А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет51/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   165
Маркетинг (1)

5.2. Мақсатты нарықты дайындау
Мақсатты нарықтың стратегиясын дайындау
Жалпы маркетинг, нарықты сегменттеу, көптік сегменттеу — 
бұл фирмалар мақсатты нарықты айқындау жəне қанағаттандыру 
үшін қолданатын үш түрлі балама əдістер (5.2.1. сурет, 5.2.1, ке-
сте). 


86
87
 5.2.1. кесте 
Мақсатты нарықты дайындау əдістері
Марке-
тингтік 
тəсіл
Жалпы 
маркетинг
Нарықты 
сегменттеу
Көптік сегменттеу
Мақсатты 
нарық
Тұтынушы-
лардың үлкен 
тобы
Жақсы 
айқындалған 
тұтынушы-
лардың бір тобы
Екі (немесе одан 
көп) жақсы 
айқындалған 
тұтынушылар тобы
Тауар 
немесе 
қызмет
Бір тауарлық 
маркамен 
шығатын 
тауарлар мен
қызметтердің 
шектеулі
саны
Тұтынушы-
лардың бір 
тобына арналған
бейімделген 
тауарлар мен 
қызметтердің бір 
маркасы
Тұтынушылардың 
əр тобына арналған
тауарлар мен 
қызметтердің ерекше 
маркалары 
Баға
Бағаның
«көпшілік 
мойындаған» 
бір 
диапазоны
Тұтынушылар-
дың бір тобына 
бейімделген 
бағаның бір 
диапазоны
Тұтынушылардың 
əр тобына арналған
бағаның айырмалық 
диапазоны
Тауар 
жылжыту, 
өткізу
Барлық сауда 
нүктелері
Барлық қолайлы 
сауда нүктелері
Əртүрлі сегменттер 
үшін қолайлы түрлі 
сауда нүктелері
Жылжыту
Бұқаралық 
ақпарат 
құралдары
Барлық қолайлы 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдары
Əртүрлі сегменттер 
үшін қолайлы түрлі 
бұқаралық ақпарат 
құралдары
Страте-
гияға 
сүйену
Маркетингтің 
жалғыз кең 
бағдарламасы 
арқылы 
тұтынушы-
лардың əр 
түрлеріне 
бейімделу
Жоғары 
мамандан-
дырылған, 
бірақ жалпыға 
арналған 
бағдарлама 
арқылы 
тұтынушы-
лардың 
нақты тобына 
бейімделу
Əр сегментке 
икемделген əртүрлі 
маркетингтік 
жоспарлар арқылы 
екі (немесе одан 
да көп) түрге 
бөлінетін нарықтық 
сегменттерге 
бейімделу 
Фирма компания мен сала тұтынушыларының сипаттамасына 
жəне қалауларына, сондай-ақ сыртқы орта факторларына саралау 
жүргізгеннен кейін, ол өзі бейімделетін жəне солар үшін тиісті 
стратегияны қалыптастыратын мақсатты нарық пен нарықты 
таңдауға дайын болады. Маркетинг тұрғысынан, əлеуетті нарық 
ресурстары, сатып алуға дайындығы мен мүмкіндігі жеткілікті
нақты тауар мен қызметке қатысты қажеттіліктері ұқсас адамдар 
жиынтығынан құралады.
Жалпы маркетинг
Фирма тұтынушылардың кең 
тобына бір ғана жалпы маркетинг-
тік жоспармен шығуға талпы-
нады. Бұл тұтынушылар ұқсас 
сипаттамалары бар тауарлар мен 
қызметтерге мұқтаж деп шамала-
нады.
Нарық сегменттеуі
Фирма ерекше қажеттіліктері 
бар тұтынушылардың бір ғана 
тобына назар аударады жəне осы 
топты тарту үшін арнайы жасалған 
маркетинг жоспарын қолданады.
Көптік сегменттеу
Фирма əрқайсысы қажеттілік-
тердің ерекше жиынтығымен си-
патталатын 
тұтынушылардың 
екі немесе одан да көп түрлі на-
рық сегменттеріне бейімделеді 
жəне əрбір сегмент үшін арнайы 
жасалған маркетинг жоспарын 
ұсынады.
5.2.1. сурет. Мақсатты нарыққа қатысты əртүрлі тəсілдер
Жалпы маркетинг тактикасы маркетингтің бір базалық 
жоспарын қолдану арқылы тұтынушылардың кең нарығына 
бейімделеді. Фирма тауарлар мен қызметтер сипаттамасына қатысты 
тұтынушылардың қалаулары өте ұқсас деп жорамалдайды.


88
89
Жалпы маркетинг жалпы өндіріс басталған кезде өте таны-
мал болды, бірақ соңғы жылдары оны таза күйінде қолданатын 
фирмалардың саны күрт азайып кетті. Бұған мыналар ықпал 
етті: бəсекелестіктің артуы, нарықтың əртүрлі сегменттеріне шығу 
арқылы сұранысқа жағдай жасау, əртүрлі сегменттердің қалауын 
дəл айқындауға қабілетті маркетингтік зерттеулер сапасының 
жоғарылауы жəне сегменттеудің көмегімен жалпы өндірістік жəне 
маркетингтік шығындарды төмендету мүмкіндігі.
Бұл əдісті қолданудан бұрын, компания бірнеше факторларды 
зерттеп білуі тиіс. Жаппай өндіріс, тарату жəне жарнамалау үшін 
айтарлықтай көп ресурстар мен бүкіл компанияның қабілеттілігі та-
лап етіледі. Алайда, осының арқасында тауарлар мен қызметтердің 
шектеулі саны ұсынылып, түрлі сауда маркалары қолданылмайтын 
болғандықтан, өндіріс пен маркетингке салыстырмалы шығындар 
азаяды. Бұл үнемділік бəсекелестікке қабілетті төмен бағаларды 
орнатуға мүмкіндік туғызады.
Жалпы маркетингтің басты мақсаты — өткізуді барынша 
көбейту, яғни өнімнің бір түрін мүмкіндігінше көп сату. Əдетте 
ұлттық нарық аясындағы мақсаттар қойылады.
Таза күйіндегі сəтті жалпы маркетинг үшін сатып алушылардың 
үлкен жиынтығының бірдей қасиеттері бар тауарлар мен 
қызметтерге қажеттілікті сезінуі керек.
Жалпы маркетинг кезінде тұтынушыларың əртүрлі топтары 
теңестірілмейді.
Фирмалар жалпы маркетинг кезінде тауарларын барлық 
нүктелерде сатады. Өткізу арналарының кейбір қатысушылары 
егер фирманың тауарлары таяуда орналасқан бірнеше дүкенде са-
тылып жатса, ренжуі мүмкін жəне өзінің ассортиментін кеңейту 
үшін, қосымша сауда маркаларын сатуды талап етуі мүмкін. 
Оларды бəсекелес тауарлармен жұмыс істемеуге көндіру өте 
қиын. Дүкен сөресіндегі фирмаға бөлінген орын, оның саудалық 
маркасының танымалдығына жəне тауарды жылжыту кезінде 
көрсеткен көмегіне байланысты болады. Сатудың соңғы бағасын 
көбінесе өткізу арналары орнатады.
Жалпы маркетинг стратегиясы жиынтық пайда мен ұзақмерзімді 
кірістерді есепке алуы тиіс.
Бұл стратегияны қолдана отырып, тұрақты жəне танымал бей-
не қалыптастыруға болады. Ол тұтынушылар осы фирма туралы 
ойлағанда пайда болады жəне көпке дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет