80
81
салы, зерттеуші сұхбат алынған адамның мүддесіне қатты тиетін
мəселелер айтылған жəне ол қарсылық
танытқан кездерде осы
жанға бататын мəселеге қайта оралу қажет болады.
Зерттеуші тексеру саласына көңіл бөледі.
Тексеру саласы жұмыстың ең басында анықталып, долбар ретінде
ұсынылған жұмыс болжамына сəйкес келуі мүмкін. Ол жалпы
əңгімелесулердің мазмұнын саралау негізінде анықталуы мүмкін.
Осы арқылы əңгімелесудің 6 түрін бөліп көрсетуге болады:
А. Ассоциативті əңгімелесулер;
Ə. Проецияланатын тесттер;
Б. Ретроспективті əңгімелесулер;
В. Шығармашылық қиялға сүйенген əңгімелесулер;
Г. Тартыншақтық немесе қобалжуды тудыратын əңгімелесулер;
Д. Топтағы əңгімелесулер.
А. Ассоциативті əңгімелесулер. Тікелей сұрақ қоюдың орнына,
біз сұралғандарды мынандай сауалмен бағыттаймыз: «Мына ... не-
месе ана .. көргенде қандай ой келеді?», «... туралы қандай ой пайда
болды?» жəне т.б.
Бір жоспарлы тəртіпте бір оймен екінші ойды байланыстырып,
тексеру жүргізуге болады. Бірақ, еркін ассоциацияның туындау-
ына апаратын, сұхбат алынатын адамның эмоциясына əсер етіп,
түрлі жоспарларға ауысуға бағыттауға да болады.
а) Еркін ассоциация. Бұл — сұралғандардың тереңдегі түрт-
кілерін анықтауға мүмкіндік беретін ең жақсы əдістердің бірі.
Бұл əдіс сұралған адамға ойына келгеннің бəрін айтуға
мүмкіндік береді. Сөзбен жеткізуге болатын жəне
ұсынылған
затқа байланысты туындаған барлық импульстар, олар айтылған
тəртіпте мұқият тіркеліп, сараланады.
ə) Сөздік ассоциация. Бұл жерде зат емес, сөз импульс болып та-
былады. Сұхбат алынатын адамға «индуктор» деп аталатын сөзді
айтады, ал адам ойына келген бірінші сөзді барынша жылдам айту
керек. Бұл əдіс толық əділетті ойға негізделген. Адам мұндай сөзге
қатысты реакциясын тез көрсету арқылы нені қалай айтатынына
сүйеніп, өзі туралы көп нəрсені білуге мүмкіндік береді.
б) Бақыланатын сөздер ассоциациясы. Кейбір жағдайларда сұх-
бат алынатын адамды жауаптың бірнеше түрімен шектеген дұрыс.
Бұл əдіс сауда маркасының атауына, тұтынушылық тауарларға жəне
т.б. қатысты түрлі сауалнамаларда қолданылуы керек.
в) Фразаны толықтыру əдісі. Адамға ол толықтыруға тиісті
толық емес сөйлемді береді.
Ə. Проециялау тесттері. Сұралатын адамға суреті бар мəтінсіз
қағаз береді. Бұл суреттерде немесе
фотосуреттерде қандай да
бір мəселені шешіп жатқан, кəдуілгі жағдайға тап болған адамдар
бейнеленуі мүмкін (олар сұралатын сала суреттен көріну керек).
Бұл материалға қатысты оқиға құрастыру, бұрын не болғанын
жəне сосын не болатынын елестетіп, кейіпкерлердің арасындағы
диалогты ойлап табу ұсынылады.
Материалды саралау көптеген
жағдайларда адамдардың өз
мəселелерін кейіпкерлерге аударатынын көрсетті. Олар осы арқылы
өздері тікелей бере алмайтын ақпараттарды жеңіл айтып береді.
Проециялау тесттерінің түрлерін қарастырып көрелік:
а) Апперцепцияның тақырыптық тесті. Бұл əдісте көріністер,
суреттер, фотосуреттер, жарнамалық мəтіндер пайдаланылады.
Кейбір жағдайларда бұл əдіс еркін əңгімелесуді алмастырады,
мəліметтерді салыстыру жолымен толықтырады немесе тексереді.
ə) Розенцвейгтің фрустрация тесті. Бұл тест алдыңғы тест
секілді ұстанымға негізделген. Бірақ, оның мақсаты — Р. Б. Кэт-
тел бастапқы сызық деп атаған мəселені өлшеу. Бұл əдіске мына-
лар тəн: адам көңілді,
ақжарқын, қайратты, тапқыр, т.б. болатын
жағдайда байқалатын қуану; əлсіреу, қобалжу, тұйықтық, т.б.
Тəжірибеде фрустрация тесті жай ғана нұсқамен белгіленген
сурет түрінде немесе екі кейіпкер бейнеленген көрініс түрінде
ұсынылған. Сұхбат алынатын адам өзін осы кейіпкердің орнына
қойып, жауап беруге тиісті.
Əдетте мұндай тестілеудің нəтижесі едəуір көрнекі жəне алға
қойылған мақсат үшін пайдалы.
б) Ойынның əдістемесі. Бұл бөлімде
келесі тесттер жиі пай-
даланылады: «шешімін табыңыз жəне елестетіп көріңіз» деген
секілді; өзіңізді мына кейіпкердің орнына қойып көріңіз; ойынның
əдістемесі; қабылдау мен есте сақтаудың қателіктері.
Б. Ретроспективті əңгімелесулер. Əңгімелесудің мұндай
түрінде сұхбат алынатын адамды зерттелетін сала үшін көрнекі
болып табылатын кейбір көріністерді, кейбір əрекеттерді еске
түсіруге мəжбүрлейді. Зерттеуші
сұхбат алынатын адамға еске
түсіруге, есіне түсірген көріністерді егжей-тегжейлі сипаттап бе-
руге көмектеседі.
Сұхбат алынатын адам, мысалы, тəулік барысында бірінші
рет темекі шеккенін, т.б. сипаттайтын «əрекетті фильм» түріндегі
əңгімелесуі осы санатқа жатады.
В. Шығармашылық қиялға сүйенетін əңгімелесу. Əңгімелесудің
мұндай түрінде сұхбат алынатын адамды гипотезалық жағдайға
82
83
қояды. Əңгімелесуді өткізу əдістемесінің мəні — егер адам
осындай
жағдайға тап болса, пайда болатын реакцияларын,
сезімдерін, іс-əрекетін елестетуге табанды түрде түрткі болу. Оны
зерттелетін тақырып бойынша өз қарым-қатынасын, сезімін, елесін
проециялауға мəжбүрлейді.
Г. Жалтақтық немесе қобалжу тудыратын əңгімелесулер.
Əдістеменің мəні — таспаға жазып алынатын жалпы əңгімелесуді
өткізу, сосын оны сұхбат алынған адамға тыңдату жəне жалтақтық
пайда болған сəтте зерттеу жүргізу. Осылайша, апостериорида
орын алған барлық қобалжулар зерделенеді. Бұл жаңа мотивация-
ларды табуға мүмкіндік береді.
Д. Топтағы əңгімелесулер. Бұл əдіс 10 адамды жинап, олардың
қалай пікір алмасатынын тыңдаған уақытта қызығушылық туды-
рады. Бір жағынан, адамдар өз пікірлерін айту арқылы бір-біріне
əсер етеді жəне бұл, тіпті саналы əрекеттегі сезімнің ықпалын
зерттеуге кедергі келтіреді.
Екінші жағынан, бұл стереотиптерді
анықтауға жəне ұқсас пікірлермен алмасу болып жатса, бақылау
үшін өте қызықты осындай өзгерістерді белгілеуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: