199
күрделі сезімдер осы кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан балаларды отансүйгіштікке,
адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу балабақша қабырғасынан бастау алғаны жөн.
Патриоттық тәрбие мәселесінің тарихын зерттеу Ыбырай Алтынсарин шығармаларының
өзекті тақырыптарының бірі. "Өзен", "Жаз" деген өлеңдерінде табиғат көріністерін суреттей
отырып, елін, жерін, Отанын сүюге шақырады. Ал «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Жаман
жолдас», «Асыл шөп», «Мейірімді бала», «Мақта қыз бен мысық»
әңгімелері арқылы жас
ұрпақты еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, талапты болуға тәрбиелейді. Оның бұл
педагогикалық қағидалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.
Балабақшадағы мектеп жасына дейінгі өзге ұлт балаларына қазақ тілін тиімді де
қызықтыра отырып үйрету үшін жаңа әдістер мен инновациялық технологияларды өз
тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Бұл білім сапасын арттыруда жетекші орында тұр.
Ыбырай Алтынсариннің
әдеби мұраларымен таныстырып, өлеңдерін жаттатып,
әңгімелерін драматизациялауда мектеп жасына дейінгі балалармен де, ата-аналармен де
қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың, интерактивті байланыс құралдарының бірі
- QR кодтары белсенді қолданамын.
Білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану
уақытпен қатар жүруге және білім беру кеңістігін ашық етуге мүмкіндік береді. QR (Quick
Response "жылдам жауап" деп аударылады) кодтар - бұл миниатюралық медиа. Бұл деректер
ақ және қара квадраттар түрінде арнайы бағдарламалар немесе қызметтер арқылы кодталады
(басқа түстерде де жасалуы мүмкін).
QR-код технологиясының көмегімен әр уақытта осы технологияның жаңалығын бере
отырып, ата-аналардың үйде балаларымен бірге
ұлы жазушының өмірі мен
шығармашылығымен танысып, балалар өлеңдері мен әңгімелерін тыңдап, оларды жаттауға
ұсыныс беріледі. Үй жағдайында ата-ана бұл технологияны қалай қолданады? Ол үшін QR
код орнатылған бағдарлама бар смартфонның камерасын кодқа апару керек. Бағдарлама
кодты ашады, содан кейін қажетті материал ашылып, қарастырылған
белгілі бір әрекет
орындалады. Бұл кез-келген телефоннан, гаджеттен қол жетімді заманауи байланыс
форматы. Ақпаратты алу үшін ата – аналарға тек ғаламтор мен кіру кілтін пайдаланса
жеткілікті. Ата-анамен жұмыс жасау кезінде QR кодын пайдаланудың артықшылықтары көп:
a) педагог пен отбасының өзара байланысы үшін жағдай жасайды;
б) ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттырады;
в) ата-аналарды білім беру процесіне тартады.
Ыбырай
Алтынсаринің
әдеби мұралары күні бүгінге
дейін
өзінің тәрбиелік мәнін жойған жоқ.
Жоғарыда айтып өткендей, ұлы
ағартушының шығармаларына тән
нәрсе
–
еңбекқорлыққа,
Отанын сүюге, білімді болуға, әділетті болып өсуге баулитын тәрбие
мәселесі. Сондықтан, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұраларын
мектеп жасына дейінгі балаларға насихаттауымыз керек.
Халықта
«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
деген мақал бар. Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан
200
бүгінгі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Алтынсарин
шығармаларының пайдаланудың берері мол.
Достарыңызбен бөлісу: