А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
рег.учет. зем.

 Бақылау сұрақтары:
1. Телімдерді тіркеу бойынша қазір қандай жұмыстар автоматтандырылған?
2. Жерлерді есепке алуды компьютерлеудің мəні неде?
3. Жер жайында статистикалық есептің қандай формалары болады?
4. Мемлекеттік жер кадастрлық кітаптың мазмұны. 
3.2. Жер кадастры автоматтырылған ақпараттық 
жүйесін қалыптастыру
Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді 
тиімді, уақытты жəне сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер ка-
дастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-
геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық 
жəне басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу 
мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. 
Осы ақпаратты іздеу, сақтау жəне пайдалану қазіргі есептеуіш 
жəне телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан ре-
спубликамызда қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер 
кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі бо-
лып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты-
есептеуіш жүйесін құру керек.
ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқару-
дың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технология сын 
пайдаланып, жер кадастырын жүргізудің түбегейлі, жаңа тəсілдері 


60
мен түрлеріне көшу болып табылады. ЖКААЖ тиісті мəліметтер 
базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақ-
тайды. Оларды барлық деңгейдегі кəсіпорындар қызметтері
тиісті министрліктер жəне ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ 
– ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан 
ұйымдастыру – технологиялық жүйе. Оған:
– жер ресурстарын басқару үдерістерінің мүмкіндігінше толық 
ақпараттары;
– басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте 
қысқа уақытта өтуі;
– жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары 
ұйымдылығы;
– басқарылатын жүйеде (жер мониторингі) болатын барлық 
өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
– жер ресустарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін 
қаржыларды нəтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді. 
Қалыптасып жатқан ЖКААЖ қызметі: жер пайдаланушы 
субъектілерге, басқару органдарына, барлық мүдделі органдарға, 
ұйымдарға, кəсіпорындарына заңды жəне сол салада жұмыс 
істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді қамтиды. ЖКААЖ жер 
меншігінің əртүрлеріне негізделінген жер қатынастарының орна-
тылуын қамтамасыз ететін жəне жер нарығының дамуын қолдаушы 
мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады. Оны 
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі Ко-
митет құрамында құруда жəне жүргізуде бұрынғы мемлекеттік жер 
кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі қаралған. 


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет