Фр. қоғамдық ойына, тарихи ойға әсерін тигізді.

Тарихи білім дамыды. 1812 ж. Сарбонна унив-те Ф. Гизо басқарған кафедра ашылды. Реставрация дәуірінде тарих «ғасыр ғылымына» айналды. Тарих дворян тобы мен либерал буржуазияның идеялық – саяси текетіресінің аренасына айналды. Ең басты мәселе – Фр. революциясы мен оның нәтижелеріне көзқарас.

Біріншілері – ескі дәстүр, заманды аңсаса, либералдар революцияның тарихи тамырларына үңілді.

Романтизмнің әлеуметтік-психологиялық, теориялық тамырлары Ағартушылық дәуірінің соңғы кезеңінде-ақ қалыптасты. Алайда ром-тиз қоғамдық-саяси, тарихи ой ретінде ХVІІІ ғ. аяғы ХІХ ғ. басында Фр. рев-ның ықпалымен қалыптасты.

Алғашқы романтикалық тарихи ой Фр. рев-на наразылық – реакцияшыл идея ретінде қалыптасты. Оның көрнекті өкілі – граф Жожед де Местр (1753-1821) публицист, саяси қайраткер, философ, (1802-1817 ж.) Петербургте тұрған. Клерикалдың – монар. қозғалыс идеологі. 1796 ж. оның «Соображение о Фр.» деген еңбегі шықты. Ол ағартушылардың «адамға сенім» идеясын жоққа шығарады. Адам табиғаты – қатыгез. Сондықтан жамандық , жауыздық , қылмыс – адам таб. негіздері. Олай болса елді тек шіркеу мен мемлекет, инквизиция, палач, күш қана қорғай алады. Дворяндарға арқа сүйеген шексіз король билігі – ел тұрақтылығының кепілі.

Мемлекет бур-я әкелген Конституциямен басқарылмайды. Істің мәні – халық рухында, елді күшпен, рев-мен қайта құруға болмайды.

Жожед де Местр – көзқарастары діни-провиденциалистік көзқарас, Фр. рев-да осы тұрғыдан түсіндіреді. Революция – сатананың, шайтанның ісі, бірақ Провидения құдай қолы көрініп тұр – рев-я күнәға батқан ф-ды жазалау болып табылады.

Местр көзқарастарына Луи де Бональд (1754-1840) жақын тұрады. Публицист оның еңбегі «Теория политической и религиозный власти». (1796).

Қоғам тұрақтылығы – үш нәрсеге байланысты – дін, сословьелік айырмашылық, абс. монархия.

Монарх. билік әлемдік заңдастықтан шыққан. Құдай-әлемді, душа-адамды, әке-семьяны басқарады. Монархияны даттау табиғатты даттау. Парламенті бар Англияны ең артта қалған ел деп есептейді.

Бональд та, Местр сияқты адам ақыл-ойына негізделген ағартушылық концепцияны сынап, мемлекет – адамның саналы іс қимылына бағынбайды. Ол табиғаттан шыққан. Рев-ға дейінгі ХІV ғасырда өмір сүрген Фр-я бақытты еді. Фр. рев-сын алып келген күнәні – ХVІІғ. Теорияларынан – Лн Тус, Джон Виклеф идеяларынан іздейді.

Франсуа Рене де Шатобриан жазушы, Фр. әдеб. ром. негізін салған. 1797 ж. Парижде «Исторический, политический, моральный опыт о древних и новых рев-ях» деген еңбегін жазды. Пессимист. Тарих –дөңгеленген өмір, одан шығудың жолы жоқ.. Фр. рев-сы да ештеңе берген жоқ, ол антикалық тарихтың қайталанған үлгісі, моделі.

Фр. рев-сы шынайы өмірден қол үзген ағартушылардың ісі. Якобиншілер – жалған идея соңында жүріп – адамзатқа қастандық жасады. Оның «Гений христианства» (1802), «Мученики» (1809) көркем шығармалары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет