А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет132/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   165
Маркетинг (1)

ТА
У
А
Р
 
ЕСК
І 
ЖА
ҢА
Нарыққа ену
Нарықты дамыту
Тауарды жасау
Диверсификация
8.3.2. сурет. Тауарлар мен нарықтар бойынша мүмкіндіктер матрицасы
Маркетинг стратегиясы мақсатты нарықтарды тарту, қанағат-
тандыру жəне ұйымның мақсаттарына жету үшін, маркетинг 
құрылымын қалай қолдану қажеттігін анықтайды. Маркетинг 


208
209
құрылымы турылы шешімдерде ең бастысы — өнімді жоспарлау, 
өткізу, жылжыту жəне баға. Ұйымдағы əрбір СШБ үшін жеке 
стратегия қажет; бұл стратегиялар үйлестірілуі керек. 
Нарыққа ену стратегиясы СШБ үшін нарық өскен кезде немесе 
əлі қанықпаған уақытта тиімді.
Нарықты дамыту стратегиясы мынандай жағдайларда тиімді: 
жергілікті фирма өз нарығын кеңейтуге талпынса; өмір салты 
мен демографиялық факторлардың нəтижесінде нарықтың жаңа 
сегменттері пайда болса; жақсы танымал өнім үшін қолданудың 
жаңа салалары анықталса.
Тауарды жасау стратегиясы СШБ-ның сəтті деп саналған 
бірқатар сауда маркасы тұтынушылардың шынайы берілгендігіне 
ие болғанда тиімді. 
Диверсификациялау стратегиясы ұйымдар бір СШБ-ға неме-
се бір ассортименттік топқа шектен тыс тəуелді болмау үшін қол-
данылады.
«Бостон консалтинг груп» матрицасы компанияға өзінің 
əрбір СШБ-сын оның бəсекелестерге қатысты нарықтағы үлесі 
бойынша жəне саладағы жылдық өсу қарқынына қарай жіктеуге 
мүмкіндік береді. Фирма матрицаны қолдану арқылы, біріншіден, 
қандай СШБ-ның бəсекелестермен салыстырғанда жетекші рөлге 
ие екендігін, екіншіден, өз нарықтарының динамикасы қандай 
екендігін (нарықтар даму үстінде ме, тұрақтанды ма, əлде қысқаруда 
ма?) анықтай алады. 
Матрица СШБ-ның төрт түрін жіктейді: «жұлдыздар», «сауын 
сиырлар», «қиын балалар» («сұрақ белгілері»), «иттер» жəне олар-
дың əрбірі үшін жеке стратегияны қарастырады (8.3.3. сурет).
Нарықтағы салыстырмалы үлес дегеніміз, стратегиялық ша-
руашылық бөлімшесінің саладағы жетекші бəсекелестерге қатысты 
нарықтағы үлесін білдіреді.
Саланың даму қарқыны аталмыш нарықтағы ұқсас компания-
лардың жыл сайынғы өсімін білдіреді (мысалы, қант қосылмаған 
сағыз нарығы). 
Жоғары Төмен 
Стратегиялық Маркетингтік 
шаруашылық стратегия:
бөлімшесінің 
белгілеуі Маркетингтік күш 
салуды нарықтағы 
үлесті сақтау «Жұлдыз»
немесе арттыру үшін 
қарқындату 
Стратегиялық Маркетингтік 
шаруашылық стратегия: 
бөлімшесінің 
белгілеуі 
«Қиын бала» Маркетингтік күш 
(«сұрақ белгісі») салуды
қарқындату немесе 
нарықтан кету
Стратегиялық Маркетингтік
шаруашылық стратегия: 
бөлімшесінің
белгілеуі
«Сауын сиыр» Пайданы өсіп келе 
жатқан стратегиялық 
шаруашылық бөлімшелерге
көмекетесу үшін пайдалану, 
қазіргі жағдайды қолдау
Стратегиялық Маркетингтік 
шаруашылық стратегия: 
бөлімшесінің 
белгілеуі
«Ит» Күш салуды азайту 
немесе сату


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет