А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Географиялық ұстаным бойынша сегменттеу



Pdf көрінісі
бет64/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165
Маркетинг (1)

5.8. Географиялық ұстаным бойынша сегменттеу
Географиялық ұстаным бойынша сегменттеу нарықты əр-
түрлі географиялық бірліктерге бөледі: мемлекеттер, аймақтар, об-
лыстар, өңірлер, қалалар, қауымдар. Фирма 1) бір немесе бірнеше 
географиялық аудандарда немесе 2) географиялық жағдайлар 
анықтайтын мұқтаждықтар мен қалауларды есепке ала отырып
барлық аудандарда іс-əрекет жасау туралы шешім қабылдай ала-
ды.
Кейбір фирмалар бұған қоса, үлкен қалаларды кіші географиялық 
аумақтарға бөледі.
5.9. Демографиялық ұстаным бойынша сегменттеу
Демографиялық ұстаным бойынша сегменттеу нарықты 
жасы, отбасы көлемі, отбасының өмірлік цикл кезеңі, табыс дең-
гейі, қызмет түрі, білімі, діни көзқарасы, нəсілі жəне ұлты секілді 
демографиялық айнымалылар негізінде топтарға бөледі.
Қазір біз демографиялық айнымалылардың нарықты сегмент-
теу үшін қалай қолданылатытын сипаттаймыз.
1. Жынысы. Жынысы бойынша сегменттеу киім, шаш күтіміне 
арналған заттар, косметика жəне журналға қатысты бұрыннан 
жүргізіліп келеді;


110
111
2. Жасы жəне отбасының өмірлік цикл кезеңі. Сатып алушылар-
дың қажеттілігі мен мүмкіндігі жасына қарай өзгеріп отырады;
3. Бірнеше демографиялық көрсеткіштер бойынша сегмент-
теу. Көптеген фирмалар нарықты сегменттеуді екі немесе одан да 
көп демографиялық айнымалыларды біріктіру негізінде жүргізеді; 
4. Табыс деңгейі. Нарықты автомобиль, қайық, киім, косметика, 
саяхат секілді тауарлар мен қызмет түріне қатысты бөлудің тағы 
бір ескі түріне табыс деңгейі бойынша сегменттеу жатады;
5.10 суретте тұлғалардың жасы, жынысы, табыс деңгейі бойын-
ша көпфакторлы сегменттеу үлгісі көрсетілген. Пансионат — та-
бысы төмен еңбек жасындағы соқыр ер адамдарға қызмет көрсету 
ісін таңдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет