А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет46/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   165
Маркетинг (1)

Сатып алу актісі. Ол қабылдау үрдісінен түпкілікті айырма-
шылығы болмағандықтан, оның қалыпты нəтижесі, едəуір аяқтал-
ған түрі деп есептеледі. Қабылдау — актінің басталуы, тұлғаны 
шынайы əрекетке бейімдеу функциясының басы. 
Яғни, сатып алу актісі қабылдау жолымен басталған актіні 
уақыт ішінде жалғастыру жəне толықтыру құралы ғана. Бұл əрекет 
бір элементті сатуға қойылған зат болып табылатын əлемге кірігу 
жолымен жеке қанағаттану алуға бағытталған. 
Сатып алу актісін затты қабылдаумен байланыста жақсы түсіну 
үшін, затқа телінетін бірнеше тəуелсіз қасиеттердің сомасы ретіндегі 
түсініктен бас тарту қажет. Біз затқа байланысты қабылданған 
бағаларды бар болғаны белгіленген мөлшер деп қарастырсақ, са-
тып алу актісін түсіне алмаймыз. Адамдар байқамайтын, бірақ 
оларды белгілі бір бағытта ырықсыз тартатын үрдістің ағымына 
сəйкес, бағалардың жақындасуы, қабаттасуы немесе алыстауы 
маңызды. 


78
79
Егер сатып алу актісіне əсер еткіміз келсе, сатуға қойылған 
зат тап болуы мүмкін өрістерді, күштердің əрекетін білу қажет
тауардың əрбір аспектісін іс-əрекеттік терминдерде бағалау 
мүмкіндігіне ие болу керек.
4.11. Əдістер
Мəселе барынша аз бұрмаланған мəліметтерді жинауға мүм-
кіндік беретін техникалық құралдарды пайдалануда болып отыр. 
Сонымен, біз сұрыптауды қалыптастыру əдістерін, сонымен 
қатар материалды жинақтау əдістерін (құжаттарды зерттеу, іс-
əрекеттерді бақылау, əңгімелесулер жəне олардың саралауы) пай-
даланамыз. 
Əңгімелесу əдістері клиникалық психология, психотерапия 
жəне антропологияның жетістікеріне негізделеді. Оларда қорғаныс, 
референциялық шек, эмпатия, проекция жəне орын ауыстыру, т.б. 
ұғымдары қолданылады. Бұлардың барлығы қабылдаумен, пікір 
айтумен, эмоциямен байланысты. 
Саралау əдісі əңгімелесу əдістері алынған пəндерден жинақ-
талған. Бұған социологиядағы математикалық тəсіл кірмейді. 
Сұрыптауды анықтау əдістері ішінара классикалық сауалнама 
əдістеріне ұқсас. Қазір олардың арасындағы айырмашылық тура-
лы қысқаша тоқталып өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет