А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет54/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   165
Маркетинг (1)

5.3. Сегментациялық тəсілді қолдану
Бұл бөлімде сегменттеудің əртүрлі аспектілері қарастырылады. 
Олар: өлшемдер, жоспарлау кезеңдері, тұтынушыларды ұйым-
дастыру сегменттері, табысқа жету талаптары жəне шектеулер.


92
93
Сегменттеу өлшемдері. Нарық сегменттері аймақтық демогра-
фия, халықтың демографиялық аспектілері жəне тұтынушылардың 
өмір салты негізінде ерекшеленеді.
Аймақтық демография қалалардың, облыстар мен аудандардың 
негізгі ерекшеліктерін көрсетеді. Компания өзінің нарығын сег-
менттеу үшін бір немесе бірнеше демографиялық ерекшеліктерді 
қолдануы мүмкін. Сегменттеу стратегиялары географиялық өзге-
шеліктерді бөліп қарастыруға жəне қолдануға мəн береді. 
Аймақтық демографияның сипаттамасына ауданның ор-
наласуы, халық саны мен тығыздығы кіреді. Ауданның орна-
ласуы табыс, мəдениет, қоғамдық құндылықтар жəне басқа да 
тұтынушылық факторлардан көрінуі мүмкін. Мысалы, бір аудан 
екіншісіне қарағанда консервативті болуы мүмкін. Халық саны 
мен тығыздығы «Аймақтағы адамдар өтімділікті қамтамасыз етуге 
жəне маркетингтік компанияны жүргізуді жеңілдетуге жеткілікті 
ме?» деген сұраққа жауап береді. 
Ауданның көлік желісі қоғамдық көлік пен автомобиль ма-
гистралдарының үйлесімін көрсетеді. Қоғамдық көлік желісі 
шектеулі ауданның жеңіл автомобильдер жүйесі жақсы дамыған 
ауданға қарағанда, маркетингтік қажеттіліктері басқаша болады.
Фирма сегменттеуді аудан климатының негізінде жүзеге асы-
руы мүмкін. 
Аймақтағы коммерциялық қызмет құрылымына туристер-
ге, жұмысшылар мен қызметшілерге жəне осы ауданда тұратын 
адамдарға бейімделу кіреді.
Əдетте, ірі қалаларда сауда аудандары, ал қала маңындағы елді 
мекендерде сауда орталықтары болады. Əрбір сауда ауданының 
немесе сауда орталығының өзіндік ерекшелігі жəне бөлшек сауда 
дүкендерімен байланысы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қол жетімділігі аудандарға 
байланысты өзгеріп отырады жəне компанияның сегменттеуді 
жүзеге асыру қабілеттілігіне елеулі əсер етеді. Мысалы, бір қалада 
жергілікті теледидар станциясы бар болса, екіншісінде жоқ болуы 
мүмкін. Бұл екінші қаланың бөлшек саудаға жақын орналасқан 
аудан тұрғындарына шығуды қиындатады. Қазіргі кезде көптеген 
ұлттық басылымдар, əсіресе журналдар компанияларға аймақтық 
аудиторияға сəйкес жарнамаларды таратуға мүмкіндік беру үшін, 
аймақтық ақпаратты жариялайды. 
Аймақтар белгілі бір тауардың немесе қызметтің өтімділігіне 
қатысты бəсекелестік деңгейі бойынша ерекшеленуі мүмкін. Со-
нымен қатар, фирма үлкен, бірақ «өңделмеген» нарыққа шығу 
арқылы жетістікке жетуі мүмкін.
Аймақты дамыту динамикасы тұрақтылығымен, құлдырауымен 
немесе қарқынды дамуымен сипатталуы мүмкін. Компания даму-
шы ауданда «өңделмеген» нарықпен, тұрақты немесе қысқартылған 
аймақта қаныққан нарықпен кезігеді.
Заңдық шектеулер муниципалитетке жəне штатқа байланысты 
өзгеріп отырады. Фирманың өзінің іс-əрекеті шектелетін нарыққа 
шықпау туралы шешім қабылдауына болады. Егер ол осы нарықта 
іс-əрекет жасау туралы шешім қабылдаса, онда құқықтық талап-
тарды сақтауы тиіс.
Инфляция деңгейі аудан бойынша түрленуі ықтимал. Мұның да 
маркетинг стратегиясына əсерін тигізуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет