оның
морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады:
оқы,
-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды, -пты т.б.» дейді.
Етістікке талдау жасасақ:
*«Алып бар»* етістігі
Алып бар деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы-алудың да, барудың да мағынасын қамтитын
біртұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғандағы алу қимылына да, бару қимылына да
тең емес, олардың әрқайсысынан да кең мағына. Өйткені ол - біртұтас қимыл болып түсінілетін,
ұғынылатын, қабылданатын дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты. Ол күрделі қимыл екі дара
қимылдың біртұтас мағынаға көшуінен қалыптасқан. Күрделі етістік талданып отырған алып бар
етістігі, күрделі қимыл жымдасып, тұтастуы арқылы жасалған. Күрделі етістіктің лексикалық мағынасы
оның құрамындағы ал етістігінің сол сияқты бар етістігінің ешқайсысының мағынасына сай емес. Бұлар
ұзақ уақыт біртұтас сөз ретінде қолданылып, халық санасында ол бір қимыл ретінде әбден қалыптасқан.
Сондықтан да олардың кейбіреуі сыңарларының дыбыстық жағынан да бірігіп кеткен.
Отыр етістігі көбіне өзінің лексикалық мағынасын жоғалтпайды, ал тұр
кейде өзінің лексикалық мағынасын жоғалтып алады. Бұл көбіне табиғат
құбылыстарына байланысты болып келеді.
Мысалы, қар жауып тұр. Күн
шығып тұр. Жүр етістігі ұзағырақ мерзім ішінде үзіліспен болып тұратын не
болып жатқан қимылды білдіреді. Мысалы, жұмыс істеп жүр, көріп жүр т.б.
Мысалы: отырып келді, отырып айтты деген
мысалдарды басқа бір мағынада тұлғасында алсақ,
Жаңа мағынада “отырып қалды” деген күрделі
етістікті қарастыра аламыз. Мағынасы түбегейлі
Достарыңызбен бөлісу: |