А.Қ. Бекболғанова жаңа педагогикалық технологиялар оқу құралы талдықОРҒан 2013


ҚАЗIРГI ӘЛЕМДЕГI БIЛIМНIҢ НЕГIЗГI ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ



бет15/19
Дата02.03.2020
өлшемі326.12 Kb.
#448068
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
18.jana (1)

7. ҚАЗIРГI ӘЛЕМДЕГI БIЛIМНIҢ НЕГIЗГI ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ



Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі - білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді. Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді», деп атап көрсеткен болатын.

Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог - новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама - қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Педагог - инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс- әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі - саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі.

Қазіргі жағдайда инновациялық үрдістер, жылдам басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді тәжірибелік және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда, мектепте жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.

Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық үрдістер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.

Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық үрдістер білім беруді және мектептегі оқу үрдісін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық үрдістерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.

Еуропалық білім кеңістігіне ену - қазіргі кезеңнің басты шындығы, уақыт талабы. Жоғары білім беруде біз Болон үрдісіне ендік. Жалпы еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр. Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі

«бакалавр – магистр - доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор)» білім беру жүйесіне көштік. Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды.

Қоғамдық даму динамикасы екпiндi дамып келеді. Адамдардан меңгеру және жинақталған тәжірибені өз тiршiлiк әрекетiнің шартына қолдану қабілеттілігі ғана талап етілмейді, сонымен қатар қалыпсыз жағдайларда әрекет ету, қатерге дайын болу талап етіледі. «Бүгінгі күні сәби болу және есею қиындап келеді, себебі әлеуметтендіру және өмір сүру шарттары импульстi, тұрақсыз және шексiз болып келеді.».

Қазiргi бiлiмнiң бағыттарын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму бағыттарын ерекшелеуге болады, олар:



    • «Білім - үйрену» парадигмасының «білім - қалыптасу» парадигмасына ауысуы.

    • Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.

    • Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.

    • Үйренудi бiртiндеп жекелендіру.

    • Үйрену диверсификациясы. Диверсификация жаңа білім мекеме- лерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты. Білім алушыларды

қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады.

    • Ғаламданудың бүкiләлемдiк үрдістерімен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап тұжырымдар және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде білімгерлермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады.

Қазiргi мектептегі бiлiм беруде, қашықтан оқытуды дамытуда жаңа технологияларды, интернет - технологияны қолдану үрдісін белсендендіру. Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс құзырлардың бес негізгі топтарын анықтады (құзырлық талаптарды iске

асырудағы Болон үрдісінің талаптары бойынша), олар:



    • саяси және әлеуметтік: (бiрлесіп шешiм қабылдауға қатысу,өзіне жауапкершілік алу )

    • көп мәдени қоғамдағы өмірге қатысты құзырлар (айырмашылықтарды түсiну, өзара сыйласу, мәдениеті, тiлі, дiні басқа адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі)

    • ауызша және жазбаша қарым - қатынасты меңгеруге қатысты құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры

    • ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құзырлар, (электрондық құзырлар).

    • өмір бойы оқи білу қабілеттілігі - кәсiби дамуда, сонымен бірге жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалудың негізі.

Электрондық құзыреттілік, олар:

    • Болон үрдісімен талап етілетін өзгерiстердiң қажеттi бiр бөлiктерi.

    • Оқытудың жаңа жолының мақсаты - электрондық технологияларды қолдануға негiзделген оқытушылар мен білімгерлерді оқытудың инновациялық сценарийларына тарту (e-learning)

21 ғасырдағы білім алу үрдісіне жасалған ЮНЕСКО болжамы төмендегідей мәселелерді көрсетеді:

    • күндізгі оқу уақыттың 30 40 % алады

    • қашықтан оқыту 40% алады

    • қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады Бағдарламаларды құру құралдарына тоқталсақ, оларды төмендегідей

түрде жіктеуге болады:

    • Күнделікті қолданылатын құралдар: Word, PowerPoint; Imaging

т.с.с.

    • Күнделікті интернет құралдар: Websites/HTML, Forum, Chat,

Muds/Moos (formerly), Newsgroups; Blogs, WIKIs, Podcasts т.с.с.

    • Web редакторлар: Hefs т.с.с.

    • Аннимация жасау: Flash, т.с.с.

    • CBT/WBT Authoring Tools(CBT – компьютерді қоданып оқыту, WBT - Web технологияны қолданып оқыту ): Director т.с.с.

    • Арнайы құралдар: Adobe Presenter, Camtasia for Screen - and Podcasts

    • Кіріктірілген оқытатын платформалар.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.

Білім саясатының өзекті мәселелері кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу - тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық - компьютерлік іс-әрекетінің тәжірибелік сұранысы артуда. Қоғамдық үрдістегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі мәселесі аса назар аударуды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет