А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет78/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   165
Маркетинг (1)

6.2.4. Тапсырысты өңдеу
Тауар қозғалысы клиенттерден тапсырыс алудан басталады. 
Тапсырыс бөлімі есеп-фактураларды дайындап, оларды фирманың 
түрлі бөлімдеріне жібереді. Қолда жоқ өнімдер қарызға жазылады. 
Тиелетін өнімдер тиеу жəне төлем құжаттарымен бірге жүреді. 
Тиеу жəне төлем құжаттарының көшірмелері фирманың түрлі 
бөлімдеріне жіберіледі. 
Осы əрекеттердің барлығы тез, əрі нақты жүргізілетін болса, 
фирма да, тұтынушы да ұтады. Ең дұрысы, сауда өкілдері тапсы-


132
133
рыстарды күн сайын кешке жібереді, кейде телефонмен береді. 
Тапсырыстар бөлімі түскен өтініштерді жылдам өңдейді. Қойма 
қысқа уақыттың ішінде тауарды тиейді. Барынша қысқа мерзімнің 
ішінде есептер ресімделіп, шығарылады. «Тапсырыс-тиеу-есепті 
ресімдеу» циклын жылдамдату үшін компьютер қолданылады. 
Мысалы, «Дженерал электрик» корпорациясында тапсырысты 
алғаннан кейін клиенттің төлем қабілеттілігін жəне тауардың 
қоймада бар, жоқтығын тексеретін электронды есептеуіш маши-
на бар. Компьютер тауарды тиеу туралы бұйрық шығарады, 
тапсырысшыға ұсынылатын есепті ресімдейді, тауар қорларының 
есептік мəліметтеріне түзетулер енгізеді, қорды толықтыру үшін 
өнім дайындауға тапсырысты ресімдейді, сауда өкіліне оның 
тапсырысы орындалғанын жəне жолда келе жатқанын хабарлайды. 
Осының барлығы 15 минутқа жетпейтін уақыттың ішінде жүзеге 
асырылады.
6.2.5. Қоймалау
Кез келген фирмаға өз тауарын сатқанға дейін қоймада сақтауға 
тура келеді. Сақтауды ұйымдастыру өндіріс пен тұтыну циклдары 
бір-бірімен сирек сəйкес келетін болғандықтан қажет деп саналады. 
Көптеген ауыл шаруашылық тауарлар белгілі бір маусымда 
өндіріледі, дегенмен оларға барлық уақытта сұраныс бар. Қоймада 
сақтауды ұйымдастыру осы қайшылықтарды жоюға көмектеседі. 
Фирмаға сақтау пункттарының керекті саны туралы мəселені 
шешу қажет. Мұндай пункттар қаншалықты көп болса, тауарды 
тұтынушыларға соншалықты жылдам жеткізуге болады. Алайда, 
бұл жағдайда шығын көлемі артады. Сақтау пункттары туралы 
шешімді тұтынушыларға арналған қызмет деңгейі жəне тарату 
бойынша шығындар мəселелерін бір-бірімен байланыстыра 
отырып, қабылдау қажет. 
Кейбір фирмалар тауар қорының бір бөлігін өз кəсіпорнында 
немесе кəсіпорынға жақын жерде, кейбіреулері елдің түрлі 
аймақтарындағы қоймаларда сақтайды. Фирманың өз қоймасы 
болуы мүмкін немесе ол қоғамдық пайдаланудағы қоймаларды 
жалға ала алады. Егер фирманың өз қоймалары болса, бақылау 
деңгейі жоғары болады. Алайда, бұл жағдайда қоймалар капиталға 
кедергі жасауы мүмкін, ал сақтау орнын ауыстыру туралы шешім 
қабылдау қажет болғанда, фирма айтарлықтай икемді əрекет 
ете алмай қалады. Екінші жағынан, қоғамдық пайдаланудағы 
қоймалар фирма жалға алған ауданға төлем алумен қатар, тауарға 
қарау, оны орау, тиеу жəне есеп-фактураларды ресімдеу бойынша 
қосымша (ақылы) қызмет көрсетеді. Қоғамдық пайдаланудағы 
қоймалардың қызметін пайдаланатын фирма сақтау орындары мен 
қойма бөлмелерінің көптеген түрлерін таңдай алады. 
Фирмалар ұзақмерзімді сақтау қоймаларын жəне транзит қой-
маларды пайдаланады. Ұзақмерзімді сақтау қоймаларында тауар 
орта немесе ұзақ уақыт сақталады. Транзит қоймалар тауарларды 
əртүрлі кəсіпорындардан жəне əртүрлі жабдықтаушылардан алады. 
Оларда тауарларды жеткізілетін жерге барынша тез тиеп жібереді. 
Мысалы, «Уолл-март сторс, инк.» төмендетілген бағадағы бөлшек 
сауда дүкендерінің аймақтық торабының төрт орталық транзит 
қоймасы бар. Ауданы 37 мың шаршы метрді құрайтын солардың бірі 
шамамен 38 гектарлық учаскеде орналасқан. Тиеу бөлімі күн сайын 
аттандыруға 50—60 жүк машинасын дайындайды. Олар тауарды 
аптасына екі рет қоймаға бекітілген бөлшек сауда кəспорындарына 
жеткізіп отырады. Бұл тауарды əрбір сауда нүктесіне «дайындаушы 
зауыттан» тікелей жеткізгенге қарағанда, арзанға түседі. 
Ескі көпқабатты баяу жүретін көтергіш құрылғысы жəне арту-
түсіру жұмыстары бойынша тиімсіз жүйесі бар қоймалар орталық 
электронды есептеуіш машиналарының бақылауымен жұмыс 
істейтін, жүк өңдеудің жетілдірілген жүйесімен жабдықталған, 
бірқабатты жаңа автоматтандырылған қоймалар тарапынан 
бəсекелестікті сезінуде. Əрқайсысы 10—20 млн. доллар тұратын 
мұндай автоматтандырылған қоймаларға қызмет көрсетуге 
бар болғаны бірнеше адам ғана қажет. Электронды есептеуіш 
машина тиеу туралы бұйрықты оқиды, тиеушілерге жəне элек-
тронды ауыр жүк көтеретін шығырларға тауарды іздеу мен оны 
тиеу платформаларына жеткізу туралы тапсырма береді, есеп-
фактураларды ресімдейді. Мұндай қоймаларда өндірістік жарақат 
алу жағдайлары аз кездеседі, жұмыс күшіне төлеу бойынша 
шығындар төмен, тауарды ұрлау, тауардың бұзылуы оқиғалары 
сирек болады жəне қорларды басқару жүйесі жетілдірілген. 
Тауар өндірушіден соңғы тұтынушыға барар жолда салынатын 
ыдысты стандартқа сəйкес, əмбебап түрде жасау өте маңызды 
болып саналады. Ескеретіні, ыдыстың құрылымы барлық қойма 
операцияларын адам қолы тимейтіндей, тек машиналармен жүр-
гізуге болатындай дəрежеде жасалу керек. Бүгінде қоймалар 
жоғары механикаландырылған, ал барлық есеп электронды есеп-


134
135
теуіш машиналардың көмегімен жүргізілу қажеттігі жөнінде 
көп айтудың қажеті жоқ. Бұл — жобалау сатысында ескерілетін 
стандартты талап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет