А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 МАРКЕТИНГТІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Маркетинг (1)

1. МАРКЕТИНГТІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ 
1.1. Маркетинг түсінігі жəне мəні 
АҚШ əдебиетінде «маркетинг» термині XIX ғасырдың соңы 
мен XX ғасырдың басында пайда болды. Маркетингтің жарнама, 
тауарды өткізу, сауданы ұйымдастыру сияқты элементтері 
бұдан біраз уақыт бұрын белгілі болғанымен, экономика пəнінің 
құрамына енбеді. 
Қазіргі заманғы маркетингтің пайда болуы мен дамуының 
алғышарттары мыналар болып табылады: əлемнің дамыған 
елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамуы жəне заңдардың 
жетілдірілуі, халықаралық еңбек бөлінісіне ықпал еткен ғылыми-
техникалық, технологиялық өрлеу, бəсекелестік күрестің өсуі. 
Осының барлығы маркетингтің ғылым, өнер, экономикалық пəн 
ретінде теориялық жəне практикалық негіздерінің қалыптасуына 
себеп болды. 
Маркетинг ғылымының негізін американдық профессор Филип 
Котлер қалады. Ол маркетинг пəнінің құрылымын жасап, басты 
түсініктерін анықтады, негізгі тұжырымдамасын қалыптастырып, 
оларды жүзеге асыру жолдарын көрсетті. 
Маркетинг тұжырымдамасының негізгі идеясы — тұтынушы-
лардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. 
Котлердің пайымдауынша, маркетинг дегеніміз — айырбас 
жолымен мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға 
бағытталған адам қызметінің бір түрі (1.1. сурет).
Маркетингтің басты назар аударатын нысандары: адам 
қажеттіліктерін түсіну жəне басқару, сұраныс, тауарлар, айырбас, 
келісім, нарық, тапсырыс. 1.2. суретте маркетинг нысандарының 
қарапайым байланысы көрсетілген. 
Маркетинг адам қызметінің бір түрі ретінде өндірісті, ұсынысты, 
тауарлар айырбасын осы тауарлар қоғамның əрбір мүшесіне жəне 
оның жекелеген топтарына қажет болатындай дəрежеде басқару 
дегенді білдіреді. Маркетингте зейіннің, зерттеудің, егер мүмкін 
болса, басқарудың негізгі нысаны — адамдардың қажеттіліктері, 
1
Меңгеру қажет түсініктер қара шрифтпен берілген. Бұл түсініктерді білу дең-
гейі тестілеу кезінде тексеріледі.


6
7
мұқтаждықтары, сұраныстары, тауар, айырбас, келісім, нарық 
болып табылады. 1.2. суретте маркетинг нысандарының қарапайым 
өзара байланыстары ұсынылған. Оларды жан-жақты қарастырып 
көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет