«Қазақ қалпы». Түпнұсқада бұл атау «Қаз едік қатар ұшып
қаңқылдаған» деп басталатын өлеңдікі. Ал 1989, 1991 ж. жинақтарда
бұл өлеңнің аты «Қазақ салты» деп өзгеріске түскен. Түпнұсқа
бойынша «Қазақ салты»атты өлеңі «Қалтылдақ қайық мініп еспесі
жоқ» деп басталады. 1989, 1991 ж.ж. жинақтарда соңғы өлең «Қазақ
қалпы» деп аталады. 1922 жылғы нұсқада «Қазақ қалпы» өлеңі бірін-
ші, «Қазақ салты» екінші берілген. Түпнұсқалық қалпына 2003 жылы
келтірілді.
«Қазақ салты». Осы өлеңдегі «Жақынмен ыуылдастық ит-
тей үрдік» деген тармақтағы «ырылдастық» деген сөз «Ақ жолда»
«араздастық» деп өзгертілген. Бұл сөз түпнұсқадағы қалпына 2003
жылы түзетілгендіктен, осы жинақ негізге алынды.
«жиған-терген». Түпнұсқада «Мақтады ұлық – болды мәз!» де-
ген тармақтағы «ұлық» деген сөзге А.Байтұрсынұлы «ұлық – хакім»
деген түсінік берген. Түпнұсқада сонымен қатар «Арендаға алып па»
деген тармақтағы «арендаға» деген сөзге де автор «жалдауға» деген
сілтеме берген. Ал бұл түсініктер 1989, 1991 жж. жинақтарда негізге
алынбаған.Түпнұсқадағы «Жан-жақты бұлт торлады» деген тармақ
1989, 1991 жж. жинақтарда «Көкті бұлт торлады» деп өзгеріске
түскен. Түпнұсқадағы: «Қазағым, елім, Қайқайып белің» деген тармақ-
тағы «қайқайып» деген сөз «Ақ жолда» (79-б.) «қайқиып» деп
өзгерген. Осы келтірілген тармақтың соңына жұлдызша қойылып,
сілтеме түрінде: «Соңғы 8 жол өлең төңкерістен бұрын шыққан
«Масаларда», цензура рұқсат етпегендіктен басылмаған. А.Б.» де-
ген түсінік берілген. Бұл түсінік 1989, 1991 жж. жинақтарға енбей
қалған. Және 1989 ж. жинақта: «1922 жылғы Қазаннан шыққан ба-
сылымында:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш, көзіңді, оянып!
Қанған жоқ па, әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың? –
деп келетін 8 жол өлең қосылыпты» деген түсінік берілген (311-б).
«Ақ жолдың» алғысөзінің авторы да осындай түсінікті өз атынан бер-
ген. Өзгерген тұстар түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |