А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет124/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   165
Маркетинг (1)

Маркетингті жоспарлау дегеніміз фирманың əрбір жеке 
өндірісіне, тауарына немесе тауарлық маркасына жоспар жасауын 
білдіреді. Сонымен бірге, фирманың өзінің əрбір өндірісіне 
қатысты қандай шаралар жүргізетіні туралы стратегиялық шешім 
қабылдағаны ескеріледі. Енді олардың əрбіріне егжей-тегжейлі 
жасалған маркетингтік жоспар қажет. 
Іс жүзінде компания екі жоспар жасайды — болашақты жос-
пар жəне жылдық жоспар. Басқарушы алдымен бесжылдық 
жоспар жасайды. Онда негізгі факторлар мен алдағы бес жылдың 
ішінде нарыққа ықпал ететін күштер, бесжылдық жоспар, марка 
үшін белгіленген нарық үлесін жаулап алудың негізгі стратегиялық 
əдістері жəне белгіленген табысты алу, қажетті шығын мен күтілген 
кіріс баяндалады. Фирманың алдағы бес жылға арналған жоспары 
болу үшін, бесжылдық жоспарды жыл сайын қайта қарастырып, 
түзетулер енгізеді. 
Содан соң, жылдық жоспар жасалады. Бұл — бесжылдық 
жоспардың бірінші жылында жүзеге асырылатын шаралардың 
толыққанды нұсқасы. Жылдық жоспарда ағымдағы маркетингтік 
жағдай сипатталады, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер, кəдімгі 
жəне маркалық тауарлардың алдында тұрған мақсаттар мен 
мəселелер аталады, бір жылға арналған маркетинг стратегиясы, 
əрекеттер бағдарламасы баяндалып, сметалық ассигнация сомасы 
көрсетіледі, бақылау тəртібі анықталады. Бұл жоспар қызметтің 
барлық түрлерін — өндірістік, маркетингтік, қаржылық қызметті 
үйлестірудің негізіне айналады. 
Маркетинг кешені
Мақсатты нарық
Тауар
Тарату əдістері
Ынталандыру
Баға


196
197
Маркетингтік қызметтің əрекетін ұйымдастыру. Функ-
ционалдық ұйымдастыру. Ең көп таралған схема маркетинг 
қызметінің функционалдық ұйымдастырылуы болып табыла-
ды. Бұл жағдайда маркетинг бойынша мамандар маркетингтік 
қызметтің түрлерін (функцияларын) басшылыққа алады. Олар 
бұлардың жұмысын үйлестіретін маркетинг бойынша вице-
президентке бағынады. 
Функционалдық ұйымдастырудың негізгі артықшылығы бас-
қарудың қарапайымдылығы болып табылады. Екінші жағынан, 
тауарлық ассортимент пен фирмалар нарығының өсуіне байланысты 
бұл схема тиімділігін жоғалтуда. 
Əрбір жеке нарық немесе тауар үшін ерекше жоспарлар жасау, 
сондай-ақ бүтіндей фирманың маркетингтік қызметін үйлестіру 
барған сайын қиынға соғуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет