2. «Жайлауда» Осы тарау бойынша
5 топқа бөлініп, «Топтық тергеу» әдісімен жұмыс істейді.
«Баяндап берушілер» тобы – тараудың мазмұнын қысқаша баяндайды.
«Зерттеушілер» тобы – тараудағы негізгі ойды зерттейді.
«Сұрақ құрастырушылар» тобы – кейіпкерлердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды.
«Жазушылар» тобы – «Ата-баба дәстүрі» тақырыбына шағын эссе жазады.
«Дәнекершілер» тобы – романдағы мәселелерді бүгінгі күнмен байланыстырады.
3.«Еңісте» Бұл тарау бойынша мәтінде кездесетін бірнеше сөздерге (түсіндірме сөздік бойынша) түсініктеме беріледі. Әуелі өздерінің болжамды жауаптары тыңдалады.
Жоқтау өлең – қайтыс болған адамның отбасы, ел-жұрты алдындағы орны, адамгершілік қасиеттері, өнегелі істері әнге қосылып айтылатын зарлы өлең.
Барымта – жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.
Ұлық – әкім, төре, билеуші.
Ояз – Ресейдегі губернияның құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бөлік (уезд)
Пәуеске – төбесін,сыртын былғарымен жапқан, ою-өрнек салып, сәндеп жасаған, күймелі жеңіл арба.
Жатақ – көшіп-қонбайтын кедей шаруа қонысы
4. «Оқапта» Бұл тарау мазмұны қысқаша түсіндірілген соң, осы тарауда аталған кейіпкерлерге сипаттама береді. Олар: Ділдә, Манас, Салтанат, Айгерім, Ербол, Есқожа, Дүтбай.Әмір, Үмітей, Баймағанбет, Байтас, Айғыз.
5. «Асуда» бул тарауды «ПОПС формуласы» бойынша білімгерлердің өздері түсіндіреді.
(Позиция. Объяснение. Пример. Суждение)
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
6. «Тарауда» Қысқаша мазмұны түсіндірілген соң, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен түйіндейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |