108
Ресей Федерациясындағы айырмашылық жерлер федералдық
жəне федерация субъектері жерлері деп бөлініп, кейін санаттарға
айырылады.
Əлем мемлекеттерінің бір қатарында жерге мемлекеттік
меншікпен бірге басқа да муниципиалдық, аймақтық,
регион-
дардың, шіркеулердің жəне т.б. ортақ меншік түрлері болады:
Мысалы, АҚШ-та барлық жерлердің 2/3 жеке меншік иелерінде.
Пайдалануға жарамдылығы төмен жерлердің көп аудандары мем-
лекет меншігіне жазылған штаттар да бар (50%-дан 75%-ға дейін,
ал Аляскада барлық жер).
Көптеген мемлекеттердің меншігінде əскери базалар, қатынас
жолдар, айналымға кірістірілмеген ормандар орналасқан жерлер
болады. Канадада – 90%-ы, ФРГ-да – 31%-ы, Францияда – 14%-ы,
Голландияда мемлекет есебінен теңіз түбін игеру, суару, құрғату
арқылы алынған жерлер мемлекет меншігіне қалып, жалға неме-
се мерзімсіз пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда
жердің басым бөлігі мемлекет меншігінде қалып отыр. Орман,
су қорының жерлері, ерекше қорғалатын
табиғат аумақтарының
жерлері толығымен, сондай-ақ басқа санаттардың көп жерлері
мемлекет меншігінде қалып отыр. Оның себебі, жердің басым
бөлігін
азаматтармен, мемлекеттік, мемелкеттік емес заңды
тұлғалармен тұрақты (мерзімсіз) немесе уақытша (ұзақ мерзімді,
қысқа мерзімді) құқықпен пайдаланып жатыр.
Жалға беру шарты жер телімін бастапқы жер пайдаланушы
кейінгі (уақытша) пайдаланушыға беру мəміле негізінде болады.
Жалдаушы болып табылатын кейінгі жер пайдаланушының жалға
алған жер телімін қайталап жалға беруге құқықты. Ал Ресей Фе-
дерациясы заңындағы айырмашылық жалға беру жер телімін
пайдаланудың бір дербес түрі болып бөлінген. Қазақстанда жəне
Ресей Федерациясында жерді жалға
беру негізінде пайдалану
құқықтық режимі бойынша уақытша жерді пайдалануға жақын.
Оның себебі: жалға беру жерді пайдаланудың уақытшалығы,
шарттық пайда болу негізі жəне пайдаланудың тегін еместігі.
Бірақ, Ресей заңында жерді жалға берудің реттеуші, шектеуші
механизмдері кеңірек берілген. Мысалы, жылдан астам жалға беру
шарты міндетті түрде мемлекеттік тіркелу керек, жалға алушының
құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершіліктерін анықтау
көрсетілген. Ресей Федерациясы Азаматтық кодескінің 613-ба-
109
бына сəйкес үшінші тұлғалардың заң немесе шарт бойынша ие-
ленген мүлікке, соның ішінде сервитуттікке кепілдік құқықтары
қамтылған. Мүлікті жалға беру сол құқықтарды тоқтатпайды жəне
өзгертпейді. Жер телімінің иесі кепілдік шартқа отырған соң оны
жалға бергеніне қарамай кепілдік
ұстаушы кепілдікке берілген
мүліктің құнын өндіріп ала алады. Осылайша сервитутты – үшінші
түлғаға жер телімін шектеулі пайдалану құқығын беруді белгілеу
мəселелері де шешіледі.
Кейбір елдерде жер қорларын басқарудың жалға беру түрі ең
бастысы болып келеді. Мысалы, Израильде жерді жалға беру жер
пайдалануды бақылаумен бірге жүргізеді:
– шартта екі жақтың құқықтары мен міндеттері анық
көрсетілген;
– жерді саудаға салуға, нысанасыз пайдалануға жол бермейді;
– бюджетке жер үшін төлемнен қаржы түсуі қамтылады;
– мемлекет жерге билік жасау құқығын толық жүзеге асырады.
АҚШ-та жалға берудің:
1. Сенімді иелену;
2. Өмірлік иелену сияқты түрлері бар:.
Сенімді иелену меншік иесімен (еркін иеленушімен) үшінші
тұлғаларға қатысты өз міндеттерін жүктеу үшін бекітіледі. Бұл
үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік. Осы тұлғалар пайда-
сына сенім иеленушіден табыс түсу көзделген.
Өмірлік иелену белгілі бір тұлғаға өмір бойына жер иесінің
беретін құқығы. Оның меншік иесіндей құқығы бар, бірақ
оның алдында жерді бүлдіргені үшін жауапты тəртіп
бойынша
жалға алушы сол жерлерді тек өз өмірі ішінде ғана тоздыруы
мүмкін, мұрагерлікке қалдыра алмайды жəне т.б. Жерді иеле-
ну құқықтарының бұл түрлері көп нышандары бойынша өмірлік
мұралық иелену жəне тұрақты пайдалану құқықтарына жақын.
Біздің республикамыздың жер заңдары жан жақты қамтылмаған,
біздіңше мұрагерліктің түр-түрі əлі де толық жасалған жоқ.
Казақстан Республикасында жерге меншік құқығының ерек-
шеліктері
Жер қатынастары мен жер,
жерге жеке меншік құқығының
институты шешуші болып табылады. Меншіктің көптүрлілігін
110
белгілей тұра, мемлекет заң алдында олардың теңдігін жəне жер-
ге қатысты шаруашылықтың барлық түрлерінің дамуына кепілдік
береді.
Құқықтық жөнінде жер қатынастарын реттеу мəселелері жер
құқығына қатысты, ал оның бір бөлігі азаматтық құқықпен реттеле
алады. Бұған себептер:
– жер меншігі түрлері, формалары бойынша көп түрлі
болғанымен, азаматтық құқық ретінде көбінесе, жеке меншіктік
ауқымда қызмет етеді;
– тауарлық айырбастаудың кəдімгі заттары сияқты жерлердің
бəрі сатыла бермейді, мысалға ерекше қорғалатын табиғат
аумақтарының жерлеріне жататын жер телімдері жəне ортақтасып
пайдаланатын жерлер жеке меншікке сатылмайды;
– жермен мəміле азаматтық
құқығындағы тұтыну заттарын
сату-сатып алу сияқты жасалмайды, ол айрықша іс əрекеттерді
жүргізуді талап етеді;
– жеке меншікке сатылатын жер телімдеріне байланысты заң
арнаулы шекті нормаларын (мөлшерлерін) белгілейді;
– жер заңында келтірілген жердің нысаналы арналуы сақталуы
керек, телімді сату, мұралыққа беру кезінде оның нысаналы арна-
луын, əсіресе мəміле объектісі ауылшаруашылық алқаптар болса
(азаматтық құқықтары), заттарды сату-сатып алуда шектеулер жоқ/
өзгертуге болмайды.
Азаматтардың жер теліміне жеке меншік құқығын:
1. Меншік иелерінің субъективтік құралы;
2. Жер телімдерін нормалау;
3. Жер санаттары бойынша шектеу сияқты ерекшеліктер сипат-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: