106
– меншік иесі өз жерінде əртүрлі екпелерді,
құрылыстарды
сала алады;
– «Сервитуттар жəне жер міндеттіліктері туралы» титулында
белгіленгеннен басқаларды.
Ол өз жері астында ғимараттар салуға, қазуға, ондағы заттарды
шығаруға (заңдағы шектеулерді сақтай отырып) құқықты.
Жер құқығымен жер теліміндегі немесе жерасты немесе шек-
тес сулар құқығы да байланысты. Соңғысы – тек жеке су ағыны
бөлігіне ғана қатысты. Көпшіліктік су ағындары, соның ішінде
сал ағызу, кеме қатынауына жарайтындары мемлекеттік меншікте
(538-бап), мемлекет рұқсатынсыз оларды ешкім де, тіпті, жағалық
жер меншік иелері де пайдалана алмайды. Ортақ өзендер, көлдер
суларының, арналарының меншік иесі мемлекет болып саналады,
ал ортақ су қоймаларының су ағынына жағадағы жер иелерінің
ешқандай құқығы жоқ.
Жеке меншік өзендерге жер иелерінің құқықтары басқа. Кеме
жүрмейтін, сал ағызылмайтын
өзен арналары жаға иелеріне
қарайды. Егер басқа арнайы негіз болмаса жаға иелері жерлері
үстімен ағатын судың ағысы ортасына дейінгі суға ие болуға
құқықты.
Франция жер заңында жерді үйлестіру заңдары бар. Заңмен
кірме жерді жою, жерлерді қайта ұйымдастыру бойынша қауымдық,
департтаменттік комиссиялар құрылған.
Керек жағдайда қауым-
аралық комиссиялар құрылады. Егіншілік министрінің төра-
ға сында жерді үйлестіру жөніндегі жоғарғы кеңесші комитет
болады. Осы комитет жерді үйлестіру үшін берілген кредитті
департаменттер арасында үйлестіру,
жеке қауымдарда жерлерді
қайта ұйымдастыру жəне кірме жерлерді жою бойынша комисси-
яны құру қажеттілігі, оларды құру мерзімдері туралы министрге
өздерінің қорытындыларын береді.
Ауылшаруашылық жер меншігін қайта ұйымдастыру мемлекет
есебінен құрылған бір қатар құжаттар негізінде жүргізіледі (9,18-
бап). Негізгі мақсаттардың бірі – ауылшаруашылық жерлердің
өңдеусіз қалмауы. Егер жеке меншік
жер иесінің жерді өңдеуге
мүмкіндігі болмаса, онда жер телімі коммунаға, яғни қауымдақ
меншікке аударылады (13–15-бап). Жұмыстарын жүргізу үшін
коммунаны мемлекет қаржыландырады, бірақ субсидиялар 50%-
107
дан аспау керек. Жер иесі құқығының
құрамдық бөлігі болып,
соның жер теліміндегі орман құқығы саналады. Франциядағы ор-
ман құқықтық тəртібі ормандарды ортақ жəне жеке деп бөлумен
анықталады.
Жеке тұлғалар өз ормандарында, меншік құқығына байла-
нысты шығатын заңда көрсетілген шектеулерден басқа,
барлық
құқықтарын, жүзеге асырады (143–165-баптар). Ормандарды қор-
ғау тек қана «Орман тəртібіне» қарайтын көпшілік ормандарда
ғана жүргізіледі. Жеке орман меншік иелері өз ормандарын қорғау
үшін жергілікті үкімет бекіткен жеке күзетшілерді тағайындай
алады (143-бап). Мемлекеттік ормандардың жалпы мөлшері 14 %
құрайды. Францияның азаматтық кодексінде ауылшаруашылық
жалға беру мəселелері 1764-1778 жəне 1800-1831 баптарда
келтірілген, олар
1. Жекеше жалға алу /беру/ – фермерлік;
2. Сыбағаластық /сыбағалы колонат/;
3. Малды жалға алу сияқты үш түрге бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: