4.2.1. сурет. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісіне қатысқан
жинақтардың реті
Беттиге таныс маркалар хабардар болу жинағын құрады.
Жаңадан түскен ақпараттар бұл жинақтың шеңберін кеңейтті,
ал қосымша ақпараттар бірқатар маркаларды қарастырылатын
маркалар қатарынан шығаруға көмектесті. Оның тұтынушының
талабына жауап беретін қалған маркалары таңдау жинағын
құрады. Бетти осы жинаққа сүйеніп, өзінің ақырғы таңдауын
жасайды.
Тəжірибелік мағынада фирма өз маркасын хабардар болу
жинағына да, тұтынушы таңдауы жинағына да енгізетін маркетинг
кешенін жасау керек. Сонымен қатар, бəсекелестер туралы білу
жəне тиісті дəлелдемелер дайындау үшін, таңдау жинағына тағы
қандай маркалар кіретінін анықтау керек.
Көңілі толмаған тұтынушылардың əрекет жасау немесе
əрекетсіздік таныту таңдауы бар. Олардың фирмаға шағымдануы,
тұтынушыға қанағаттануға қол жеткізуге көмектесетін заңгерге
немесе басқа да топтарға жүгінуі мүмкін. Бұған қоса, ол бұл
тауарды болашақта сатып алуды тоқтатуы немесе тауар туралы
жағымсыз пікірін достарына, болмаса басқа тұлғаларға айтуы
мүмкін. Осы жағдайлардың барлығында клиенттің көңілінен шыға
алмаған сатушы бір нəрсені жоғалтады.
САТЫП АЛЫНҒАН ТАУАРДЫҢ АҚЫРҒЫ ТАҒДЫРЫ. Нарық
қызметкерін сатып алушының тауарды сатып алғаннан кейінгі
мінез-құлқындағы тағы бір жайт қызықтыруы керек, атап айтқанда:
тұтынушы ақырында тауарға қатысты нендей əрекет жасайды?
Болуы мүмкін іс-əрекеттердің негізгі бағыттары 4.2.2. суретте
көрсетілген. Егер тұтынушы тауарды қандай да жаңа мақсаттарға
бейімдесе, сатушы бұған қызығушылық таныту қажет. Себебі, бұл
мақсаттарды жарнамада пайдалануға болады. Егер тұтынушылар
тауарды пайдаланбастан, кейінге қалдырса немесе оны ермекке
айналдырса, тауар оларды онша қанағаттандырмады жəне оның
атына айтылатын жағымды пікір белсенді болмайды деген сөз
емес. Тұтынушының ақырында тауардан қалай арылатыны да тап
осындай қызықты. Егер тауарды сатып жіберсе немесе ол арқылы
тауар айырбасын жасаса, бұл жаңа тауарлардың сатылу көлемін
төмендетеді.
Осы жағдайлардың барлығын ескеріп, сатушыға тұтынушының
тауарды қалай пайдаланатынын жəне одан қалай арылатынын
зерттеу керек. Бұл ықтимал мəселелер мен мүмкіндіктерге
байланысты сұрақтарға жауап табу үшін қажет.
Тұтынушының мұқтаждықтары мен сатып алу үрдісін түсіну
сəтті маркетингтің негізі болып табылады. Тұтынушылардың
мəселені түсіну, ақпаратты іздеу, нұсқаларды бағалау, сатып алу
туралы шешім қабылдау кезеңдерінен қалай өтетіні, сонымен қатар
сатып алуға реакциясын анықтау арқылы нарық қызметкері өз сатып
алушыларының мұқтаждықтарын қалай жақсы қанағаттандыруға
болатыны жөнінде біраз мəліметтер жинайды. Сатып алу үрдісінің
түрлі қатысушыларын ұққаннан жəне сатып алу мінез-құлқына
қандай жағдай күшті ықпал ететінін түсінгеннен кейін, нарық
қызметкері мақсатты нарыққа бағытталған тартымды ұсынысына
пайдалы маркетингтің тиімді бағдарламасын жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |