А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет53/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   165
Маркетинг (1)

Көптік сегменттеу фирмаға көптеген мақсаттарды бағындыруға 
мүмкіндік беруі тиіс. Бірнеше сегменттерге бейімделе отырып
өтімділікті көбейтуге болады.
Фирманың мамандандырылуын мойындау компания тар 
ассортименттік топты сатқанға дейін немесе əртүрлі сегменттерге 
бағытталған тауарлар үшін əртүрлі сауда маркаларын қолданғанға 
дейін сақталуы мүмкін.
Сонымен қатар, көптік сегменттеу фирмаға барлық күш-жігер бір 
сегментке шоғырланбайтын болғандықтан, диверсификациялауға 
жəне тəуекелді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Егер фир-
ма нарықтық сегментке бəсекелестерінен бұрын шықса, онда ол
бəсекелестеріне болашақта осы сегментке сəтті енуіне кедергі 
келтіре алады.
Көп жағдайларда нарықтық сегменттеуден бастайтын фирма 
көптік сегменттеуді қолдануға жəне бір сегментте мықты орнығып 
алғаннан кейін, тұтынушылық сегменттерге шығуға қабілетті бо-
лады.
Тауар өткізуді ұйымдастыру көптік сегменттеу үшін аса қажет. 
Ол тұтынушылардың əртүрлі тобына шығуға, сауда маркасының 
өзгешелігін белгілі бір дəрежесін қамтамасыз етуге, тапсырыстардың 
бір жабдықтаушыда жинақталуына мүмкіндік береді жəне оларды 
өздерінің жергілікті сауда маркаларын қолдануға итермелейді. Са-
тушы фирманың көзқарасы тұрғысынан, тауар өткізудің бірқатар 
артықшылықтары бар, жекелеген тауарлар бəсекелес дүкендерге 
əртүрлі этикеткалармен қойылуы мүмкін. Орауыштың немесе 
марканың əрбір көлемін көрсету үшін саудалық алаң болуы тиіс. 
Жекелеген маркалар арасында баға өзгешелігі болуы мүмкін. Та-
уар өткізу тізбегінде бəсекелестікке жол берілмеуі мүмкін. Жал-
пы көптік сегменттеу сатушыға келісімдер үшін жақсы жағдайды 
қамтамасыз етеді.
Көптік сегменттеу аса пайдалы болуы мүмкін. Себебі, пайданың 
жалпы көлемі қаншалықты үлкен болса, фирма соншалықты көп 
сегменттерге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, егер фирма əр сег-
ментке арналған маркетингтік жоспарды жасауға күш-жігерін 
аямаса, тауардың əр бірлігінен түсетін пайда жоғары болады. 
Осыдан кейін əр сегменттегі тұтынушылар өздері үшін арнайы 
жасалған тауарлар мен қызметтерге жоғары бағаны төлеуге дай-
ын болады. Бірақ, қосымша шығындар да болуы мүмкін: өнімнің
модификациясын əзірлеуге, əртүрлі өткізу жүйесі арқылы сатуға 
(əрбір сауда торабына əртүрлі сауда қызметкері қажет болуы 
мүмкін) жəне маркалардың үлкен санын жылжытуға. Фирма 
əртүрлі сегменттердегі сатылымдардан түскен қосымша табыстар-
ды қосымша шығындармен салыстыруы қажет. Компания əртүрлі 
тұтынушылық сегменттегі өнімдердің айырмашылығын мұқият 
қадағалап, олардың бейнесін сақтауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет