А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
рег.учет. зем.

Шартсыз жеке жер меншігі американдық федерал құқы-
ғында жеке тұлғаға қарайтын, мұралыққа қалдырылатын əлеуметті 
мерзімсіз немесе міндетті түрде болатын (мерзімі белгілі болуы 
міндетті емес) жағдайға қарай тоқталатын иелінген жер деп 
анықталады. Бұл меншік кейбір штаттар конституцияларында не-
месе статустарында бекітілген. Оның құқығын белгілеуші стату-
стар 39 штатта жəне Колумбия округінде бар. Бұл меншік кейбір 
штаттарда бірдей реттеледі. Əдетте, шартсыз меншік мəміле 
нəтижесінде құрылады, егер жерді беру құжатында басқа түрін 
құру ниеті немесе жерді иемденудің азырақ құқығы көрсетілмесе, 
кейбір штаттар заңдары бойынша шартсыз меншікті мұрагерлік 
немесе азаматтық-құқықтық мəміле бойынша алуға болады.
Өмірлік жер меншігі – американ құқығы бойынша – мұра-
герлікке жатпайтын, бір немесе бірнеше адам өмірінің ұзақтығына 
созылатын, бір белгілі немесе есепке алуға болатын мерзімдер, 
сондай-ақ осы жерді берушінің ерігімен аяқталмаушы иемдеген 
жер. Бұл жер меншік түрі қолхат, мұра бойынша немесе заң осы 
құқықтың пайда болуын байланыстыратын жағдайлар арқылы 
пайда болады. Өткізу қолхатын абсалютты меншік иесі ғана 
құрастыра алады. Жерді өмірлік меншікке беруші бұл қолдың 
күшін жоя алмайды. 


103
Қорықтық меншік – мұрагерлікке ауысуда кəдімгідей шек-
телген иесізделмейтін иемденген жер. Бұл меншік нысаны тек 
қана төрт штатта– Делавэр, Мэн, Масачусетс жəне Род-Айлендте 
сақталған.
АҚШ жеке меншіктің арнайы нысаны ретінде жанұялық 
меншік (Homsfeads) айрықша орын алады. Жер меншігінің 
бұл түрі заңды мəнде 1962 жылы белгіленген. Қазіргі уақытта 
гомстеттік заң бойынша 21 жасқа толған жəне жанұя басы болған 
азамат жанұя меншігі ету мақсатымен 160 акр жер алуға құқықты. 
Гомстед жанұялық меншік ретінде меншік құқықтық объектісіне, 
меншік иесінің құқықтық объектісіне, азаматтық айналымға 
қатысуына, мұрагерлікке қалдыруға қатысты бір қатар арнайы 
ерекшеліктермен сипатталады. 
Мемлекеттік жəне жеке меншік иелерінің барлық құқықтары 
жəне міндеттері американ заңымен қорғалады. 
Англиядағы меншік құқығы. Англияда баяғыдан қалыптасқан 
жерді иемдену жəне пайдаланудың құқықтық институты бар. 
Америка заңындағыдай 1925 жылы қарапайымдалынған «estate» 
түсінігі болған. Мемлекеттік жер меншігі 23% құрайды. Мемле-
кет əскери базаларға, мемлекеттік маңызы бар жолдарға, əкімшілік 
жерлерге (порттар, вокзалдар, əкімшілік үйлер астындағы жерлер) 
иелік жүргізеді. 
Англияда жеке жер меншік құқығының мысалдары: 
1. Шартсыз меншік;
2. Өмірлік меншік;
3. Аманаттық меншік;
4. Дербес (сенімді/) меншік сияқты негізгі топтарға бөлінеді.
Жер меншігі құқығының негізгі түрі болып шартсыз меншік 
(estate іn fee sіmple absolute іn possessіon) саналады. Қазіргі ағылшын 
құқығында бұл жерге толық жеке меншік (буржуазиялық) құқығы 
1290 жылы жойылған «қарапайым феод» түсінігінен шығып, 1925 
жылы жаңа заңда негіз алған.
Estate іn fee sіmple меншік құқығын жазып отырып, ағылшын 
заңгерлері меншіктің бұл нысанында меншік иесі жəне басқа 
тұлғалар жерге меншік құқығын ескерген. Жер иесі жерін сата 
алады жəне еркін сатып ала алады. Мысалы, жеке меншік жер-
лер үстінен өту, мал жаю. Ағылшын құқығы бойынша жер иесіне 


104
жер қойнауына, қоршаған ортаға құқық берілген. Əуеде ұшу ту-
ралы акті бойынша меншікті жер үстімен жер иесінің құқығын 
бұзбайтын жылдамдық пен биіктікте ұшақтардың ұшуына бола-
ды. Жер иесі жер бетінің иесі бола тұра, жер қойнауын немесе 
қойнаудың кез келген қабатын өзіне меншіктеуге құқықты. Ан-
глияда су құқығына қатысты «жаға құқығы» бойынша жер иесінің 
үстінен өтетін су ағымын сол жер телімінің иесіне меншіктеуге 
құқықты. Егер су ағыны жер телімінің шекарасы бойымен өтсе, 
онда жер иесі су ағынның жағадан ағын ортасындағы сызыққа 
дейін иелік етуге құқықты. Сондықтан суды пайдалану үшін жер 
иесінен рұқсат алу керек. 
Жер меншігі мүліктік құқықтармен ауыртпалықтануы мүмкін, 
оларды 1925 жылғы заңға сəйкес, «алқаптар» жəне «олжалар» деп 
атайды. Біріншісі – пайдалану құқығы (өту құқығы), екіншісі – 
тұтыну құқығы. Бірінші жағдайда жер құқығын «қызметтік ұстау» 
дейді. Мұнда əңгіме сервитуттармен жер меншігін ауыртпалық тау 
туралы. Ол кепілдік беру арқылы да ауыртпалықтануы мүмкін. 
Меншік құқығы туралы заң кепілдік құқықтарды кеңейтті. 
Мұнда кепілдік алушыға мерзімді ұстау құқығы жəне жай 
ауыртпалықтарды құру құқығы берілген, ал жерге құқық кепіл 
беруші қолында сақталады. 
Англиядағы меншік құқығының екінші түрі – ол «өмірлік 
меншік». «Өмірлік меншік» «шартсыз « меншік иесінің разылығы 
негізінде бекітіледі. Өмірлік құқықтар əдетте, жанұялар актілері 
бойынша құрылады. «Өмірлік меншік иесі» иелену мерзіміне 
шартсыз меншік иесі сияқты құқықтары бар. «Өмірлік меншік 
иесі» қойнауларды пайдалануға жəне қазба орындарын ашуға, ор-
ман пайдалануға құқықты. «Өмірлік меншік иесінің» құқықтары 
жанұялық актілер бойынша бекітілгенде, олар егер шектен тыс 
болмаса тозуға жауап бермейді. Заң бойынша жер телімінің тек 
қана бір заңды иесі болуы керек. 
Меншіктің үшінші түрі – қрықтық меншік құрылтай актісі 
бойынша құрылады. Қорықтық меншік иесі қайтыс болғаннан соң 
мұрагерлікке: 
– тікелей мұрагері;
– өсиет бойынша;
– əйелі белгілеген;
– күйеуі белгілеген;


105
– ері немесе зайыбы жағынан белгіленген жолдармен қал-
дырылады.
Ағылшын құқығы бойынша ерлі-зайыптылар арасында «жан-
ұялық меншік» құру туралы шарт жасауға болады. Мұндағы 
мақсаттар:
– өсиеттік билік етуді шектеу;
– заңды мұрагерлерді мұрадан құр қалдырудан сақтау.
«Сенімді меншік» – ағылшын құқығындағы төртінші мен-
шік құқығының дербес түрі. Сенімді меншік қатынасы – ол 
фидуциалдық қатынас. Мұнда бір тұлға (сенімді меншік иесі) 
басқа тұлға (құрылтайшы – траст бенефицианты) берген мүлікті 
басқарып, үшінші тұлғалармен сол мүліктің иесі ретінде қаты-
настарға түседі. Бұл тұлға траст бенефицианты алдында жауапты.
Мемлекет аграрлық қатынастарға араласуға талай əрекеттер 
жасады. 1954 жылы жергілікті үкімет органдарының жерді са-
тып алу міндеттілігі туралы заңы шыққан. Бұл заң жерді міндетті 
түрде сатып алумен жəне кейбір жағдайда жерді пайдалануға тый-
ым салумен байланысты, меншік иесіне төленетін орнын толтыру 
түрлерін, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру тəртібін белгіледі.
Англияда жалға алудың (беру):
1. Мерзімсіз;
2. Қысқа мерзімді; жылма-жылдық;
3. Бір жылдан аз мерзімді;
4. Ұзақ мерзімді;
5. Келісімсіз жалғасатын түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет