Бақылау сұрақтары:
1. Ауылшаруашылық алқаптары дегеніміз не?
2. Тыңайтылған жерлердің түрлері.
3. Көп жылдық екпе ағаштарының түрлері.
4. Шабындықтар мен жайылымдар түрлері.
5. Орман алқаптарына не жатады?
6. Суландырылатын жайылым дегеніміз не?
7. Қандай жерлер суармалы деп аталады?
8. Құрғатылатын жерлер дегеніміз не?
9. Су асты жерлеріне нелер жатады?
10. Жалпы пайдаланымдағы жерлер.
52
3-тарау
ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖƏНЕ
АВТОМАТТАНДЫРУЫЛҒАН
АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ
3.1. Жер телімдерін тіркеу мен жерледі есепке алу,
есеп беруді құрастыру жəне ақпаратты беру
жұмыстарын автоматтандыру
Республика аймақтарының климаттық, топырақтық жəне эко-
номикалық жағдайлары мен оларда жерлерді пайдалану сипаты
əртүрлі болғандықтан облыстар мен республикада жер кадастрын
жүргізудің ең бір маңызды міндеті – ауылшаруашылық өндірістің
табиғи-экономикалық аймақтар жəне əкімшілік аудандар бой-
ынша жағдайларын даму ерекшіліктерін анықтауға мүмкіндік
беретін мəліметтерді алу болып табылады. Облыста жəне рес-
публикада жер кадастрының объектісі сол əкімшілік-аумақтық
бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып табы-
лады. Мұнда кадастрдың ең негізді əдісі ретінде жер кадастрлық
құжатты жүргізуге, сол аумақтардың əртүрлі түсірулеріне, ізденіс-
зерттеулердің мағлұматтарына, құжаттарына, жерге орналастыру,
мелиорация жəне басқа жобаларының мағлұматтарына сүйенген
құжаттық əдіс қолданады.
Республика, облыстардың жер ресурстарын басқаруда мем-
лекеттік жер кадастры мəліметтерін қолдану ауыл шаруа-
шылығында топырақ құнарлығын жоғарылату жəне пайдалану
тиімділігін көтерумен қатар, жер қорын санаттар арасында қайта
үлестіруде құнды жерлердің сақталуын жəне экономикалық
қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі кезде жерлерді
тіркеудің рөлі жəне мəні өсіп отыр.
Жер телімдерін тіркеу-кадастрлық іс-əрекет ретінде жер
кадастрының барлық құқықтық бөлік негізі деп санаймыз. Оның
53
үстіне нарықтық қатынастарға көшумен, Қазақстанда жер лер-
дің кейбір санаттарына жеке меншік еңгізумен байланысты
мем лекеттік жерлермен қатар жерге жеке меншіктің құқықтық
қорғалуының қажеттілігі туындап отыр.
Бұл жағдай жер телімдерін мемлекеттік тіркеудің рөлін жəне
мəнін одан сайын күшейтеді.
Тіркеуді мемлекеттік жазу деп қарау керек. Оның негізінде
заңды түрде жерді пайдаланушылар жəне нақты жер телімдерін
жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рəсімделеді. Бұл жазу
жерді пайдалану, иелену жəне билік ету заңдылығын дəлелдеуде
заңдық, құқықтық сипатта болады. Жер телімдерін мемлекеттік
тіркеу əртүрлі бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың
тұрақтылығын жəне нысаналық орналуына сəйкес дұрыс пайдала-
нуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіркеуде есептік-тіркеу бірлігі болып жер телімі
алынады. Бұл жер телімі түсінігі ерекшеліктерінен шығады. Жер
телімі бір уақытта пайдалану жəне меншіктеу құқығының объектісі
əрі телімге құқық субъектінің шаруашылық немесе басқа іс-əрекет
объектісі болып келеді. Жаңадан құрылған жер телімін тіркеу негізі
оны бір белгілі мақсаттарда берілу туралы құзыретті мемлекеттік
органның шешімі жəне жерді үйлестіру жобаны орындау мен жер
телімінің шекарасын жергілікті жерде бекіту туралы құжат болып
келеді.
Жерді пайдалану немесе меншіктеу құқығына рəсімдеген
акт жəне жер телімінің құрастырылған жер кадастрлық ісінің
құжаттары негізінде жазу жүргізіледі.
Жер телімдерін мемлекеттік тіркеудің міндеті жерлердің
құқықтық жайлары туралы мəліметтері жүйеленген жəне көрнекі
түрде жинау мен сақтаудан тұрады. Сондықтан жер телімі ту-
ралы барлық негізгі ақпарат компьютердегі магниттік сақтауға
түсіріледі. Сөйтіп, əр жер телімі бойынша ақпарат қолда бол-
ғандықтан ауданның, қаланың, облыстың, республиканың барлық
жерлері бойынша толық ақпаратты біліп отырамыз. Мұнда
сақтаушыларға жер телімдерінің тек қана құқықтық жайы тура-
лы ақпарат түсірілмейді. Сонымен қатар оларға жер кадастрлық іс
құжаттарындағы қалған барлық ақпарат (телімге құқық субъектісі,
орны, нысаналы арналуы, бөлінуі, сервитуттар, ауыртпалықтар,
54
алқаптардың аудандары жəне құрамы, олардың сапалық сипатта-
масы, бонитет баллы, жер телімінің құны жəне т.б. мəліметтер)
түсіріледі.
Нақты айтқанда, бір уақытта жерлерді негізгі жəне күнделікті
есепке алу үшін ақпаратты түсіру мен баланс, есеп беруді
құрастыру үрдісі жүріп жатады.
Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде
рəсімдеу, жерді пайдаланудың (жер телімінің) кемшіліктерін
жою, шекараның дəл орналасуын анықтау, шекараларды межелік
белгілермен бекіту, телім шекарасы бойынша сызықтық жəне
бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мəліметтерді есептік
өңдеу мен ұштастыру, жер телімінің жалпы аудандарын анықтау
жəне жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар
шаруашылықаралық жерді үйлестіру тəртібінде өткізіледі.
Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негі-
зінде шекаралардың бұрылма нүктелері координаттарын жəне
шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мəліметтерін
компьютерге еңгізіп, оператор барлық есептелінген аудандары-
мен, керекті ақпаратпен қоса, жер телімінің дайындалған жоспа-
рын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде жерді
пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актіні
жəне жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу
жерді пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық
құжатты – мемлекеттік актіні беруге мүмкіндік жасайды. Жерді
уақытша пайдалану жалға беру шарттарымен, актілермен,
заңдылық органдардың шешімдерімен жəне жерді пайдаланудың
заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рəсімделеді.
Жер телімінің мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайда-
ланушы немесе меншік иесі аттары, орны, оны беру негізі, ауда-
ны, нысанасы, орналасуы көрсетіледі. Пайдаланатын жерлердің
құқықтық жайларында болған өзгерістер (телімді сату, айырбастау,
бөлу, ауданын, шекараларын өзгерту жəне т.б.) мемлекеттік тіркеу
құжаттарында жəне жерлерді күнделікті есепке алуда көрсетілуі
керек. Тіркеу ауданның (қаланың) жер кадастрлық кітабында
жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер телімдері
тіркелуі керек.
Жер телімінің кадастрлық нөмірі, телімге құқықты субъектінің
аты, оның орны, атқарушы оргадардың актілері, орны, мөлшерлері,
55
жер телімінің жəне жерді пайдалану құқығының базалық құны,
нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитуттар жəне атқарушы
органдар белгілеген жерлерді пайдалану бойынша шектеулер ту-
ралы ақпарат (жер кадастрлық іс, магниттік сақтауыштардағы
ақпарат) жазылып, сақталатын тиісті əкімшілік аудандар (қалалар)
деңгейінде мəліметтер жинақталады. Осы көрсетілген мəліметтер
меншік түрлері жəне жерлер санаттары бойынша жүйелендіріледі.
Жер кадастры базалық құжаттарына:
– жер телімінің жер-кадастрлық ісі;
– тиісті əкімшілік-аумақ бірлігінің мемлекеттік жер кадастрлық
кітабы;
– жер-кадастрлық картасы жатады.
Қазіргі уақытта осы құжаттардағы барлық кадастр ақпараты
компьютерге түсіріліп, магниттік сақтауыштарда сақталады.
Мұндайда мəтіндік ақпаратпен қатар телімдердің жоспарларын
жəне электрондық карталарды өңдеуге, сақтауға беруге мүмкіндік
пайда болады. Сонымен республикамызда жер кадастрының негізгі
операцияларын жəне жұмыстарын жүргізу компьютерлік техно-
логия негізінде орындалады, сөйтіп, ЖК ААЖ қалыптастыруға
жақсы мүмкіндік береді.
Жерді есепке алу дегеніміз – жер ресурстарының мөлшері,
орналасуы, шаруашылық пайдалануы жəне жай-күйі туралы
мəліметтері жинау, жүйелендіру, талдау бойынша мемлекеттік
шаралар. Есепке алудың ең басты міндеті жер қорын алқаптар
құрамы, пайдалану туралы, мерзімділігі жəне аудандар, қалалар,
басқа əкімшілік-аумақ бірліктері бойынша сипаттама беру болып
табылады.
Мемлекеттік жерді есепке алу сапалы жоспарлы-картогра-
фиялық мəліметтер негізінде жер алқаптарының нақтылы жай-
күйі бойынша жүргізіліп, суарылатын жерлерді есепке алуға ерек-
ше көңіл бөлінеді. Мұнда ауылшаруашылық арналуындағы жəне
елді мекендер жерлері мұқият есепке алынады.
Жер кадастры жүйесінде жерлердің сапасын есепке алуда
топырақтармен қатар жерлерді де топтастыру жұмысы қарас-
тырылады. Жер қорын топтастырғанда жерлер деп ауыл жəне ор-
ман шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде, жерлердің
арналуын, қолданылуын жəне оларды қорғау, жақсарту бойынша
56
шараларды себептеуші өзгеше табиғи–шаруашылық саласы бар
құрлықтың ең белсенді сыртқы бөлігінің генетикалық телімдерін
айтады.
Жерге күрделі табиғи-шаруашылық кешен ретінде түсінік бер-
генде топырақты оның ең негізігі құрамдық бөлігі деп қарайды.
Жерлерді топтастыру негізіне олардың жай-күйі жəне оған
сəйкес оларды ауыл шаруашылығында пайдаланылу өндірістік
мүмкіндіктері алынады.
Қазақстан Республикасының жер қорын топтастырудағы не-
гізгі таксономиялық бірлігі ретінде еңгізуін жер қорын табиғи-
ауылшаруашылық аудандастыруда бөлінетін жерлердің аймақтық
түлері жəне жарамдық санаттары, жер кластары, əр аймақтық түр
шегінде, жерлердің класс сипаты түрлері немесе топырақтар топ-
тары ретінде көрсетіледі.
Жерлердің аймақтық түрлері табиғи-ауылшаруашылық ай-
мақтар шекараларымен аумақтық беттесіп, табиғи ортаның ай-
мақтық жағдайларын жəне егіншілік, мал шаруашылығы, орман
шаруашылығы үшін жерлерді пайдаланудың жалпы бағытын көр-
сетеді. Жер қорын топтастыруда жарамдылығы бойынша жерлер:
1. Жыртылуға жарайтын;
2. Негізінде шабындыққа жарайтын;
3. Жайылымды;
4. Түбегейлі жақсартудан соң ауылшаруашылық алқаптарына
жарайтын;
5. Ауылшаруашылық алқаптарға аз жарамды;
6. Ауылшаруашылық алқаптарға жарамайтын;
7. Бұзылған санаттарға бөлінеді.
Жерлерді белгілі жарамдық санатына, класына, түріне жат-
қызу сол немесе басқа алқаптар құрамында оларды пайдала-
ну мүмкіндігінің сипатына, ерекшелігіне кəдімгідей əсерін
тигізетін нышандары жəне қасиеттері арқылы жүргізіледі. Жер
алқаптарының саласын жəне мөлшерін есепке алу жер түрлері
шегінде топырақтардың механикалық құрамы, тастану, сортаңдану,
батпақтану, бүліну, тұздану дəрежесі, қара шірік мөлшері, жер
бедері жəне т.б. бойынша жүргізіледі.
Жерлердің сапасын есепке алу материлдары алқаптардың
трансформациялану, топырақтарды ластанудан, бүлінуден қор-
57
ғау, жақсарту жəне рекультивация жолымен жаңа жерлерді
игеру резервтерін анықтау, аумақтарды аудандастыру, ауыл
шаруашылығын жүргізу жүйесін зерттеу, жер қорларын пайда-
лануды болжау, жерлерді бонитировкалау жəне экономикалық
бағалау жұмыстарын жүргізу мəселелерін шешу үшін сипаттама
мен қажетті ақпаратты береді.
Мемлекетік жер-кадастрлық кітабы 4 тараудан тұрады:
– бірінші тарауда кадастрлық нөмірі, құқықтық субъект атта-
ры, атқарушы органдардың актілері, құқықтық субъектінің, жер
телімінің, арналу нысаналарының орындары, бөлінуі, пайдалануы
бойынша сервитуттар жəне шектеулер көрсетілген барлық жер
телімдері есепке алынады;
– екінші тарауда алқаптар түрлері бойынша жəне бөлек суары-
латын жерлердің аудандары есепке алынады;
– үшінші тарауда жерлердің кластары мен олардың құ-
нарлығына əсер ететін нышандар, жайылым жəне шабындық-
тардың мəдени-техникалық жай-күйі бойынша алқаптардың са-
пасы есепке алынады;
– төртінші тарауда жер телімінің жəне жерді пайдалану құқы-
ғының базалық құн көрсеткіштері келтірілген.
Мемлекеттік жер-кадастрлық кітабын жүргізу Жер ресурста-
рын басқару жөніндегі мемлекеттік Комитетінің аумақтық орган-
дарына жүктелген.
Бірінші тарау бойынша жер телімдерін есепке алу:
А-меншік иелерінің жəне азаматтар мен заңды тұлғалардың
пайдалануындағы жер телімдері; Ə-азаматтардың жəне заңды
тұлғалардың пайдалануындағы жер телімдері сияқты екі кестені
толтырудан тұрады.
Екінші тарау алқаптары бойынша жерлердің мөлшерін есепке
алу:
А – азаматтардың жəне заңды тұлғалардың меншігіндегі жəне
пайдалануындағы жерлердің барлығы;
Ə – азаматтардың жəне заңды тұлғалардың пайдалануындағы
жерлердің барлығы;
Б – суармалы жерлер сияқты үш кестеден тұрады.
Төртінші тарау үш кестеден тұрады:
58
А – Өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру жəне саяжай
құрылысын жүргізу үшін берілген жер телімдері жазылады;
Ə – шаруа (фермерлік) шаруашылықтар, ауылшаруашылық
кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тəжірибелік
станциялар жəне басқа мемлекеттік ауылшаруашылық кəсіп-
орындар жазылады;
В – қалалар, елді мекендер, өнеркəсіп, көлік жəне басқа ауыл
шаруашылығына жатпайтын жерлер жазылады.
Кадастрды автоматтандыру жоғарыда көрсетілген кестелерді
толтыру, ақпаратты компьютерге еңгізу жолымен жүргізіліп,
жерлерді негізгі жəне күнделікті есепке алуды, магниттік
сақтауыштарда ақпаратты сақтауды, онымен жұмыс істеуді (топ-
тау, деңгейлер, аудан, қала, облыс бойынша жиналу əдісімен
қосу), есеп беру мəліметтерін алуды, керек кезде оларды түзеуді,
ақпаратты беруді, жер телімінің, кварталдардың, аумақтардың,
аудандардың электрондық карталарын қоса, мүмкін етеді.
Кадастрлық мəліметтерді дəлдеу жəне жаңарту мақсатында:
– жер телімдерінің меншік иелері мен жерді пйдаланушылар,
əкімшілік-аумақ бірліктері əкімінің өкілетті тұлғалары жəне ор-
гандары жылда аудандық Комитетке белгіленген рəсімде жерлер
құрамында болып жатқан өзгерістер туралы есеп беру жылынан
кейінгі жылдың бірінші каңтарындағы күйі бойынша есеп береді;
– Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік Комитеті
Қазақстан Республикасы аудандары, қалалары, облыстары бойын-
ша жерлердің бар болуы, сапалық жай-күйі жəне пайдалану тура-
лы есеп беру жылдан келесі жылдың бірінші қаңтарындағы күй
бойынша есеп құрастырады;
– жылдық есеп беруде ауылшаруашылық алқаптарының бар
болуы жəне көлемдеріндегі өзгерістері (жеке суармалы жəне
құрғатылатын), оларды санаттар меншік иелері жəне жер пайдала-
нушылар бойынша үлестіру, сондай-ақ мемлекеттің жеке меншікке
жер телімдерін сату, тиімсіз пайдаланатын жерлерді қайта алу,
мемлекеттік ауылшаруашылық емес қажеттіліктер үшін бөлінген
жерлер туралы мəліметтер келтіріледі;
– бес жылда бір рет құрастырылатын есепте берілген жерлер
үшін, төлем алу үшін қажетті мəліметтер, санаттар, алқаптар,
меншік иелері, жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар
59
болуы жəне үлестіру, алқаптардың аудандарында болып жатқан
өзгерістер, жерлердің сапалық жай-күйі оларды кадастрлық
бағалау, аумақтың игерілуі туралы мəліметтер келтіріледі.
Аудан (қала) бойынша есепті Комитет мамандары компью-
терде құрады. Барлық керек ақпарат, ең алдымен негізгі жəне
күнделікті есеп мəліметтері мемлекеттік жер кадастрлық кітап
формасында, кесте түрінде компьютер базасында болады. Телім
иелерінің жəне жерді пайдаланушылар есептерінің мəліметтері
есеп мəліметтерімен салыстырылып, өзгерістер еңгізіледі. Со-
дан кейін жылдық есептің кестелік түрлерін компьютерде толты-
ру жолымен есепке цифрлік ақпаратты алады, ал олар мəтіндік
(түсініктеме жазу) жəне графикалық бөлікпен (аудан немесе
қаланың кадастрлық картасымен) толықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |