А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
рег.учет. зем.

 
 
Бақылау сұрақтары:
1. Бақылау түрлерін атаңыз.
2. Негізгі жəне талдаулы жиынтық дегеніміз не?


3. Құбылысты сұрыптау тəсілдерін атаңыз.
4. Бақылаудың құжаттық тəсілінің мазмұны неде?
5. Белгілердің түрі.
6. Топтастыру түрлері.
7. Мəліметтер жинағы дегеніміз не?
8. Орта шаманың түрлері. 
9. Графикалық есептеу əдісі дегеніміз не?
10. Жоспар-картографиялық мəліметтерге қойылатын негізгі талаптар.
11. Түсірістер мен тексерулердің қандай түрлерін білесіз? 
12. Аэротүсіріс, фотопландар дегеніміз не?
13. Ғарыштық түсіріс, аумақты барлап білу (зондирование) дегеніміз не?
14. Топырақ жəне геоботаникалық тексерудің мазмұны.
15. Жер мониторингі дегеніміз не? 
16. Ауытқу түрлері.
17. Динамика қатары, өсу шегі қарқыны, өсу қарқыны.
18. Индекстер, олардың түрлері. 
19. Көптік корреляция дегеніміз не? 


97
5-тарау
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРГЕ 
МЕНШІКТІКТІҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІНЕ КӨШУ, 
ЖЕР РЕФОРМАСЫНЫҢ ДАМУЫ 
МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
5.1. Жерге меншік түрлері мен меншік құқығы
Қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлардың ішінде 
жер негізгі орын алады, ол экономикалық əрекеттер төңірегінде 
маңызды қызметтерді атқарады. Ауыл шаруашылығында жер – 
өндірістің басты бөлігі, өндірістік жəне басқа əлеуметтік істердің 
негізі. Табиғи объектісі жəне адамзат əрекеттерінің кеңістік орны 
ретінде жер қызметтерінің əмбебаптығынан жерді меншіктеу 
мəселе көпжақты, күрделі, бір мағыналы емес болып келді. Жерге 
меншік қатынастарын реформалау мəселелері жер қатынастарының 
іргелі бастауын қамтиды. 
Меншіктік қатынастарды өзгерту мағынасы келесі факті-
лермен себептеледі. Ескі меншік қатынастарын өзгерту, нарық-
тық экономикаға көшу шартты нарықтық қатынастарының 
міндетті қасиеті, белгісі болып келеді. Сонымен қатар бірыңғай 
мемлекеттің меншігінде болған республиканың аса көп жер қоры 
өте-мөте азған,тозған күйде. Ж-ерлердің басым бөлігі, əсіресе 
егіндік жерлер құнарлығын жоғалтты, ал сондай-ақ көптеген 
жер алқаптары былғанып, зиянды, соның ішінде радиоактивтік 
заттармен ластанды. Осы экологиялық қауіпті қатерлердің шын 
аумағы тек қана мамандарға белгілі. Республикамыздың барлық 
халықшаруашылық кешені жүйелі жағдайда аграрлық бөлімдегі 
жекеленудің іс-əрекеттері жер пайдалануды жақсартуға əкелген 
жоқ. Керісінше, кей жағдайда жыртылған құнарлы телімдер жəне 
суармалы ауылшаруашылық жерлері айналымнан шығып қалды. 
Қазақстанда халықтың көпшілігі, нарықтық экономиканың 
барысын дұрыс түсініп, кіші жəне орта бизнес, соның ішінде 
аграрлық бизнестік іске кірісіп кетті. Нарық қатынастарында өз 


98
орнын тауып жатқан əр саланың кəсіпорындар саны күннен күнге 
өсіп келеді.
Жер қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі нарықтық 
экономиканың туындап, дамуымен себептеліп отыр. Бірақ, мұнда 
жерге жеке меншік құқығын тек қана жариялаумен шектелмегені 
жөн. Мұнда жеке меншіктікті енгізе отырып, жалпы мемлекеттік, 
ұлттық, əр жеке азаматтың мүддесі ескерілуі жəне жер қатынастары 
дамуында əділеттік принцип іске асырылуы керек. Республи-
ка ерекшеліктерін ескере отырып, санатқа нысаналы арналуына, 
жерге меншік құқығының субъектісіне жерлерді жеке меншікке 
беру шартын, негізін, тəртібін, құқықтық режимін жеке зерттеу 
қажет. Осы мəселелер дұрыс жəне əділетті шешілсе, жерлерді 
жекешелендіруден туындауы мүмкін қолайсыздықтар азаяды жəне 
тіпті, жойылады. Мұндайда заң актілерінде жерге мемлекеттік 
жəне жеке меншік түрлерінің теңдік жəне қатарлық принципі 
сақталуы керек. Кейін, аздап жеке меншік түрі кеңейтілгені жөн. 
Сөйтіп, жерлерді қайта құруға эволюциялық сипат беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет