А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет120/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

5. сұқтаныс. Сұқтану деп бір нәрсеге артықша назар 
түсуін айтамыз. Адам сұқтанғанда, жақсы нәрсеге сұқтанады, 
жаман нәрсе қаншама ұлы болып, адамның назарын түсіріп, 
таңдандырғанмен, сұқтандырмайды. Ұлы болсын, ұсақ болсын 
бір жақсы нәрсеге сұқтанамыз. Ол жақсы нәрсе табиғат ісінің 
жүзінде де, адам ісінің жүзінде де болады. Солай болған соң, 
сұқтаныс толғауда көбінесе ғаламның ұлылығы, табиғаттың 
сыры, шеберлігі, сұлулығы, адам ісінің де сұқтанарлық
ұлылары, жақсылары, көркемдері сөз болады. Өмір мен өлім, 
жақсылық пен жамандық сияқты нәрселердің мән-мағынасы 
турасындағы толғаулардың көбі де сұқтаныс табына кіреді. 
Сұқтандыратын нәрселердің көбі-ақ тек сұқтандырып қоймай, 
адамды ойландырады, қиялдандырады, сондықтан түбіріндегі 
толғаулардың көбі таза толғау болмай, байымдамалау, ойла-
малдау болып келеді. 
Жоғарыда айтылған нәрселер турасында байымдау даналық 
(пәлсапалық) байымдауы болып шығады.
6. Ойламалдау. Көңіл ырза болмаудан наразылық туа-
ды. Наразылық мұңға айналады. Мұңнан ой, қиял тербе-
неді, сүйтіп, көңіл ырза болмағандағы шығатын толғаулар 
жалғыз көңіл күйінің сөзі болмай, ой, қиял қатысып шығады. 
Сондықтан мұңды толғаулар ойламалдау деп аталады. Көңілдің 
ырза болмайтын нәрселері – түрлі жамандықтар, кемшіліктер, 
міндер. Адам қауымында жасалған адамшылық үлгі болады. 
Адамның ісі сол адамшылық үлгімен пішіліп, тігілмесе, адам 
қауымына ерсі, жаман мін болып көрінеді. Адамның көбі-ақ 
ол үлгіден алыс болады. Біреулер үлгімен істеу қолынан кел-
мегендіктен алыс болады, біреулер тіпті адамшылық үлгіні 
керек қылмағандықтан алыс болады. Қолынан келмегендіктен 
алыс болу кемшілік болады. Керек қылмай, адамшылық үлгісін 
аяғына басу жамандық, айып болады. Еңбек, шаруашылық, 
тағысын тағылардың бәрінде де бар. Оның үстіне, әр ақынның 
өз адамшылық үлгісі де болады. Өз үлгісіне тура келмейтін іс-
терді де ақын теріс көреді. Жамандыққа, кемшілікке, мінге са-
найды. Өз үлгісі болсын, өзгенікі болсын, әйтеуір адамшылық 
үлгіге теріс келетін істі ақын айтпақшы. Айтқанда, жай ақыл 
түрінде айтып, даттайды да, үгіттегенде иә даттағанда, бүтін 
елдің, жұрттың басындағы мінін, кемшілігін, жамандығын 


337
көрсетіп те айтады; бір адамның басындағы мін, кемшілік, 
жамандықтарын көрсетіп те айтады. Үгітті бүтін жұртқа айтса 
да, бір адамға айтса да үгіт болады. Сөгіс бір адамға бастап 
айтылғанда, масқаралау (әлемдеу) болады да, жұртқа қастап 
айтқанда әшкерелеу (даттау) болады.
Әшкерелеу де, масқаралау да екі түрлі болады. Жай сөгіс 
әшкерелеу бар, күлкі қылып әшкерелеу бар. Масқаралау да сон-
дай. Жай жамандап масқаралау бар да, күлкі қылып масқаралау 
бар. Жамандық адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, рен-
жітеді. Кемшілік пен мін адамның күлкісін келтіреді. Осыған 
қарай толғаудың ойдамалдау түрі көбінесе не сөгіс толғауға не 
күліс толғауға айналып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет