179
Жаратқан малды Құдай не керекке?
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер, қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма, түрткенге айдап?
Есептен жаңылғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма, деп білмей қайрап.
Мағжанның «Шын айт» деген өлеңі де бейнелеуден ұлғайып,
бернелеуге айналған сөздің түрі болады. Бейнелеу мен берне-
леу арасындағы айырмасын мынадан анық көруге болады.
Бейнелеу мысалы:
Жан еркем, мен жүремін мынау күймен,
Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген.
Сен бір шам, айнала ұшқан мен паруана,
Айналып, аламын деп, отқа күйген.
Мұнда «мен бір шам» дегеннен бастап аяғына дейін бейне-
леу болады. Бейнелеудің тағы бір мысалы:
Отқа ұшар көбелек,
Қарамай сорлы, алды-артын.
Ойына кіріп шықпайды,
Күйдірер,
деп от-жалын
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны,
Күйдірер де тез тынар.
Бұл келтірілген екі мысалдың екеуінде де адам күйінің
көбелекке ұқсастығы айтылады. Ол ұқсастығын қысқалап
айтқанда, бейнелеу болып, ұлғайтып айтқанда, бүтін мысалға
айналып, бернелеу болып кетеді.
«Қырық мысалдағы» мысалдардың, Абай кітабындағы
мысалдардың бәрі бернелеу болады. Қазақтың «бернемен
сөйлейді» деуінің өзі иә «пердемен жасырып сөйлейді» де-
геннен шыққан, иә «бернемен сүгіреттеп сөйлейді» дегеннен
шыққан боларға керек. Бұл екеуінің соңғысынан да алдыңғысы
болуының
ықтималы мол, үйткені «бернемен сөйледі» деп
180
қазақтар сөздің өз мағынасын жасырып, өзге мағынамен
сөйлегенде айтады. Бернелеу сол мағынасы жасырын сөздің
нағыз өзі.
Бернелеу біткеннің бәрінің лебіз мағынасынан басқа ас-
тыртын мағынасы болады. Бернелеу өте ұзақ болса, айтушы
баяндап береді, иә болмаса ұшығын көрсетіп қояды. «Қырық
мысалдағы» және мысалдардың көбінде-ақ бернелеудің астыр-
тын
мағынасынан баяндауы, шешуі бар. Жоғарыда айтылған
Мағжан бернелеуінің де аяғында мынадай баяндауы бар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық.
Анау жарық, алтын деп,
Көрінгенге шаппалық.
Жолымен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда
Күлден кебін киерміз.
Жоғарыда көрсетілген «Адамдық диқаншысы»
деген сөз
бернелеудің астыртын мағынасының ұшығын көрсету бола-
ды. Шетін сездірген соң, ар жағының бәрі түсінікті. Берне-
леу шығарманың неғұрлым лұғаты жайнақы, ойнақы келсе,
әдемі болып шығады. Лұғатында жайнақылық, ойнақылық кем
болса, бернелеу әдемі сөз болмай, әншейін сөзге айналып ке-
теді. Әсіресе бернелеу әншейін сөзге
айналып кететіні лұғат
жағының толық болуына назар салмай, тек бейнелеу, ұқсату
жағына ғана ілтипат еткенде болады. Әдемі бернелеуге қоятын
сын мынау түрлі болуы керек.
Бернелеудің астарын қоя тұрып, өң жағын алғанда, астыр-
тын мағынасын қоя тұрып, лебіз мағынасының өзін алғанда
жолы қанша? Ұқсастығының сәйкестігі қанша? Дәл келе ме?
Болмаса, июмен,
бұраумен келіп, әдейі бернелейін деген ни-
еті көш жерден көзге түсіп тұра ма, я болмаса ұқсастығы өте
алыс, көруге тым қараңғы ма? Егер де бернелеудің шешуі бар
болса, онысының қажеті қанша? Керек болған халде өте ұзын
емес пе? Ақылды ғана қанағаттандыра ма, болмаса көңілге
иә қиялға тиісті сыбағасын да бере ме? Бернелеудің өзі бол-
сын, баяндауы болсын, лұғаттың өте жинақы, ойнақы келгенін
181
жақтырады. Бернелеудің өзінің де, баяндауының сынына үлгі
болуға жарарлық «Қырық мысалдағы» «Иттің достығы» деген
сөз жоғарғы айтылған сынмен сынағанда мұның өз басынан да,
баяндауынан да сын табылмайды. Мұнда бернелеуге керек бо-
латын лұғат жайнақылығы да, лұғат мағынасын қойып, тысқы
лебіз мағынасын алғанда да иттің мінезін дұрыс сүгіреттейтін,
тыңдауға тұрарлық сөз болып шығады:
Достарыңызбен бөлісу: