А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет107/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   222
1679742366435 (2)

Использованная литература: 
1. 
Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан» от 11 июля 1997 
года №151 
2. 
Государственная программа по реализации языковой политики в Республике 
Казахстан на 2020–2025 годы
от 31 декабря 2019 года
№ 1045 
3. 
Модель развития дошкольного воспитания и обучения от 15 марта 2021 года № 137 
4. 
Программа «Рухани жаңғыру»от 12 апреля 2017 года 
Л.Е. Кистауова
Теміртау қаласы, «Ақтілек» КМҚК бөбекжайы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ
ІТ ҚОЛДАНУ
Балабақша – барлық білімнің бастауы. Дәл осы кезеңде бүлдіршіндердің өмірлік таным 
– түйсігі қалыптасып, үлкен өмірге дайындығы жүзеге асырылады. Сол себепті сапалы білім, 
саналы тәрбие беру қоғамның алдында тұрған үлкен міндет. 
Заман ағымы көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқандығын алға тартатын болсақ, 
ақпараттық кеңістіктіктегі озық үлгілерін білім беру жүйесіне сәтті қолдану өзінің жемісін 
беретіні анық.
Балабақшадан бастап сауат ашу, темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс дағдылары 
қалыптастырылып, балаларды бастауыш сынып оқушысы болуға дайындайды. Сол себепті, 
инновациялық технологияларды қолдана отыра, балабақша тәрбиеленушілерін заманауи 
үлгіде оқыту мен тәрбиелеу өзінің тиімділігін байқататыны анық.
Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру үрдісінің басым бағыттарының бірі – білім беру 
жүйесін ақпараттандырып, әдістемелік және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету


187 
оқыту мен тәрбие берудің психологиялық – педагогикалық мақсаттарына негізделген 
заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану болып табылады.
Инновациялық технологиялардың негізінде оқу – тәрбие үрдісінің сапасы мен 
тиімділігін көтеру, пәнаралық байланыстарды тереңдету, танымдық іс – әрекет белсенділігін 
көтеру, қажет ақпараттарды іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту жүзеге асырылады. 
Сонымен қатар компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдалана 
отырып, балаларды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық 
мәдениетті қалыптастыру жұмыстары да қатар жүреді. [1, 309 б.]. 
Мектепке дейінгі білім беру барысын ақпараттандыру және жаңа ақпараттық 
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту 
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі 
мен сапасын жоғарылату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен 
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық 
оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік 
оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық 
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті 
тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын 
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 
Инновациялық технологиялар әрбір жеткіншектің білім беру үрдісінде шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Ақпараттық – коммуникациялық 
технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның 
мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие 
болып отыр.
Білім берудегі мультимедия – таным үрдісінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім 
беру мазмұнын интерактивті нысанда ұсынатын, дидактикалық аппараты – бағдарламалық 
құрал. Мультимедиялық бағдарламалық құралдары – интерактивті жағдайда әр түрлі типті 
ақпараттарды дайындау, өңдеу, ұсыну, біріктіру секілді іс – әрекеттерді жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары.
Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды, сөзге шебер, 
шешендікке бейім, тіл құдіретін түсінетін адамдар қатарын көбейту үшін жас ұрпақтың 
сөйлеу тілі мен дүниетанымын кеңейтіп, от ауызды, орақ тілді шешендеріміздің өнерін 
үйрету қажет. Балабақша бүлдіршіндеріне қазақ тілі пәнін игерту барысында ұлттық 
құндылықтарымызды дәріптеп, өздеріне сенімді, тілге деген ықыластары ерекше, 
сүйіспеншіліктері басым тұлға тәрбиелеу ең басты мақсат.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі 
заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап – ақ өлең – жыр, әңгіме, ертегі, 
тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған.[2, 41 б.]. 
Көненің көзін ұмыту әсте болмайтыны мәлім. Қазақ тілін терең игерту барысында 
ұлттық құндылықтар кенже қалмауы тиіс. Жаңашылдықтың жаршысы бола отыра, 
инновациялық технологияларды өткен тарихпен сабақтастыра отыра, өзара ұштастыру
халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін тың технологиялар көмегімен түрлендіру өскелең 
ұрпақ бойына ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастырып, сонымен қатар қазіргі қоғамға ерте 
жастан бейімделуге негіз болмақ.
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы ұғымдар арқылы жүзеге асады. Ал ұғымның пайда 
болуы санада өтетін пайымдау әрекетінің нәтижесі. 
Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам 
аласынан сөз аласы жаман, от шалысынан, сөз шалысы жаман» дегенде ана тілінің байлығын 
бағаламай, туған тілде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап, қынжылып 
айтса керек. Тіл тазалығы дейтініміз, - дейді А.Байтұрсынұлы, ана тілдің сөзін басқа тілдің 
сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу»[3, 151 б.].


188 
Өкінішке орай, бүгінгі таңда тіл тазалығы бұзылып, өз тілінде сөйлей алмайтын 
бүлдіршіндер қатары көп. Бұл әрине, ең алдымен отбасылық қарым – қатынасқа тікелей 
байланысты екенін жақсы білеміз. Дегенмен, мектепке дейінгі білім беру барысы бұл 
олқылықтың орынын толтырып, ана тілінде сөйлеу қабілетін арттыруды алға мақсат етіп 
қояды. Мен қазақ тілі мұғалімі ретінде кішкентай бүлдіршіндер тіл үйренуге тез бейімделіп, 
кез – келген ақпаратты дереу игеріп әкететіндігін алға тартқым келеді. Әсіресе, 
инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану қашан да өзінің жемісін байқатады.
Оқудың, жазудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру – күрделі психофизиологиялық 
әрекет. Ол жалпы сөйлеу тілінің дамуымен қатар психофизиологиялық әрекеттердің, яғни, 
фонематикалық есту қабілетінің, дыбысты дұрыс айтуының, көру, кеңістікті бағдарлау, 
қолдың ұсақ бұлшық етінің дамуына, зейіннің керекті деңгейде дамуына әсер етеді. Олай 
болса, оқу мен жазу тілдік әрекеттің бірлігі ретінде мынадай құрылымнан тұрады: есту, 
артикуляциялық, көру және қимылдық қабілеттерін дамыту. Есту қабілетін дамытуға 
қоршаған ортадағы әр түрлі дыбыстарды, мәселен, жапырақтың сыбдыры, қоңыраудың 
шылдыры, т.б. ажырату, не болмаса сиыр, мысық, т.б. қалай дыбыстайды, әр түрлі дыбыс 
шығаратын заттарға, мысалы, ұшақ, машина секілді еліктеп дыбыс шығару, т.б. 
жаттығуларды пайдалануға болады. Артикуляция мүшелерінің қимыл – қозғалысын 
дамытуға арналған жаттығулар: ерінмен түтікше жасау, жымию, тілді жапырақ, жіңішке етіп 
ұстау, жоғары – төмен көтеру, оңға, солға қимылдату, таңдайға соғып тақылдату, т.б. 
Дыбыстарды дұрыс айтқызу үшін артикуляциялық аппаратты дайындап, дыбыстың дұрыс 
айтылуын анықтап, оны сөзде сөйлемде айтуға машықтандыру үшін сол дыбыс кездесетін 
жаңылтпаш, тақпақтарды пайдаланудың рөлі зор. Көріп қабылдау және кеңістікті 
бағдарлауын дамытуға арналған жұмыс барысында затты толық мөлшерде көріп есте 
сақтауын қалыптастыру, заттың бөлшегін бөліп қарау, екі затты салыстыруға, заттарды 
ретімен орналастыруға үйрету жаттығулары негізінде жүзеге асырылады. Мұндай 
жаттығуларды орындатуда заттармен қатар, геометриялық фигураларды, таяқшаларды, қағаз 
жолақшаларды, табиғи заттарды қолдануға болады. [3, 12 б.]. 
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы дайындық кезеңде жүргізілетін жұмыстардың 
мейлінше сапалы болуына байланысты. Демек, сауат ашуға дайындық жұмыстары, дұрыс 
ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге басты назар аударылады. Бұл кезеңдегі жазудың мақсаты 
– оқушылардың қолының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық 
дағдылар қалыптастыру болса, оқу – ақыл – ой қабілетін дамыту, логикалық ойлауды 
жетілдіру, таным – түйсіктерін арттыру болып табылады.
Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі. Егер баламен жақын боламын десеңіз, оның 
жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Біз бүлдіршіндердің бойына қандай қасиеттерді дарытатын болсақ, болашақта ол айна 
қатерсіз көрініс табады. Сол себепті өскелең ұрпақ бойына бар игі қасиеттерді сіңіруіміз 
қажет. Әсіресе, қазақ тілін қастерлеуге, оның қадір – қасиетіне терең үңіліп, еркін сөйлеуге, 
өз ойын еркін жеткізуге баулуымыз қажет. Ел ертеңі – балабақшадан бастау алады. Саналы 
ұрпағымыз көп болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет