114
115
Сыраны тұтыну мысалында сұралғандардың 68 %-ының оны
ішпейтіндігі көрсетілген. Қалған 32 %-ы əрқайсысы 16 %-дан екі
топқа бөлінді. Олардың бірін үлесіне
жалпы сыра тұтынудың
12 %-ы келетін əлсіз тұтынушылар, келесісін сыраны əлсіздерден
жеті есе көп қолданатын 88 % белсенді тұтынушылар құрады.
Əрине, сыра өндіруші өз маркасына бірнеше əлсіз тұтынушыдан
гөрі, бір белсенді тұтынушыны тартқанды жөн көреді.
Тауарды белсенді қолданушылардың демографиялық жəне
психографиялық
мінездемелері ортақ, сондай-ақ жарнама құрал-
дарына берілгендік дəрежесі бірдей.
Бұл бөлімде біз тек тауар маркаларына берілгендік мəселесіне
ғана тоқталамыз. Бес тауар маркасын мысалға алайық: А, Ə, Б, В,
Г. Осы тауарларға берілу дəрежесіне байланысты сатып алушылар-
ды төрт топқа бөлуге болады:
А) Сөзсіз берілгендер. Бұл үнемі бір ғана тауар маркасын сатып
алатын тұтынушылар. Сондықтан, сатып алушы мінез-құлқының
А, А, А, А, А, А типінің схемасы
тұтынушының А маркасына
сөзсіз берілгендігін көрсетеді;
Ə) Шыдамды берілгендер. Бұл — екі-үш тауар маркасына
берілген тұтынушылар. Сатып алушы мінез-құлқының А, А, Б, Б,
А, Б типінің схемасы тұтынушының А жəне Б тауар маркаларының
арасында бөлінген берілгендігін көрсетеді;
Б) Тұрақсыз берілгендер. Бұл — өз таңдауын бір тауар маркасы-
нан өзге маркаға ауыстыратын тұтынушылар. Сатып алушы мінез-
құлқының А, А, А, Б, Б, Б типінің
схемасы тұтынушыларының
өз таңдауын А маркасынан Б маркасына ауыстырғандығын
көрсетеді;
В) «Кезбелер». Бұл — ешқандай тауар маркасына берілгендік та-
нытпайтын тұтынушылар. Сатып алушы мінез-құлқының А, В, Д,
Б, Г, Б типінің схемасы, ешқандай берілгендігі жоқ тұтынушыны
көрсетеді, яғни, ол өзіне сол сəтте
қолы жететін тауарды сатып
алады немесе өзінде бар ассортименттен жақсырақ затты алғысы
келеді.
Кез келген нарық осы төрт түрлі сатып алушылардың үйле-
сімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: