14
15
1.4.4. сурет. Айырбастың тұрақты мүмкіндігінің негізгі шарттары
Айырбас — маркетингтің ғылым ретіндегі негізгі түсінігі.
Ерікті айырбас жасау үшін төмендегі
бес шарттың орындалуы
қажет (1.4.4. сурет).
1) тараптар кемінде екеу болуы керек;
2) əрбір тарапта екінші тарап үшін құнды саналатын зат болуы
қажет;
3) əрбір тарап қызығушылық танытқан тарапқа тауар туралы
хабарлап, оның жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс;
4) əрбір тарап екінші тараптың ұсынысын қабылдау немесе одан
бас тарту туралы шешім қабылдауда тəуелсіз болуы керек;
5) əрбір тарап екінші тараппен жұмыс істегісі келетініне сенімді
болуы керек.
Аталған бес шарт бар болғаны айырбастың əлеуетті мүмкіндігін
көрсетеді. Ал айырбастың болу-болмауы — тараптардың оның
шарттарына байланысты келісімге келуіне байланысты. Егер
келісімге қол жеткізілсе, оның барлық қатысушылары пайда табады
(немесе, ең кемінде шығынға ұшырамайды)
деген қорытынды
жасауға болады. Себебі, олардың əрбірі ұсынысты қабылдауға
немесе одан бас тартуға ерікті.
Достарыңызбен бөлісу: