101
босалқы жер қорын құрады. Ал қор федералдық үкімет билігінде
болады. Жер иесіз қалса, ол мемлекетке аударылады.
АҚШ президентіне өз қарауы бойынша кез келген гидроэнер-
гетика, ирригация жəне басқа пайдалы мақсаттар үшін
қажетті
жерлерді мемлекеттік қордан алу құқығы табысталған. Бос жер-
лерге мемлекеттік меншік құқығы заң бойынша жеке кəсіпкер
мүддесіне нұқсан келтірмеу керек. Əсіресе су, жер қойнауларын
пайдалану мəселесінде ерекше қаралған. Сондықтан барлық жер
қоры ізденістер жəне пайдалы кендерді барлау үшін ашық, қол
жетерлік болуға тиіс. АҚШ тау заңдарына сəйкес
жеке тұлғалар
жер қойнауларын пайдалану мақсатымен сол жерлерді сатып алуға
мүмкіндігі бар. Басқа жағынан, егер мемлекеттің ирригациялық
жəне басқа мақсаттар үшін алған жерлері сол мақсаттар үшін ке-
рек болмай қалған жағдайда, Ішкі істер министрлігі сол жерлерді
бағалап, ашық сауда арқылы АҚШ азаматтарына сатуға құқылы.
Мемлекет жерлері қойнауларының құқықтық тəртібін
анықтаушы жалпы ереже бойынша
барлық жағдайда пайда-
лы кеңдері мен құнды жерлерді сатуға болмайды (заңда арнайы
көрсетілген жағдайлардан басқа).
Федералдық үкімет жағынан суға билік ету құқығы барлық бос
жерлерге меншік құқығына негізделеді. Сонымен қоса штаттар
өзінше бос су түсінігін анықтап, сол суларды пайдалану тəртібін
белгілейді. Бір штаттарда су
бос деп жарияланып, мемлекеттің
басқаруымен жалпы пайдалануға берілді. Басқа штаттарда,
жағалаулық құқықы бойынша жеке
меншіктегі сулардан басқа
барлық сулар бос деп саналады. Бұл жағдайлар Аризона, Айда-
хо, Солтүстік Дакота, Калифорния, Колорадо, Нью-Мехико штат-
тарында байқалады. АҚШ жер заңында жерге, қойнауларға, суға
жеке меншіктің басымдылығы айқын көрінеді. Заңдарда,
кодек-
стерде, статустарда жерге ең жоғарғы меншік мемлекеттік деп
көрсетілсе де, жер қатынастарының басты принципі ретінде жерге
абсолюттік жеке меншік бекітілген.
АҚШ жер меншіктерінің нысандарын түсіну үшін ағылшын-
американдық институттар үшін ең негізгі «estate» деген
сөзді
ұғыну қажет. «Estate» иеліктегі немесе иелік болатын, ұзақтығымен
өлшенетін жерге құқық деген ұғым. Сондықтан «estate» сөзі тек
қана жерді иемдену құқығына қатысты қолданады.
102
Жерді иемдену құқығы:
1. Еркін:
2. Еркін емес болып екі түрге бөлінеді.
Иемденген еркін жерлер – меншік, ал еркін емес жерлер –
жалға берілген (жалға алу) болып саналады.
Жалға беру ұзақтығы бойынша жалға алудың:
1. қысқа мерзімді (1,2,3 жыл – штат заңдарына сəйкес);
2. ұзағырақ (10 жылға дейін);
3. ұзақ мерзімді (15-20 жылдарға дейін);
4. қайталанатын жалға алу;
5. мерзімсіз сияқты түрлері болады.
Американдық құқық бойынша жер меншігі (еркін жерді
иемдену-frecholot estate) үш түрде болады:
1. Шартсыз меншік – абсолютті феод нысандағы жерді иемде-
ну (estate іn free sіmpl absolute);
2. Өмірлік меншік – өмір бойы жерді иемдену (estate yor lіfe);
3. Қорықтық меншік – (estate іn free taіl).
Достарыңызбен бөлісу: