А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Бірінші блок: «Қазақша сөйлейік»



Pdf көрінісі
бет179/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   222
1679742366435 (2)

Бірінші блок: «Қазақша сөйлейік» Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін 
үйрету мәселелерінде ата-аналар мен педагогтардың педагогикалық мәдениетін арттыруды 
көздеп, тілдің үй жағдайында баламен қолданыста болуына жағдай жасау үшін өтпелі 
тақырыптарға сәйкес бейне-сабақтар мен ойындар жинақталды;
Екінші блок: «Білгенге маржан» Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-
қатынасты орнатып, қазақ тілін үйрену үшін күш-жігер біріктіру және мектеп жасына дейінгі 
балаларды қазақ халқының ұлттық бастауына тартуды көздей отырып, балаларды қазақ 
халық фольклорының кіші түрлері: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, өлең-тақпақтар, 
ертегілерді таныстыру және есте сақтау үшін мнемотехника әдісі қолданылды;
Үшінші блок: «Кел, ойнайық!» Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және 
шығармашылық әлеуетін дамытуға, педагогикалық процестің барлық қатысушылары 
(педагог- бала-ата-ананың) диологтық қарым-қатынасын орнатуға бағытталып, мұнда 
ойындар, музыкалық сергіту сәттері, санамақтар жинақталды. 
Төртінші блок “Ертегі сыр шертеді” Балаларды туған өлкесінің мәдениетімен халық 
ертегілері көмегімен таныстыру, баланы рухани-адамгершілік тәрбиесі аясында ата-аналар 
мен педагогтардың кәсіби құзіреттілігін көтеруге бағытталып, қазақ ертегілерімен 
таныстыру үшін электронды, аудио ертегілермен қатар қазақ ертегілерінің желісімен 
түсірілген мультфильмдер жинақталды; 
Бесінші блок: «Ақпараттық-кеңестік» Мектепке дейінгі ұйымның педагогтары мен
ата-аналарға педагогикалық және кеңестік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында, бұл 
блокқа: буклеттер, буктрейлер, ата-аналарға арналған кеңестер жинақталды. 
Алтыншы блок: «Театрлизация» театрландыру қойылымдары арқылы қазақ тілін 
үйрену, балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге 
баулу, шығарманың мазмұнын түсініп, рөлге бөліп ойнауға дағдыландыру. Бөбекжайымызда 
өткізілген іс-шаралардан, ата-аналардың үй жағдайында өз балаларымен тіл үйрену атқарған 
бірқатар бейне-есеп беретін материалдары бар.
Біздің виртуалды энциклопедияда жинақталған материалдарды білім беру үдерісінің 
барлық қатысушыларына қолдануға өте тиімді және нәтижелі, өйткені біз ұсынған 
презентациялар, бейне-сабақтар, музыкалық сергіту сәттері жаңа материалды меңгеруіне 
және алған білімдері мен коммуникативтік дағдыларын нығайтуға көмектеседі. 
Мультимедиялық презентациялар жарқын бейнелер арқылы ақпаратты қабылдау, көру және 
есту сақтау просецін жеңілдетеді, өйткені олар динамиканы, дыбыс пен бейнені біріктіреді,
қабылдаудың екі маңызды мүшесі (есту мен көру) бір уақытта әсер ету арқылы бала назарын 
ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі. Ал, осының барлығын бала өзі үлгі тұтатын тұлғалары ата-
аналарымен бірге қарап, үйренетін болса нәтиже де жоғары болмақ. 
Қорыта келе, «Ұшам деген қанатқа-дүние кең»- дегім келеді, өйткені заманауи білім 
беру кеңістігінде баланы дамытуға, балаға білім беруге арналған әдіс-тәсілдер өте көп. Әрбір 
ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда, баланың тіл үйренуге қызығушылығын 
арттыруда - түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, тіліміздің 
мәртебесін көтеру жолында еңбек етсе, нәтижеде көп күттірмес еді. Өйткені біздің 
болашағымыз бүгінгі біз білім беріп жатқан балалардың қолында, демек еліміздің, тіліміздің 
тағдыры да осылардың қолында.
Ата-аналармен жасалынған жұмыстардың нәтижелерін мына 
берілген QR- кодты сканерлеу арқылы көре аласыздар. 


312 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет