А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
рег.учет. зем.

 Қазақ Республикасында жерге меншік құқығының түсінігі
Меншік құқығы Қазақстан құқық салаларының негізгі инсти-
туты болып табылады. Нарық қатынастарының дамуымен, жерге 
жеке меншік құқығы қалыптасуымен байланысты жер құқығында 
бұл институт мағынасы өсіп отыр. 
Адамзаттың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктің 
жалғыз қайнар көзіне қоғамдық өндіріс үрдісі жатады. Бірақ 
жердің өзіне ғана тəн ерекшеліктері болады. Мысалы, жер адам 
еңбегінің нəтижесі, өнімі емес, ол табиғаттың бір бөлігі, жер беті 
көлемін адам өзінің қажеттілігі үшін өзгерте алмайды. Табиғаттан 
материалдық игілік алу үшін, адамдар бір-бірімен өзара 
қатынастарға түседі (қоғамдық қатынастар). Ол қатынастардың 
мəні – сол материалдық игіліктерді өздеріне меншіктеп алу. 
Меншік – қоғамдық қатынастардың бір түрі. Мұнда бір тұлға 
белгілі заттарға иелік жүргізіп, басқа тұлғаларды осы билікке ара-
ластырмайды. Меншіктің барлық түрлеріне бірдей құқық құзыреті 
тəн, олардың мазмұндары жəне аумақтары əртүрлі. 
Жерді иемдену құқығы – Қазақстанның жер телімін немесе 
жер қорының белгілі бөлігіне заң негізінде нақты қожалық ету 
мүмкіндігі. 


99
Заңға сыйса, меншік иесі емес те жерге ие бола алады. Қарсы 
жағдайда, жерге өз еркімен иелік жасау, басып алу немесе өз еркі-
мен жерді беру, заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.
Кəдімгі мүлікті меншік иесі өзінің қажетіне қарай оларды 
ауыстыруға мүмкіндігі бар (басқа мекенге апару, қоймаға жабу 
жəне т.б.). Ал жерді иемдену дегеніміз – белгілі шарттылық ұғым, 
жерді басқа жерге ауыстыруға болмайды, сондықтан оған қожалық 
жасау шектеліп отырады. Жерді иемдену жерді үйлестіру жобасын 
натураға көшіру – жер телімі шекараларын бекіту жолдарымен 
жүзеге асырылады. Сонымен қатар жерлерді аймақтарға бөлу, бас 
жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына жəне 
қала салу құжаттардың басқа түріне сəйкес пайдалану жолымен 
оларды иемденуге болады. 
Жерді пайдалану құқығы – жерлерді шаруашылық жəне басқа 
пайдаға асыру, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсаты үшін 
оның пайдалы қажеттерін алу заң жүзіндегі мүмкіндік. Бұл құқық: 
а) жер телімін пайдалану бойынша меншік иесінің құқығы 
жəне жер иесінің құқығын іске асыруға болатын тəсіл;
ə) құрылыс, ғимараттар салу жəне мелиоративтік жүмыстар 
жүргізу жолымен жерде еркін шаруалау сияқты екі негізгі түрлерде 
байқалады.
Жерге билік ету құқығы – осы нысанының заңдық тағдырын 
заң жүзімен анықтау. 
Меншік иесі емес (жалға алушы) жер иесінде бұл құқық жоқ 
немесе ол шектелген жəне тек қана меншік иесінің келісуі бойын-
ша ғана жүзеге асады.
Жерге билік етудің: 
а) жердің (жер телімінің) нақты жай-күйінің өзгеруі; оның, 
əсіресе жердің заңдық статусының өзгеруі;
ə) жерлердің құқықтық тəртібінің өзгеруі (жерді меншік иесінің 
сатуы);
б) жер телімдерінің меншік иелері болып табылатын тұлғалар 
құрамындағы өзгерістер сияқты үш негізгі түрі болады.
Осы аталған жерге меншік құқығының жерді иелену, пайда-
лану жəне билеу құқылылық субъективтік мағынада құқықтың 
əртүрлі сапалары: 


100
1. мемлекеттік құқық нормаларында;
2. əкімшілік құқық нормаларында (мемлекеттік кəсіпорын 
басқару бойынша министрліктердің жəне ведомстолардың құ-
қылықтары);
3. азаматтық құқық нормаларында (жерді мұра етіп қалдыру, 
сату, сатып алу, кепілдікке беру жəне жермен басқа операциялар 
жасау құқықтарын жүзеге асыру тəртібі бекітілген);
4. қаржылық құқық нормаларында (жерлерді пайдалану бой-
ынша шараларды қаржыландыру жəне жер телімдеріне меншік 
қатынастарын жүзеге асыру қолданатын қаржы-құқылық жазалау 
шараларын қолдану ережелері анықталады);
5. қылмыстық құқық нормаларында (жер телімдерін өз еркімен 
алып қою, жерлерді иемдену, пайдалану жəне жер телімдерімен 
мəміле жасаудағы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік 
белгіленеді) кездеседі.
Жер қатынастарын жерге жеке жəне басқа нысандағы меншігіне 
негізделінген мемлекеттік реттеу əртүрлі өзгерісте барлық дамыған 
шет мемлекеттерге тəн. Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болған 
сайын, онда жерге жеке меншіктікті реттеу қатаңдай түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет