А. Байтурсынов 1-том final indd


Меңзеу Көрнекілеудің өзі бірнеше түрге бөлінеді:  теңеу



Pdf көрінісі
бет53/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Меңзеу
Көрнекілеудің өзі бірнеше түрге бөлінеді: 
теңеу. Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға 
жарағанмен, нәрсенің бернесін сүгіреттеп көрсетуге күші жет-
пейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, бел-
гісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ 
көрсетеміз.
М ы с а л: 
Таулардан бұлақ ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, құйын соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.
.................................................................
Шапақтан бұлты шығар мұнарланып,
Жаңбырлы күндер түсер тұманданып.
Адамзат нұр ауасын судай жұтар,
Шөл тартқан хайуандарша құмарланып.
..........................................................
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
 (Алтынсары Ыбырай)
Теңеудің неше түрлері ескі өлеңдерде көп кездеседі. Ер 
Тарғынның Тарланына айтқан сөзінің ішінде мынадай теңеу 
бар:


173
1. От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар оқтаудай.
Жауырыныңа қарасам,
Сыпыра шапқан тақтайдай.
Құйрығыңа болайын,
Қынаптан шыққан қанжардай.
Жалыңа сенің болайын,
Күлтеленген жібектей.
Шықшытыңа болайын,
Оралып жатқан түбектей.
Құлағыңа болайын,
Көлге біткен құрақтай!
Қабағыңа болайын,
Қара албасты қабақтай.
Бауыздау жеріңе болайын,
Піскен алма сабақтай.
Екі көзіңе болайын,
Қорықтан жанған шырақтай.
2. Астына мінген Тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан,
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан 
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
3. Бұқар барсаң құлан бар,
Құлаңды көр де, шашым көр.
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар.
Түймені көр де, басым көр.


174
Теңеу екі түрлі: 1. Әншейін теңеу; 2. Әдейі теңеу. Екеуінің 
арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу – әдетті теңеу бола-
ды. Мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі 
«удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер.
Әдейі теңеу жоғарыда келтірілген мысалдардағы теңеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет