А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет54/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Ауыстыру. Сөздің көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге 
мағынада жұмсаймыз. Арасында түк ұқсастық жоқ екі нәрсенің 
ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды екіншісіне ауыс-
тырып айтамыз. Мәселен, «күн құтырып кетті», «аяз қарыған», 
«қырау соққан» дейміз. «Құтырып кетті», «қарыған», «соққан» 
деген сөздер нақ өз мағынасында емес, өзге мағынада айты-
лып тұр. «Құтыру» жанды, есті нәрсенің күйін көрсететін сөз. 
Мына күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер 
ететіндіктен, жанды нәрсенің күйін көрсететін сөз күннің 
күйін көрсетуге ауыстырылып алынып тұр. «Қарыған» деген 
сөз де солай алынып тұр, қарығанда ыссы нәрсемен қариды. 
Аяздың үсіткен жарасы ыссы нәрсенің қарыған жарасына ұқсас 
болғандықтан аяз ғамалына айтылып тұр. Соғудың өз мағынасы 
– бір нәрсені екінші нәрсемен ұру. Қырау бір нәрсеге түскенде 
оны ұрмайды, тек тиеді. Нәрсеге тигендегі келтірген зақымы 
соққаннан болатын зақымға ұқсас болғандықтан, «соққан» 
деген сөз қырау ғамалына ауыстырылып айтылып тұр. Осын-
дай ұқсастығымен ауыстырып, өз мағынасынан өзгелеп айту 
– ауыстыру деп аталады.
Сөз мағынасынан ауыстыру түрліше болады, көбінесе 
ұшырайтын түрлері мыналар:
Бейнелеу
Бір нәрседе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді 
көрсететін сөзбен айту бейнелеу болады. 
М ы с а л д а р:
1. Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп көкке қарап бүлініп тұр.
 (Қырық мысал)


175
2. Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға.
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып тұрар құбылып кел, деп мұнда.
Көл бұзылып, көк шығып қойнын ашса,
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.
 (Алтынсары Ыбырай)
3. Бұл күнде сөйлей берсем, сөз жетерлік,
Білгендер тағылым бар үлгі етерлік.
Кеңестің көзі ашылған бұлағымен,
Ағызып, шұқанақты көл етерлік.
 (Наушабайдың Нұржаны)
4. Науша би, Есенғазы және Тауым,
Сыбанқұл сұңқар еді алған бауын.
Қожамжар Жантемірмен түсін ашып,
Билікке салушы еді омырауын.
 (Сүгір ақын)
5. Атаңыз қиналады кетеді деп,
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп.
Көшкенде көштің көркі көгершінім,
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
 (Шернияз ақын)
6. Мен Қырымның ішінде,
Ақша ханның қызы едім.
Атам менен анамның
Асыранды қызы едім.
Жылқыда шаңқан бозы едім,
Қытай менен Қырымнан
Тәмам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.
 (Ер Тарғын)
7. Дұшпандар тың салмай ма, шабысыңа,
Тұлпардай дүбір шыққан дабысыңа.
Байұзақ, Батырбекпен екі нусың,
От салма, өзді-өзіңнің қамысыңа.


176
Белбеуді бел қышиды шешеріңде,
Жылқы мал тістеспейді өсерінде.
Екеуің орта жасқа келіп қалдың,
Тастама, жұртқа шала көшеріңде.
Бір дұшпан екеуіңді жанып жүр ме?
Жел сөзге арадағы нанып жүрме!
Басын тарт, тұлпарыңның керістірмей,
Сауырын зорықтырып алып жүрме!
 (Мәделі қожа)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет