Шабындықтың құрамы: мəдени, түбегейлі жақсартылған, таза,
томарланған жəне орман аралас, зиянды ластанған, жеуге жарам-
сыз жəне улы өсімдікті болып бөлінеді.
Мəдени шабындыққа жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін жəне
күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер
беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.
Түпкілікті жақсартылған шабындық – бұл мерзіммен жаңар-
тылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару
бойынша шаралар кешені жүргізілуі нəтижесінде пайда бола-
тын шабындық телімдері (көбірек пішен орып алу мақсатында
түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді
таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын
егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.
49
Таза шабындыққа (бұта, түбір, ағаш жəне тас сияқтылар
жоқтың қасы), телім ауданының 10 % аз бөлігін жабатын телімдер
жатады.
Томарланған, бұталанған жəне орман аралас шабындықтар
күшті жəне күшсіз болып бөлінеді. Күшсіз томарланған шабындық
деп, егер оның ауданын 10%-дан 20%-ға дейін, ал күшті томарланған
деп, егер томарлар 20%-дан көп жапқан болса айтылады. Күшсіз
бұталанған немесе əлсіз орман аралас шабындықтарға телім
ауданының 10%-дан 30%-ға дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері
жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда
ауданның 30%-дан 70%-ға дейін аумағын алып жатады.
Жайылымға мал жайылымы үшін жарамды жəне жүйелі түрде
пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған
жерлер жатады, бұған шабындықтар мен тыңайтылған жерлер
кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ жəне
батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған
жайылым, мəдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған
жайылым болып бөлінеді.
Түбегейлі жақсартылған жайылым – шаруа малдары жайы-
латын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген
жəне сексеуіл мен бұталар пайда болған жер телімдері.
Мəдени жайылым – түпкілікті немесе жер беті жақсартылған,
жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған
жəне уақты-уақтымен мал айдайтын жайылымдар.
Жайылымды жақсартудың: жердің үстіңгі қабатын жақсарту
жəне түпкілікті жақсарту сияқты екі түрі бар. Біріншісіне, құрғату,
бұталардан жəне ағаштардан тазарту,томарларды құлату, табиғи
шымнан бөлмей шөптерді егу бойынша жүргізілген шаралар
нəтижесінде олардың өнімділігі нəтижелерімен салыстырғанда
жоғарылаған жерлер жатады.
Түпкілікті жақсартылған жайылым – түпкілікті жақсарту
бойынша жүргізілген шаралар нəтижесінде жаңа мерзімдік
жаңартылатын жер оты құрылған жер телімдері.
Отарлық жайылым – шалғайдағы мал жайылымы, яғни малдар
бүкіл маусым бойы жайылымға айдалатын маусымдық пайдалануы-
на, пайдалану мерзіміне байланысты жаздық, көктемгі-күзгі, қысқы
жəне жыл бойғы болып бөлінеді. Қазақстанда жайылымдарды есеп-
ке алу барысында суарылатын жайылымдарды да қарастырады. Су-
50
арылатын жайылымға мал басын сумен қамтамасыз ете алатын, су
көздеріне ие болған жайылымдарды айтамыз. Бұған өзен, көл жəне ка-
налдар жанында орналасқан жайылымдар жатады. Ауылшаруашылық
алқаптарынан басқа есепке алу барысында басқа жер алқаптары мен
пайдаланылмайтын телімлер де қарастырылады.
Орман аудандарына орманмен жабылған, егіс қорғайтын, су
реттейтін, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар
мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойындағы,суаттар, құмдар,
қолайсыз жерлердегі орман парктері, орман питомниктері жəне
кесіліп қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен қураған, күйген
көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық жер) жатады.
Орман белдеулеріне ауылшаруашылық алқаптарын эрозия-
дан, құрғақтану, желден қорғау мақсатымен жəне құрғату немесе
суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман
көшеттері жатады.
Егіс қорғайтын ағаш алқаптарына суарылатын жəне құрғататын
жүйелерді жəне ауыспалы егістер танаптарын қорғау үшін қатар-
қатар егілген орман алқаптары жатады.
Бақтарды, жүзімдіктерді, питомниктерді, плантацияларды
айналдыра егілген орман алқаптары жəне бақ қорғайтын ағаш
алқаптары оларды желден сақтайды жəне климаттасуына ықпал
етеді деп есептелінеді.
Құм қорғайтын орман көшеттері құмдарды бекіту жəне
эрозия дан қорғау мақсатындағы алқаптар түрінде пайдаланылады.
Барлық орман аудандары жабық жəне жабық емес орман ауданда-
ры деп бөлек есептелінеді.
Бұталы алқап түрлері сияқты, жер ауданының 70%-дан көбісін
бұталы өсімдіктер жапқан жерлер. Бұталар құрамы да қорғау жəне
су сақтау міндеттерін атқаратын телімлер аудандары есептелінеді
жəне бөлінеді. Оған: қорғау аймағында, өзен жағасы мен су маги-
стралдарын жағалай жəне эрозияға қарсы маңызы бар тік беткей-
лерде орналасқан бұталар жатады.
Батпақтар деп жерасты суларының көтерілуі жəне атмо-
сфералық жауын-шашын нəтижесінде жер бетінің үстіңгі қаба-
тының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі
жерлерді атайды. Олар өсімдігіне, су режиміне жəне шымтезек
қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі жəне өтпелі болып
бөлінеді.
51
Су асты жерлеріне жалпы су астындағы жəне өзендер мен
жылғалар, көлдер, су қоймалары, тоғандар жəне басқа да жа-
санды суаттар астындағы, каналдар, коллекторлар мен арықтар
астындағы бөлек аудандар жатады.
Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер
мен алаңдар, құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек
есептелінеді. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында бұзылған
сеңдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар, қиыршық тастар, саз
балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа ие-
ленген жерлер де есепке алынады.
Суарылатын жəне құрғатылатын жерлер маңызды шаруа-
шылықтық бағалы алқаптарға жатады. Бəрінен бұрын суарылатын
жүйедегі жалпы аудандар есепке алынады. Оларға барлық суар-
малы жерлер жəне суару көздерінен су қамтасыз етілмеген, бірақ
суару жүйесіне жарамды болған жерлер жатады. Суармалы жерлер
жүйелі суармалы жəне шектеулі суармалы болып бөлінеді. Жайыл-
малы суландырылатын жерлерді бөлек есептейді жəне шығарады.
Оған: құрылыстары дуалдар, бөгеттер немесе басқа да көктемгі су
ағындарын тоқтату үшін немесе арнайы құрылғылар жəрдемімен
суландыру жүйесінен суландырылатын гидротехникалық құрылыс-
тары бар жерлер жатады.
Құрғатылатын жерлерге құрғату жүйелері бар, онда ауыл-
шаруашылық дақылдарын, көшеттерді жəне басқа өсімдектерді
өсіру үшін, əдеттегі су-ауа режимі мен қамтамасыз етілетін жерлер
жатады. Құрғатылатын жерлер құрамында жабық дренаждар жəне
су режимдерін екі жақты реттейтін жерлер бөлек есептелінеді.
Жабық дренаждалған жерлерге материалдық дренаждар салынған
жерлер жатады. Жер алқаптарының аудандары, олардан тұратын
контурлар аудандарын қосу жолымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |