16
17
Нарықтың мөлшері — мұқтаждықтарды жəне
қажеттіліктерді
белгілі бір ресурстарды керек ететін, басқа да жеке дара
айырбастауларға жағдайы келетін жəне тілек білдіруші адамдардың
санына байланысты. Мамандар бұл терминді тұтынушылар мен
сатушылар
тобына қолданады, олар белгілі бір тауарды немесе
тауарлардың бүтін тобын айырбастайды. Астық нарығы, валюта
нарығы жəне т.б. осыдан шығады.
Қазіргі заманғы экономика көптеген нарықтардан құралады.
1.6.1. суретте негізгі бес нарық пен олардың арасындағы байланыс
көрсетілген.
Ресурстар нарығында (шикізат нарығы,
еңбек нарығы, ақша
нарығы жəне т. б.) өндірушілер ресурстарды иеленіп, оларды тауар
мен қызметке айналдырып, дайын өнімді тұтынушыларға өткізетін
делдалдарға сатады. Тұтынушылар өз еңбектерін сата отырып,
тауар мен қызметке ақы төлейді. Үкімет салық түрінде алынған
ақшалай қаражаттарды нарықтағы ресурстарды сатып алып,
оны өндірушілер мен делдалдарға
қоғамдық мұқтаждықтарды
қанағаттандыруға бағдарлайды.
Əлемдік нарықтық экономика айырбас үрдісімен біріккен өзара
əрекет ететін нарықтар кешені болып табылады.
Маркетинг айырбас арқылы адамдардың мұқтаждықтары мен
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында нарықта жұмыс
істеумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: