123
Жер үшін төленетін төлемдер (Қазақстан Республикасының
Жер кодексі)
1. Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы
немесе бастапқы
уақытша өтеусіз жер пайдаланудағы жер телімдеріне Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сəйкес жер салығы салынады.
2. Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер
телімдері үшін жер телімдерін пайдалану төлемақысы алынады.
Жер телімдерін пайдалану төлемақысын есептеу жəне жергілікті
бюджеттің кірісіне төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының
салық заңдарына сəйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының
аумағында басқа мемлекет-
терге жер телімі жалға берілген кезде жер телімдерін пайдала-
ну төлемақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттарда айқындалады.
3. Жер телімдерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру
өтеулі негізде, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша
ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімін
ұзартып сату арқылы
жүргізіледі, бұған:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына – тұрғын үй-
жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектілеріндегі мінсіз
үлесі ретінде;
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген
нормалар шегінде өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу,
бағбандық, жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылыстары үшін;
3. Осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген өзге де жағдайларда,
жер телімі меншікке
өтеусіз негізде берілетін жағдайлар қосылмайды.
Жер теліміне жеке меншік құқығын өтеулі түрде беру (сату)
немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын өтеулі түрде беру
(сату) төлемақысы жер телімдері үшін төлемақының базалық став-
каларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы шығарылатын
кадастрлық (бағалау) құны негізінде есептеледі.
4. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
телімдерін жеке меншікке сатқаннан түсетін қаражат ұлттық
қорға аударылады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тəртіппен пайдаланылады.
124
5. Өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық
жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылысы үшін
өтеусіз берілген
жер телімінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер телімінің
меншік иесі жер телімінің өзгерген нысаналы мақсаты үшін
Қазақстан Республикасының заңында көзделген кадастрлық
(бағалау) құнына тең болатын соманы жергілікті бюджеттің
кірісіне төлеуге міндетті.
6. Мемлекеттік заттай гранттар түріндегі жер телімдері мен
жер пайдалану құқығы инвесторға осы Кодекске жəне Қазақстан
Республикасының инвестициялар туралы зандарына сəйкес
беріледі.
Жер телімін заттай грант ретінде
беру туралы атқарушы
органның шешімі инвестициялар жөніндегі уəкілетті органның
шешімі негізінде қабылданады.
7. Меншік иесі жер телімін сатқан немесе жалға берген кезде,
мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану
құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер телімін
кейінгі жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер телімдері
үшін төлемақының мөлшері, мерзімдері мен нысаны Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарына сəйкес сатып алу-сату не-
месе мүлік жалдау шарттарымен ай-қындалады.
Достарыңызбен бөлісу: