120
3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары
бойынша:
1. Орманды дала;
2. Дала;
3. Қуаң дала;
4. Шөлейтті;
5. Шөлді;
6.Тау етегі-шөлді-далалық;
7. Субтропикалық шөлді;
8. Субтропикалық-тау етегі-шөлді;
9. Орта азиялық таулы;
10. Оңтүстік-сібір таулы аймақтар ерекшеленеді.
Жерді санаттарға жатқызу, оларды бір санаттан басқасына
ауыстыру
Жерді осы Кодекстің 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды,
сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланыс-
ты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар осы
Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
белгіленген, жер телімдерін алып қою жəне
беру жөніндегі өз
құзыреті шегінде жүргізеді.
Жерге меншік
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте бола-
ды. Жер телімдері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар
мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жер заңдарының қағидалары
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1. Қазақстан Республикасы
аумағының тұтастығы, қол
сұғылмаушылығы жəне бөлінбейтіндігі;
2. Жерді табиғи ресурс, Қазақстан
Республикасы халқының
өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
3. Жерді қорғау жəне ұтымды пайдалану;
4. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5. Жерді нысаналы пайдалану;
6. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы;
121
7. Жердің жай-күйі жəне оған қолжетімділік туралы ақпаратпен
қамтамасыз ету,
8. Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды
мемлекеттік қолдау;
9. жерге залал келуін болдырмау
немесе оның зардаптарын
жою;
10. Жерді ақылы пайдалану қағидаларына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: